girniy.ru 1 2 ... 90 91

Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 21.05.2011 г., № 163-164 (26584-26585), 26.05.2011 г., № 167 (26588); "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы, 10 қыркүйектегi № 425-430 (26823), 1 қазандағы № 472-473 (26865), 15 қазандағы № 497-500 (26892), 21 қазандағы № 505-507 (26899); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 32, 391-құжат




      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық құралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;

      8) «Қозғалуға қиындығы бар бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тiл маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;

      9) «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Мүгедектердi санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      14) «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      15) «Үйде оқитын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      16) «Ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 394 қаулысымен
бекiтiлген

«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жұмыссыздарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) тiзбесi осы «Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген, тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.

      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 15-бабына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi, тiзбелерi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органдардың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде, интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электронды түрде жұмыссыз ретiнде тiркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, шетелдiктерге, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейдi;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң шектi ең көп уақыты бiр өтiнiш берушiге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

      Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мамандардың деректемелерi (Т.А.Ә, кабинет нөмiрi) уәкiлеттi органның ғимаратында көрнекi жерде орналасқан.

      Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органның үй-жайында көрсетiледi. Күту залында отыруға арналған орындар, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ақпарат орналасқан стендiлер, сондай-ақ өртке қарсы қауiпсiздiк құралдары бар. Мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кiреберiсте пандус болуға тиiс.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттар:
      Қазақстан азаматтары – жеке куәлiк (паспорт);
      шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгi;
      оралмандар – оралман куәлiгi;
      2) еңбек кiтапшасы;
      3) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгенi туралы куәлiк;
      4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН);
      5) соңғы жылы алған табысы туралы мәлiметтер (мәлiмдеме сипатында болады);
      12. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет бланкiлердi толтырмай көрсетiледi.
      13. Уәкiлеттi органда қажеттi құжаттардың барлығы тапсырылғаннан кейiн уәкiлеттi органның жұмыссызды тiркеудi және есепке алуды жүзеге асыратын қызметкерi тұтынушының деректерiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк дерекқорға) енгiзедi.
      14. Тұтынушыға тiркелген және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алған күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi туралы хабарлау өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жерiндегi уәкiлеттi органға жеке өзiнiң баруы арқылы жүзеге асырылады.

      16. Жұмыссыз ретiнде тiркеуден, есепке алудан бас тарту қажеттi құжаттар болмаған кезде, жалған мәлiметтер мен құжаттар ұсынған кезде, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.

      Мемлекеттiк қызмет берудi тоқтата тұру үшiн негiздеме жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталуы қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға жәрдемдесетiн мемлекеттiк органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, электронды почтаның мекенжайлары, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефондары, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi органның басшысының атына берiледi.
      Тұтынушы мекенжайлары, телефондары осы стандартқа 5-қосымшада көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдар Әкiмдерiнiң аппаратына жүгiнуiне болады.

      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым, кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның көрнекi жердегi стендiлерiнде көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi, электрондық почтасының мекенжайы, байланыс деректерi осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi осы стандарттың 9-тармағында көзделген жұмыс кестелерiне сәйкес белгiленедi.

      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, почталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптары көрсетiледi.
      25. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz.

«Жұмыссыз азаматтарды тiркеу
және есепке қою» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша

Уәкiлеттi органдардың мекенжайлары мен байланыс деректерi

Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020100, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 akkol_ozsp@mail.ru


8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020200, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020300, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020400, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020500, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020600, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020700, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64 oz_sp.enbek@bk.ru


8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020800, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020900, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online.kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021000, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 soc_zahita_21@kokshetau. online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021100, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021200, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021300, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi


021400, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau. online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

010021, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021600, Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021700, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@kokshetau. online.kz

8-716-36 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

021500, Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33, 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

020000, Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 «а» Sobes_kokshe@kokshetau. online.kz

8-7162 31-92-76, 31-92-78




Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030100, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10 aitekebi_ozisp@mail.ru

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030200, Алға қаласы, Сейфуллин көшесi, 17 alga_zanytos@mail.ru

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030300, Байғанин кентi, Қонаев көшесi, 37 aset2306@mail.ru

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030400, Ырғыз кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 52 irgizsobez@mail.ru

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi


030500, Бадамша ауылы, Патсайы көшесi, 11 «а» kargala_zzsp@mail.ru

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

031000, Қобда кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 47 hobda6161@mail.ru, hobda_sobes@mail.ru

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030600, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесi, 38 kazaevanatalja@mail.ru

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030700, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесi, 2 zhamald@mail.ru

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темiр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030800, Шұбарқұдық кентi, Байғанин көшесi, 13 temir-sobes@mail.ru

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030900, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69 s_nauyrizbaev@mail.ru

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

031100, Хромтау қаласы, Жеңiс даңғылы, 4 hromtay_s@mail.ru

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

031200, Шалқар қаласы, Үргенiшбай көшесi, 13 shalkarsobes77@yandex.ru

8-71335 2-30-11 2-15-77



следующая страница >>