https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Қазіргі заман мектептердің өсіп келе жатқан жеке тұлғаны қандай бағытта дамытатындығы, жеке тұлғаның танымдық құзыреттілік мүмкіндіктерін аша алуы республикамыздың дамуы мен гүлденуі үшін маңызы зор. Қоғамда, жанұяда және мектепте балаларға қандай жағдай туғызатындығымыз Қазақстан болашағы үшін өте қажет. Мектеп ортасында оқушының жеке тұлғасының дамуы негізгі мәселе болып келді және болып қалады.


Даутова З.Т.

ММ «№6 орта мектеп»

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИЛІГІН ТОЛЫҚ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ.


Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрған баршамызға аян. Сондықтан да мектеп қазіргі уақытта талап етіп жатқан жас жеткіншектерге деген әлеуметтік тапсырысты қанағаттандыруды қажет етсе, бүгінгі мұғалімнің шеберлігі, мәдениеті, психологиялық-педагогикалық жүйеде ғылыми ізденістер басты бағытта болып отыр.

Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім мекемелерінің 3 съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да оларға жүктелген міндет ауыр болады», - деген сөзі еріксіз еске оралады.

Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын оқытып-тәрбиелейтін мұғалімнің шығармашыл, жан-жақты білімді, парасатты, мейірімді, сезімтал, интеллектуалды, мәдениетті, ғылыми зерттеуші, ізденімпаз болуы – заман талабы. Бұл қасиеттерге ие болу үшін мұғалім үнемі ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы тиіс.

Баладан ата – анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам – педагог. Ал жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан педагогтарға үлкен жауапкершіліктер жүктейді. [2]


Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға. Ұстаздың білімділігі, абырой-беделі оның шәкіртінен көрінеді. «Шәкірттің жақсы болмағы, ұстазынан» деп халық тегін айтпаған. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Сондықтанда 2008-2013 оқу жылдарында №6 орта мектептің алдына қойған өзекті мәселесі «Педагогтардың кәсіби шеберлігі арқылы оқушылардың танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру». Осы өзекті мәселені шешуде мектеп ұжымы оқу-тәрбие үрдісін жеке тұлғаның дамуына,танымдық құзыреттілігінің қалыптасуына бағыттады, мұғалімдердің кәсіби шеберлік қабілеттерінің дамуына бейімді жүйе тұғызуына көп көңіл бөліп келеді.. Алға қойған міндеттер мен мақсаттарды іске асыруда мектеп ұжымы оқушы мен мұғалім жеке тұлғасының жан-жақты жетілуі мен шығармашылық қабілеттерінің өсуіне педагогикалық-психологиялық ахуалдарының өте қажет және бұл мәселені зерттеп, оқып үйренуді талап етеді деп шешті.

Бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі мектеп жағдайында мұғалім қандай болуы керек? – деген заңды сұрақ туары сөзсіз. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қастандық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолого-педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.

Мұғалім – мектептің жүрегі. Жүрек қан арқылы тамырларға тіршілік беріп, жан бітіріп тұратын болса, мұғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, әдістемелік құралдарға жан бітпейді, яғни олар мұғалімсіз – жансыз дүние болып қала береді. Сонымен қатар адами қасиеттерін дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше. Мұғалімдер «адам жанының хирургі» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ең алдымен мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіптік мәдениетіне айрықша көңіл аудару қажет. Біріншіден, қай қоғамда болмасын мұғалім сол қоғамның белсенді мүшесі, белгілі бір әлеуметтік топ болып саналады. [3] Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси-экономикалық, рухани өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қала алмайды. Сол қоғам қажеттілігі мен сұранысына, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тәуелді болатыны сөзсіз. Осыған орай оқыту мен оның формалары да жаңғырып, заман талабына сай өзгеріске түсіп отырады. Сол себептен мектеп 2008-2013 оқу жылдары аралығында қалалық өзекті тақырыптан туындайтын «Оқушылардың танымдық құзыреттіліктерінің дамуын қамтамасыз ететін педагогтардың кәсібилігін толық жетілдіру үшін қолайлы жағдай туғызу» деген мәселені шешуді мектеп психологтары ЭТЖ психологиялық қолдау тақырыбын қойды.


Оның мақсаты аралас мектеп жағдайында баланың тұлғалық даму динамикасы, оқушылардың танымдық құзыреттілігінің даму ерекшелігін қамтамасыз ететін педагогтардың кәсібилік дамуын педагогикалық-психологиялық ұстанымдар негізінде талқылау және зерттеу болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:


  1. Оқушылардың танымдық құзыреттіліктерінің дамуына және де педагогтардың кәсібилігін жетілдіруіне кедергі болатын педагогикалық-психологиялық себептерді талдау.

  2. Оқушылардың танымдық құзыреттіліктері, педагогтардың кәсіби дамуы бойынша ұсыныстар жасау.

  3. Педагогтардың ішкі әлемін қалыптастыруға ықпал жасау, ішкі психикалық күшін дамыту, кәсіби өзіндік саналауын кеңейту, кәсіби қызметте жетістікке жету.

Зерттеу объектісі: Аралас мектептің оқушылары мен мұғалімдері.

Зерттеу пәні: Мұғалімнің кәсіби деңгейі және оқушылардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасуының қасиеті және ерекшеліктері.

Зерттеу мақсаты: Аралас мектеп жағдайында баланың тұлғалық даму динамикасы, оқушылардың танымдық құзыреттілігінің даму ерекшелігін қамтамасыз ететін педагогтардың кәсібилік дамуын педагогикалық-психологиялық ұстанымдар негізінде талқылау және зерттеу.

Зерттеу болжамы: Мектеп – жеке тұлғаның танымдық құзыреттілігін дамыту, тәрбиелеу, сапалы білім беру орталығы ретінде педагогикалық-психологиялық қолдауды құрастырады.

Педагогикалық-психологиялық қолдау - негізгі мақсатқа жетуге негізделген, тұтастай және мақсатты бағытталған мектептің іс-әрекет жүйесін құруға жағдай туғызады. Жеке тұлғаның танымдық құзыреттілігінің дамуына негізделген әрбір мектептің өзінің құрылымы, білім беру мазмұны, өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері болады.

Бағдарлама 3 деңгейде орындалады:

Тану деңгейі – ең алдымен оқушыны білу керек. Оның даму деңгейін, өзекті мүмкіндіктердің нақты көрсеткішін білу керек, оқушының дамуына және оқуына мектеп ортасы жағымды ма екенін білу, қазіргі уақытта онда сәтті дами алама соны білу. Сонымен бірге мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге мүмкін болатын жолдарды іздеу, жағымды жағдай туғызу.


Жылжымалы деңгей – бұл этапта оқушыларға және педагогтарға мектеп ортасы барынша жағымды болуы үшін, мектеп ортасын жаңартып, құру керек. Осы ортамен өзара әрекеттескенде пайда болған мәселелерді шешуде ОТЖ қатысушыларына көмек беру.

Қорытынды деңгейі – бұл этапта тану деңгейдің нәтижесінің мәліметтерімен салыстыру анализі өтеді. Нәтижелер қорытындыланады және 2008 ден 2013 жылдардағы атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылады.

Бағдарлама барысында келесі бағыттар орындалады:


  • Диагностикалық жұмыс

  • Дамытушылық жұмыс

  • Коррекциялық жұмыс

  • Әдістемелік жұмыс

  • Консультациялық жұмыс

Психологиялық бағыттар барлық кезеңдер барысында орындалады және мақсатқа бағытталған нақты мазмұнмен толтырылады.

Сондықтан да психолог, педагогпен бірге оқушыларды оқу үрдісінде ере жүре бір жағынан, оған барынша өзінің мүмкіндіктерін қолдануға көмектесу, басқа жағынан мектеп өмірінің тыс жағдайындағы міндеттерге өзінің жеке дара ерекшеліктерінқалыптастыру.

Бұл бағдарлама үш кезеңге бөлінеді:

1 кезең Теорияны оқып-уйрену, іздену кезеңі (2008-2009)

2 кезең Эксперименттік кезең (2009-2012)

3 кезең Қорытындылау кезеңі (2012-2013)


Эксперименттік жұмысқа қатысушылардың құрамы:

  • Мектептің педагогикалық ұжымы

  • Мектеп оқушылар ұжымы

  • Ата-аналар ұжымы


Күтілетін нәтижелерді бағалау критерилерінің тұжырымдамасы:

  • Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін дамыту;

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығымен, оқу мотивацияларының дамуындағы жағымды өзгерістер;

  • Мектептегі психологиялық ахуалды қалыптастыру;

  • Оқушылырдың сыныптан тыс іс-әрекетіндегі шығармашылық белсендігін дамыту.

Болжам:


а) жағымды нәтижелер:

- өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлғаның қалыптасуы;

- оқу-тәрбие үрдісіндегі қолданылатын педагогикалық технологиялардың тиімдісін таңдап алу, мүмкіншілігі;

- мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдай түсуі және өзіндік дамуының жоғарлануы;

- оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігінің артуы;

- мұғалімдердің қалалық сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу санының өсуі;

- ғылыми-қоғам жұмысына қатысатын оқушылар санының өсуі;

- әр түрлі деңгейдегі сайыстарда, олимпиадаларда жүлделі орын алатын оқушылар санының өсуі;

- ғылыми ізденіс, зерттеу барысында мұғалімдердің және оқушылардың қызығушылығының артуы;

- мұғалімдер ұжымының және оқушылардың психологиялық адамгершілік ахуалының жақсаруы;

б) мүмкін болатын жағымсыз көріністер:

- мұғалімдердің және оқушылардың жұмыс басты болуы;

- диагностикалық әдістердің әзір еместігі;

- мәселе бойынша қажетті ақпараттық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

в) қиындықты жою барысындағы мүмкіндігі бар атқарылатын жұмыстар:

- өзекті тақырып бойынша теориялық және практикалық семинар-тренингтер ұйымдастыру;

- кейбір сұрақтарды әдістемелік кабинетте қарастыру;

- педагогтардың әрекетін іс-жүзінде қолдануға қажетті нұсқаулар әзірлеу;

- психотренинг, психологиялық ұстанымдармен таныстыру;

- мұғалімдердің өз бетімен білім көтеруге мүмкіндік беретін бос күн беру (әдістемелік күн, мүмкіндігіне қарай).

Психологиялық жұмыс нәтижесін көрсететін жұмыс түрлері:


  • Педагогикалық кеңестердегі, ілімдік семинарлардағы, ғылыми конференциялардағы мұғалімдердің баяндамалары;

  • Мұғалімдердің педагогикалық оқуларға қатысуы;
  • психологиялық ұсыныстар әзірлеу;


  • Ізденіс тақырыбы бойынша диагностикалық мәліметтерді толтыру,зерттеу, талқылау;

  • Педагогтардың өзін-өзі дамуына көмектесетін психологиялық кеңестер беру.

Мұғалім өзінің кәсіптік деңгейін жоғары дәрежеге көтеру үшін өзіне-өзі сенімді болуы керек. Сыртқы ортадан ешқандай көмек күтпеуі керек. Өзінің болашағына мақсат қойып, оны орындау үшін өз білімін жетілдіру керек. Жеке басының кәсіптік деңгейіне өзіндік қорытынды жасап отырса, ерте ме, кеш пе өзі жеткен жетістіктері мен қиыншылықтарының негізінде мемлекетіміздің мұғалімдердің алға қойған талаптарын орындауда өзіне одан әрі талап қойып, өзін үлкен мақсаттарға жетелейді. Мұғалімнің өз мақсатына жету үшін әрине мектеп психологы әсер етеді.

Психологтың жұмысы шығармашыл, қызықты және ең алдымен өз жұмысыңды, оқушыларды жақсы көру керек, оларға жылу және жақсылық беру керек. Менің ойымша ең негізгі – ол әлемдегі бейбітшілік, тыныштық, Республикамыздың гүлденуі, денсаулық және біз нені қалаймыз, сол болады.

Психолог - өте айқын жеке дара, қызықтыра білетін, өзін-өзі көрсетуге жол іздейтін тұлға болу керек. Сол кезде ғана оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды өзіне тарта біледі және де өз жұмысына қанағаттанады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Овчарова Р.В. «Справочная книга школьного психолога» - 2-е изд., Москва, 1996г.

  2. Қазақстан мектебі, 2008, №7

  3. Мектеп директоры, 2006ж, №1

  4. Мектеп директоры, 2003ж