girniy.ru 1

Денсаулық сақтау


Жалпы дәрігерлер санына жыл аяғына емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қорғау мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, кадрлар дайындаумен айналысатын мекемелерде, денсаулық сақтау органдарының аппараттарында және басқаларда жұмыс істейтін жоғары медициналық білімі бар барлық дәрігерлер кіреді.

Жалпы орта медициналық қызметкерлер санына орта медициналық білімі бар емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қорғау мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, балалар үйінде жұмыс істейтін (тіс дәрігерлері – дантистерді қоса) барлық адамдар кіреді.

Аурухана мекемелерінде қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған және аурулар қабылдауға дайын төсек жыл соңында, аурулар бар немесе жоқтығына қарамастан, есепке алуға жатады.

Халыққа амбулаториялық - емханалық көмек көрсететін ауруханалық ұйымдар санына амбулаториялық қабылдау (емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, аурухана мекемелеріндегі емханалық бөлімдер, дәрігерлік денсаулық пункттері және басқалары) жүргізетін барлық медициналық мекемелер кіреді.