https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Демалысқа арналған мекемелер

Театрлар - бұл әдебиет пен өнер туындыларын сахналық қойылымда жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдар. Театрлар жанрлар бойынша опера және балет, музыкалық комедия, драмалық (музыкалық драмалықты қоса), жас көрермендер және қуыршақ театры болып бөлінеді.

Мұражай - мәдени, ағарту және ғылыми функцияларды жүзеге асыруға және материалдық, рухани мәдениет ескерткіштерін зерттеуді, есепке алуды, сақтауды және түсіндіріп таратуды қамтамасыз етуге бейімделген мұражай экспонаттары мен мұражай коллекцияларын сақтау, зерттеу және жұртшылыққа ұсыну үшін құрылған мәдени ұйым.

Мұражайлар санына жекелеген ғылым мен техника салаларында көрсету жетістіктеріне жету мақсаты бар тұрақты жұмыс істеп тұрған көрмелер де кіреді.

Концерттік ұйымдар - дербес баланстағы, сондай-ақ басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың балансындағы филармониялар, концерттік бірлестіктер, концерт залдары және дербес музыка, хор, би ұжымдары.

Клуб үлгісіндегі мәдениет мекемесі - халықтың бос уақытын, халық шығармашылығы ұжымдарының және басқа да клубтық құралымдардың қызметін ұйымдастыратын мәдени-ағарту мекемесі.

Кітапхана - бұл қолда бар ұйымдасқан баспа және қолжазба құжаттары қорын, сондай-ақ графикалық, аудиовизуалдық материалдарын, электрондық таратушылардың құжаттарымен ақпараттық, мәдени, ағарту қызметтерін атқаратын және оларды заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға ұсынатын мекеме.

Кинотеатр - көпшілікке кинофильмдерді көрсетуге арналған үй-жай, ғимарат. Киноқондырғы – кинофильмдерді көрсету үшін жабдықтар кешені. Киноқондырғылар тұрақты (аппаратурасы арнайы жабдықталған киноаппараттық, көрермендер залынан бөлек үй-жайда тұрақты негізде орналастырылған киноқондырғылар) және жылжымалы (аппаратурасы тек кинофильмдерді көрсету уақытысында ғана орналастырылып, бір елді мекеннен екінші бір елді мекенге жеткізілетін немесе бір үй-жайдан екінші бір үй-жайға ауыстырылатын киноқондырғылар).


Фильм – шығармашылық ой негізінде, кез келген нысанда және әртүрлі жанрда құрылған, кинопленкада, магнитті пленкада немесе тасымалдауыштардың басқада түрлерінде басылған және бір-бірімен тізбектеліп байланысқан кадрлар тақырыптың бір тұтас біріктірілген бейнелерден, дыбыстық сүйемелдеуден тұратын және тиісті техникалық құралдардың көмегімен қабылдауға арналған аудио визуалды шығарма.

Парк - ағашты, көкмайсалы алабы бар, табиғи және мәдени-рекреациялық объекті болып табылатын, мәдени демалысты ұйымдастыратын және халық арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізетін кешенді, көп функциялы мәдениет мекемесі.

Хайуанаттар паркі (хайуанаттар бағы) - хайуанаттар паркіне (хайуанаттар бағына) бөлінген, туристердің келуіне ашық алаң.