https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Жоба


5 сайланған Бейнеу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ


2013 жылғы 25 қараша №18/ Бейнеу селосы


Ақжігіт селолық округінде бөлек

жергілікті қоғамдастық жиынын

өткізу және жергілікті қоғамдастық

жиынына қатысу үшін ауыл, көше,

көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары

өкілдерінің санын айқындау тәртібі

туралы қағидаларды бекіту туралы


Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Ақжігіт селолық округінің әкімі әзірлеген Ақжігіт селолық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Ақжігіт селолық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалар бекітілсін.

2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалысын бақылау «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Еламановқа жүктелсін.


2


4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы Аудандық мәслихат

хатшысы


Қ.Тарғынов А.Ұлұқбанов


«КЕЛІСІЛДІ»


Ақжігіт селолық округінің әкімі

_____________________С.Қамысбаев

«___» _____________ 2013жыл.


3

Ақжігіт селолық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалар



  1. Жалпы ережелер


1. Осы қағидалар «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды және Ақжігіт селолық округінің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын (бұдан әрі – Ақжігіт селолық округінің бөлек жиыны) шақыру және дайындау,өткізу, шешім қабылдау және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.

2. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиыны Ақжігіт селолық округінің жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.


2. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын өткізудің жалпы қағидаттары

3. Ақжігіт селолық округінде ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.


4. Қазақстан Республикасының азаматының Ақжігіт селолық округінде ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің аумағындағы тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелу дерегі оның Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынына қатысуына негіз болып табылады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынына жеке қатысады, және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.

6. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдар, сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.


3. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын шақыру және әзірлеудің тәртібі


4


7. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын Ақжігіт ауылдық округ әкiмі шақырады.

Аудан әкiмінің Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын өткізуге жол беріледі.

8. Жергілікті қоғамдастық халқы Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Ақжігіт селолық округінде өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі. 


4. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын өткізу және шешім қабылдау тәртібі


9. Ақжігіт селолық округінде ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің шегінде Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын өткізуді Ақжігіт селолық округінің әкiмі ұйымдастырады.

10. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйден қатысып отырған тұрғындарын және оған қатысуға құқығы бар адамдарды және шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.

11. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиыны оған тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының кемінде он пайызы қатысқанда өтті деп есептеледі.


12. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынын Ақжігіт селолық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берілген тұлға ашады.

Ақжігіт селолық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынының хаттамаларын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады және жиындардың күн тәрібі бекітіледі.

13. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақжігіт селолық округінің әкіміне беріледі.

14. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынының шешімі, егер оған Ақжігіт селолық округінің бөлек жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.


5. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің санын айқындау тәртібі


15. Ақжігіт селолық округінің жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының

5


өкілдерінің саны ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының бір пайызы негізінде анықталады.

16. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Ақжігіт селолық округінің бөлек жиындарына қатысушылардың ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.