https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ


Тургумбаева Г О

ММ «№13 орта мектебі»

ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ СУБЪЕКТІ РЕТІНДЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ.


Ел дамуының ертеңгі бағыт- бағдарын саралаған Елбасының жолдауында білім беру саласында «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы көңіл-күйлеріне байланысты» деп ерекше мән берген.Дамыта оқытудың тиімділігі
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. (11.141)
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.)

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)
Дамыта оқытуды ұйымдастыру,балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек .Дамыта оқыту сабақтары ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым- қатынас.Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымды істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының

қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді мақсат қойған.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Дамыта оқыту жүйесінің мңызды ерекшелігі – сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді.

Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Дамыта оқыту ең алдымен оңың алдындағы бөгет анықталып, оны жеңу жолдары анықталады.Сондықтан зерттеу барысында модель құрудың ерекшеліктерін ескеріп дамыта оқыту сабағының моделі жасалынды.




Проблемалық жағдай туғызу








Жетістікке жету жағдайын ұйымдастыру








Ізденіс жолын ұйымдастыру.пробле

Малық сұрақтар.

Ол үшін не істейміз?

Не істей аламыз?




Жаңа ұғымды іс-жүзіне қолдану

Топпен жұмыс.





Оқушылық тапсырма






алгоритмдік

тапсырма




эвристикалық

тапсырма





Бақылау





тексеру






рефлекция



Мен оқушыларды психологпен бірігіп зерттедім.

Баланың қалай дамығанын,оның қабілеттерін, оқуда артта қалу себептерін

Анықтадым да оларды былай кестеге түсірдім.



Есте сақтауы

қиялы

Оқуға қызығушылығы

Тілінің дамуы

қабылдауы



Оқушыларды даму деңгейіне байланысты жоғары орта төмен деңгейлерге бөліп жекелей деңгейлік тапсырмалар дайындаймын.Мысалы ана тілі пәнінде

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбына

1.Міндетті деңгей.

Жақсы жаман қылықтар 5дұшпан 5жақсы істі ата


2.Алгоритмдік деңгей.

Өз бойындағы жақсы жаман қылықтарды ата.


3.Эвристикалық деңгей

Жақсы жаман істер туралы мақал-мәтел жинастыру


4.Шығармашылық деңгей.

Абай туралы материалдар жинастыру


2009-2010 оқу жылындағы 2К сынып оқушыларының білім сапасының артуы



Қолданылған әдебиеттер


1. Селевко Т.К. Современные образовательные технологии

2. Мұқанов М.М. Педагогикалық психология очерктері.



4. Б.А. Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары»

5. К. Бұзаубақова «Дамыта оқыту технологиялары»

6. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии

7.Сардарова Ж. Бастауыш сыныптың тіл сабақтарында дамыта оқыту

ерекшелігі.[мәтін] : Ж Сардарова // Сынып жетекшісі.-2007.-Б.29-30


8.Мұқатай Ж Дамыта оқыту-өмір талабы: [Бастауыш сыныптарында

Жүелі түрде дамыта оқыту технологиясын пайдалану туралы] //

Дидар.-2000.-2 қыркүйек.