girniy.ru 1 2 3 ... 21 22




  1. БАҒДАРЛАМА КУӘЛІГІ




Атауы


Теміртау қаласының 2011-2015 жж. даму бағдарламасы

Дайындау негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы

Қаланың негізгі сипаттамасы


Теміртау қаласы Қарағанды облысындағы ірі қалалардың бірі болып табылады және Қарағанды қаласымен бірге Қарағанды қала агломерациясының (ҚҚА) ошағына кіреді.

Ошақ – халық тығыздығы шаршы метрге 707,0 адамнан келетін Қарағанды қала агломерациясының жоғары урбандалған зонасы болып табылады. Қала Қарағанды-Астана өсу осінде орналасқан, облыстың жартылай магистралды көлік жолдарын тек қана республиканың солтүстігі және оңтүстігімен ғана емес, сонымен қатар Қытай және Ресеймен байланыстыратын өнеркәсіптік-көліктік түйіннің бір бөлігі болып табылады. Агломерация ошағындағы автокөлік жолдары мен және темір жолдың тығыздығы ең үлкен болып табылады, бұл бизнестің экономикалық белсендігі үшін инфрақұрылымдық жағдайлар туғызады.

Теміртау қаласы өңдеуші өнеркәсіптің жоғары даму деңгейімен – 2009 ж. жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 93,2% – сипатталады. Қалада металлургия саласының кәсіпорындары, құрылыс материалдарын шығару бойынша кәсіпорындар, тамақ және тігін өнімдерін шығару бойынша кәсіпорындар қызмет жасайды. Қала аумағында 2011-2015 жж. аралығында өнеркәсіптің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы аясында 17 жоба іске асырылады, оның ішінде 2-і аймақтық индустриалдандыру картасына енген.


Бағыттар

Бағыт 1: Үдемелі индустриалдандыру негізінде Теміртау қаласының экономикасын дамыту

Бағыт 2: Әлеуметтік сала және адам әлеуеті

Бағыт 3: Қаланың инвестициялық тартымдылығының міндетті алғышарты ретіндегі қала инфрақұрылымын жаңартуды қамтамасыз ету

Бағыт 4: Тұрақты даму қағидаларын жүзеге асыру негізінде қаланың экономикалық кеңістігінің сапасын жоғарылату

Бағыт 5: Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін жетілдіру

Бағдарлама мақсаттары



Бағыт 1: Үдемелі индустриалдандыру негізінде Теміртау қаласының экономикасын дамыту

  • Экономиканы жаңарту және бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту негізіндегі өнеркәсіптік құрылымдық жылжулар

  • Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

  • Туризмді дамыту

  • Сауданы дамыту


Бағыт 2: Әлеуметтік сала және адам әлеуеті

  • Медициналық көмектің тиімді жүйесін қалыптастыру

  • Білім сапасын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

  • Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі

  • Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату

  • Аймақта Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор ретіндегі толерантты тіл ортасын құру

  • Дене тәрбиесі және спортпен жаппай шұғылдану үшін жағдай жасау

  • Мұрағат саласын дамыту

  • Мемлекеттілікті, халық бірлігін нығайту және ұлттың тұрақты дамуы мақсатында қоғам консолидациясын қамтамасыз ету
  • Көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту


  • Қылмыстықпен, оның ішінде оның ұйымдасқан түрлерімен күресу, заңсыз есірткі айналымына және нашақорлыққа қарсы әрекет жасау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қылмыстық қастандықтан қорғау


Бағыт 3: Қаланың инвестициялық тартымдылығының міндетті алғышарты ретіндегі қала инфрақұрылымын жаңартуды қамтамасыз ету

  • Энергетикалық кешенді тұрақты дамыту

  • Сумен қамтамасыз ету және су өткізу жүйесін тұрақты дамыту

  • Көліктік инфрақұрылымды және байланыс қызметтерін дамыту


Бағыт 4: Тұрақты даму қағидаларын жүзеге асыру негізінде қаланың экономикалық кеңістігінің сапасын жоғарылату

  • Тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету

  • Қалақұрушы жобаларды жүзеге асырудың тиімді механизмін жасау

  • Аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту

  • Пайдаланушыларға берілетін жер ресурстары жөніндегі ақпараттың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету

  • Аумақтарды жайластыру және жақсарту арқылы қаланың тартымдылығын жоғарылату

  • Ішкі тұрақтылықты қолдау


Бағыт 5: Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін жетілдіру

  • Қала маслихаты аппараты жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату

  • Қала әкімі аппараты жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату

  • Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту

  • Бюджеттің орындалу сапасын жоғарылату

  • Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін кезең бойынша енгізу

Міндеттер


Бағыт 1: Үдемелі индустриалдандыру негізінде Теміртау қаласының экономикасын дамыту
  • Диверсификацияланудың және бәсекеге қабілеттіліктің өсуін қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымдылықтарға ие секторларын дамыту


  • Шағын кәсіпкерлікті дамыту

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету, міндеттер, шаралар

  • Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру

  • Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру

  • Қалада спорттық және мәдени-танымдық туризмді дамыту

  • Сауда инфрақұрылымын дамыту


Бағыт 2: Әлеуметтік сала және адам әлеуеті

  • Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту

  • Негізгі әлеуметтік мәні бар сырқаттар бойынша жағдайды жақсарту

  • Салауатты өмір салтын ұстану идеологиясын қалыптастыру

  • Денсаулық сақтауда қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту

  • Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қол жетімділігін және сапасын арттыру. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу

  • Медицина мамандарының кәсіптік дайындығын үнемі жоғарылату

  • Мектепке дейінгі мекемелер желісін арттыру және мектепке дейінгі мекемелер көрсететін қызметтер сапасын жақсарту

  • Мектептегі білім беру қызметінің сапасын жоғарылату

  • Электронды оқыту жүйесін енгізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету

  • Педагог мамандардың кәсіптілігін және мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру

  • Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру жеңілдігін қамтамасыз ету

  • Панасыздықтың, қараусыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жетім балалар мен ата-ана қамқорынан айырылған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілерін жанұялық ұйымдастыру

  • Жұмысбастылықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету

  • Әлеуметтік серіктестік аясында облыс кәсіпорындарындағы ұжымдық-келісімдік қарым-қатынастарды дамыту

  • Халықтың аз қамтылған топтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің адрестілігін және тиімділігін арттыру
  • Арнайы әлеуметтік көмек көрсету стандарттарын енгізу


  • Мүгедектер мен ардагерлердің ҮЕМ тұрақты дамуына, сонымен қатар олардың әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуын дамытуға әрекет жасау

  • Мүгедектердің қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін арттыру

  • Мәдениет саласын популяризациялау

  • Этникалық халық топтарының тілдерін үйренуге жағдай жасау

  • Мемлекеттік тілдің қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ету

  • Жалпыға бірдей спортты және дене тәрбиесі мен шынығу қозғалыстарын дамыту

  • Қаладағы жоғары жетістікті спортты дамыту

  • Теміртау қаласының мұрағатында сақталып жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, құрамы мен мазмұнын байыту

  • Этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты сақтау және нығайту

  • Азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік даму стратегиясын жүзеге асыруға ат салысуын кеңейту

  • Баспа және электронды БАҚ арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу

  • Жастарды қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді араластыру

  • Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігінің, денсаулығының, конституциялық құқықтары мен бостандығының қажетті деңгейін қолдау; қылмыстыққа қарсы әрекеттердегі алдын алу шараларын арттыру

  • Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • Қылмыстықпен күресу және қылмыскерлерді іздестіру тиімділігін арттыру, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу


Бағыт 3: Қаланың инвестициялық тартымдылығының міндетті алғышарты ретіндегі қала инфрақұрылымын жаңартуды қамтамасыз ету

  • Электр энергетикасын дамыту

  • Коммуналдық жүйелерді жаңарту және дамыту

  • Тұрғын үй қорын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру

  • Автокөлік жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету

  • Жол қозғалысының қауіпсіздігін жоғарылату


  • Көліктік қызметтерді дамыту


Бағыт 4: Тұрақты даму қағидаларын жүзеге асыру негізінде қаланың экономикалық кеңістігінің сапасын жоғарылату

  • Тұрғын үй құрылысын дамыту

  • Инженерлік коммуникациялар мен инфрақұрылымды дамыту және жабдықтау

  • Қала аумағын тиімді дамыту және онда құрылыстар жүргізу

  • Мемлекеттік қалақұрушы кадастр жасау

  • Атмосфералық ауаны қорғау

  • Су объектілерін рационалды пайдалану және қорғау

  • Жерлерді пайдаланудың тиімділік деңгейін жоғарылату

  • Жерлерді зоналау жобаларын, жерлерді рационалды пайдалану бағдарламаларын, жобаларын және сызбаларын жасауды ұйымдастыру

  • Жер ресурстарын рационалды пайдалану және қорғау

  • Қаланың эстетикалық сипатын жақсарту

  • Техногендік апаттардың, катастрофалардың және стихиялық апаттардың болу қаупін төмендету және келтірілетін зиянды азайту бойынша жағдай жасау


Бағыт 5: Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін жетілдіру

  • Қалалық маслихат және оның органдарының жұмыс істеу жағдайларын жақсарту

  • Қалалық маслихат депутаттарының халықпен қарым-қатынасын ақпараттық жағынан қамтамасыз етуді жақсарту

  • Заңды және жеке тұлғалардың құжаттары мен сұрауларын қарастыру сапасын жақсарту

  • Электронды форматта көрсетілетін әлеуметтік мәні бар қызметтер санын арттыру

  • «Электронды үкіметтің» негізгі құрамдарымен интеграция жүргізу

  • Ақпараттық жүйелерді дамыту және енгізу

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату

  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру және олардың қызмет етуіне әрекет жасау
  • Жергілікті бюджетті орындау және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша мониторинг


  • Бюджетті орындау бойынша мониторинг үрдісі барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігімен, құзырлы органмен, салықтық және басқа да түсімдерді өндіріп алуға жауаптылармен тиімді қарым-қатынас

  • Мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлеміндегі электронды мемлекеттік сатып алулардың үлесін арттыру

  • Көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту

  • Қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті оңтайластыру

  • Бөлінген бюджеттік несиелерді тиімді игеруді талдау, оларды уақытында және толықтай өтеу

  • Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау жүйесін енгізу

Жүзеге асыру кезеңдері

I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру

II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру

Мақсаттық индикаторлар



Бағыт 1: Үдемелі индустриалдандыру негізінде Теміртау қаласының экономикасын дамыту

– 2015 ж. қарай өнеркәсіптік өнім өндірісі көлемінің 2,3 есе артуы, млн. теңге (2009 ж. – 265644,7 млн.теңге)

– 2015 ж. қарай өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің 191%-ға артуы, мың теңге (2009 ж. – 5169,1 мың тенге)

– 2015 ж. қарай негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 42848,2 млн. тенгеге дейін артуы (2009 ж. – 38827,2 млн.теңге)

– 2015 ж. қарай қаланың жүйетүзуші кәсіпорындарының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесінің артуы: тауарларды сатып алудағы үлесі 60% (2009 ж. – 50%)

– 2015 ж. қарай қаланың жүйетүзуші кәсіпорындарының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесінің артуы: жұмыстар мен қызметтерді сатып алулардағы үлесі 90% (2009 ж. – 87%)


– 2015 ж. қарай шағын және орта бизнесте шығарылатын өнім (тауарлар, жұмыстар қызметтер) көлемінің 2%-ға артуы (2009 ж. – 2%)

– 2014 ж. қарай бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындардың (рұқсат алу, лицензия, сертификаттар алу, ақыл-кеңес алу) 30%-ға төмендеуі, уақытша және қаржылық шығындарды есепке ала отырып (2009 ж. - 0)

– Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2015 ж. қарай 106,0%-ға дейін арттыру (2009 ж. – 102,8%)

– Ішкі туризм көлемін 2015 ж. қарай 26105 адамға дейін арттыру (2009 ж. – 16892 адам)

– Кіру туризмі көлемін 2015 ж. қарай 6304 адамға дейін арттыру (2009 ж. – 3839 адам)

– Бөлшек тауар айналымының физикалық көлем индексі 2015 ж. қарай кем дегенде 105,9% болады (2009 ж. –108,6%)

– Көтерме тауар айналымының физикалық көлем индексі 2015 ж. қарай кем дегенде 103% болады (2009 ж. –108,3%)
Бағыт 2: Әлеуметтік сала және адам әлеуеті

– 2015ж. 1000 туғандарға шаққанда бала өлімін 12,0 төмендету және тұрақтандыру (2009 ж. -19,9)

– 2015ж. 1000 тұрғынға шаққанда жалпы өлімді 11,1 төмендету және тұрақтандыру (2009ж.-12,67 1000 тұрғынға)

– 2015ж. тұрғындардың өмір сүру деңгейін 68,1 жасқа дейін жоғарылату (2009-64 жас)

– 2015ж. 1000 босанатындарға шаққанда ана өлімінің көрсеткішін 0,0 төмендету (2009 -0,0)

– Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 2015 ж. - 100% (2009ж.-55%)

– 12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер үлесі 2015 ж. қарай 100% (2009ж.-0%)

– Орта білім беру мекемелерінде электронды оқыту жүйесін пайдалану деңгейі 2015 ж. қарай 50% (2009ж.-0%)

– Педагогтардың жалпы санындағы жоғарғы және бірінші санаттарға ие жоғары білікті педагог мамандардың үлесі – 2015 ж. қарай 43,2% (2009ж.-33,2%)

– Білім беру мекемелерінің жалпы санындағы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру мекемелерінің үлесі 2015 ж. қарай – 26,6% (2009ж.-20%)


– Жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілерінің ішіндегі отбасылық жағдай жасалған балалардың үлесі 2015 ж. қарай – 3,6% (2009ж.-2,5%)

– Жұмыссыздық деңгейі 2015 ж. қарай 3,8% к (2009 – 4,7%)

– Жұмысқа орналасуда көмек қажет ететіндердің ішіндегі жұмысқа орналасқандардың үлесі 2015 ж. қарай 84,5% (2009 – 98,3%)

– Еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналасқан этникалық репатрианттардың үлесі 2015 ж. қарай 55% (2009 – 51%)

– Адрестік әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке жарамды жастағы халық үлесі 2015 ж. қарай кем дегенде 30% құрастырады (2009ж. – 37,5%)

– Мүгедектер мен ардагерлердің қызмет сапасына қанағаттану дәрежесін 2015 ж. 95%-ға дейін жеткізу (2009 – сауалнама жүргізілмеген)

– Әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдардың жалпы санындағы арнайы қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалар үлесі – 2015 ж. қарай 100% (2009 – 100%)

– Мәдениет саласындағы тұтынушылардың көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттану деңгейі 2015 ж. қарай 47% (2009ж. -40%)

– Іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру 2015 ж. қарай 100% (2009 ж. – 55%)

– Тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатқа жету – 2015 ж. қарай 80% (2009 ж. – 50%)

– Дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы халық үлесі – 2015 ж. қарай 25% (2009ж. – 17,5% )

– Дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер үлесі – 2015 ж қарай 100% (2009ж. – 75% )

– Разрядтары бар спортшылардың үлесі – 2015 ж. қарай 24,0% (2009ж. – 17,0%)

– Сұраныстарына жағымды жауап алған мұрағат ақпаратын пайдаланушылардың үлесі - 2015 ж. қарай 93% (2009 ж. – 89%)

– Қоғамдық түсінікте мемлекеттің және мемлекеттік саясаттың даму стратегиясын қолдау деңгейі 2015 ж. қарай 70% (2009ж. – 51,5%)

– Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің қарым-қатынасын дұрыс бағалаған халық үлесі 2015 ж. қарай 45% (2009ж. – 28%)


– Тұтынушылардың отандық ақпараттық өнімдерді қажет ету деңгейі 2015ж. қарай 30% (2009ж. –16 %)

– 14-29 жас аралығындағы халық арасындағы жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі 2015 ж. қарай 7 балл (2009 ж. 10 балдық баған бойынша 7 балл)

– Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің жорамал деңгейі 2015 ж. қарай кем дегенде 50% (2009ж. – 50%)

– Жалпылық қылмыстық істердің жорамал деңгейі (10 мың адамға шаққанда) – 2015 ж. қарай 88-ден артық емес (2009ж. – 86,3)
Бағыт 3: Қаланың инвестициялық тартымдылығының міндетті алғышарты ретіндегі қала инфрақұрылымын жаңартуды қамтамасыз ету

– Орталықтанған жылыту жүйесіне қол жетімділікті арттыру – 2015 ж. қарай 79,6% (2009 ж. –40,8% сәйкесінше)

– Жылу және электр энергиясын тасымалдау барысында нормативті шығындар деңгейін азайту – 2015 ж. қарай 2 есе (2009 ж. – жылудың 23,76 %, электр энергиясының 11,2%)

– Тұтынушылардың коммуналдық қызметтермен қанағаттану деңгейі – 2015 ж. қарай кем дегенде 51,5% (2009 ж. - 48,3%)

– Орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүйесіне қол жетімділікті арттыру – 2015 ж. қарай 93,5% (2009 ж. –90,4%)

– Сумен қамтамасыз ету желілеріндегі нормативті шығындар деңгейін азайту – 2015 ж. қарай 3,4% (2009 ж. - 17%)

– Қанағаттандырарлық және жақсы жағдайдағы жолдар үлесі – 2015 ж. қарай 50,7% (2009ж. – 32,2%)

– Көліктік қызметтер көлемін өсіру – 2015 ж. қарай 10%-ға, жүк айналымы – 36178,7 мың тонна*км, жолаушы айналымы – 122430 тыс. жол.*км (2009ж. жүк айналымы – 32889,7 мың тонна*км, жолаушы айналымы – 111298,5 мың жол.*км)

– Жергілікті телефон байланысын сандық форматқа ауыстыруды 2015 ж. қарай 100%-ға жеткізу (2009 ж. – 82%)

– 100 тұрғынға шаққанда бекітілген телефон байланысы желілерінің тығыздығы – 2015 ж. қарай 29,6 (2009ж. – 28,9)

– 100 тұрғынға шаққанда кең тарапты Интернет желісіне қолдары жеткен пайдаланушылардың тығыздығы – 2015 ж. қарай 38 (2009ж. – 22,6)


– 100 тұрғынға шаққанда Интернетті пайдаланушылардың тығыздығы – 2015 ж. қарай 24,2 (2009ж. – 11,1)

– Аймақтың ЖАӨ құрылымындағы аймақтың АКТ секторының үлесі (2009ж. – 1,14%)
Бағыт 4: Тұрақты даму қағидаларын жүзеге асыру негізінде қаланың экономикалық кеңістігінің сапасын жоғарылату

– 1 адамға шаққанда тұрғын үйді енгізу – 2015ж. қарай кем 0,16 шаршы метр (2009ж. – 0,43 шаршы метр)

– Теміртау қ. Бас жоспарын бекіту 1 бірлік (2009ж.-0 бірлік)

– Ластағыш заттарды атмосфераға лақтыру – 2015ж. 394,629 мың тоннаға дейін (2009ж. – 352,0 мың тонна)

– Ластағыш заттарды су көздеріне ластыру – 2015ж. 187,978 млн.м3 дейін (2009 ж. – 105,932 млн.м3)

– Пайда болуына қарағанда қалдықтарды қайта өңдеу көлемі – 2015ж. 30 % (2009 ж. - 4%)

– 2011-2015 жж. аэродинамикалық жұмыстар арқылы Теміртау қаласының ірі масштабты жоспарын жасау

– Шамдарды орнатуға деген қажеттіліктерді қамтамасыз ету – 2015 ж. қарай 77,4% (2009ж. – 64,6%)

– Көгалдандыруға деген қажеттіліктерді қамтамасыз ету − 2015 ж. қарай 43% (2009ж. – 34,4%)

– Фонтандар салуды және жаңғыртуды қамтамасыз ету − 2014 ж. қарай 8 дана (2009 ж. – жүргізілмеген)

– Төтенше жағдайлар жиі болатын елді мекендерді хабарлау құралдарымен қамту – 2015 ж. қарай 81% (2010ж.-59%)

– ТЖ түрлері бойынша мониторинг өткізу – 2015 ж. қарай 100% (2009ж.-100%)

– Техногендік апаттар, катастрофалар, стихиялық апаттар кезінде эвакуацияны қажет ететін адамдардың жалпы санындағы эвакуацияланған адамдардың үлесі – 2015 ж. қарай 100%(2009ж.-100%)
Бағыт 5: Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін жетілдіру

– Депутаттардың маслихат аппараты көрсететін қызметтердің сапасына қанағаттануы – 2015 ж. қарай 100% (2009ж. -79%)

– Ақпараттық база талаптарын сақтай отырып, электронды форматта көрсетілетін әлеуметтік мәні бар қызметтердің үлесін кем дегенде 50%-ға жеткізу, (2009ж.-5%)


– Әлеуметтік талап етілетін қызметтерді көрсетуге бағытталған интернет ресурстарының санын 2-ге жеткізу («Городская черта» порталы) (2009ж.-0)

– Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату – 2015 ж. қарай 40%-ға дейін (2009ж.-7%)

– Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етулермен жұмыс істеу тәжірибелері бар мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер үлесін 50%-ға жеткізу (2009ж. − 0)

– 2015 ж. билік басындағы әйелдер үлесін 30%-ға жеткізу (2009ж.-20%)

– Әйелдердің орташа жалақы мөлшері мен еркектердің орташа жалақы мөлшерінің қатынасы – 2015 ж. кем дегенде 70% (2009ж.-40%)

– Жергілікті өзін-өзі басқару үрдісіндегі қаланың деңгейі – 2015 ж. 100% (2009ж. − 99,8 %)

– Қаражаттары 100% деңгейінде игерілген бюджеттік бағдарламалар үлесін арттыру (2009ж. - 100%)

– Мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлеміндегі WEB –порталдар арқылы жүзеге асқан мемлекеттік сатып алулардың үлесі – 2015 ж. 100% (2009ж. -22%)

– Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуінің құқықтық және әдістемелік базасын енгізу –2011 ж. 100%

– Нәтижеге бағытталған жоспарлау жүйесіне кезең бойынша ауысу – 2011 ж. 100%


Қаржыландыру көздері және көлемдері


Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншік қаражаттары, қарызға алынған қаражаттар.

Қаржыландыру көлемдері:
2011ж. – 15468,5 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 418,6 млн. тенге;

- областық бюджет – 91,2 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 2005,1 млн. тенге;

- басқа көздері – 12953,6 млн. тенге.
2012ж. – 10219,4 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 394,9 млн. тенге;

- областық бюджет - 0 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 2408,3 млн. тенге;


- басқа көздері – 7416,2 млн. тенге.
2013ж. – 4131,7 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 457,8 млн. тенге;

- областық бюджет - 3,0 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 2025,6 млн. тенге;

- басқа көздері – 1645,3 млн. тенге.
2014ж. – 19096,8 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 488,9 млн. тенге;

- областық бюджет - 0 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 1723,6 млн. тенге;

- басқа көздері – 16884,3 млн. тенге.
2015ж. – 335051 млн. тенге:

- республикалық бюджет – 241,4 млн. тенге;

- областық бюджет - 0 млн. тенге;

- жергілікті бюджет – 1597,3 млн. тенге;

- басқа көздері – 333212,3 млн. тенге.
Барлығы: 383967,4 млн. тенге.



<< предыдущая страница   следующая страница >>