https://electroinfo.net

girniy.ru 1




Волейбол

8 наурыз күні сағат 10:00 – де, Курчатов қалалық балалар жасөспірім спорттық мектебінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған Курчатов қаласының кәсіпорындары мен ұйым мекемелерінің ерлер мен әйелдер арасындағы волейбол жарысы өткізілді. Аталған жарысқа қаламыздың «№ 1 орта мектеп», «БЖСМ», «Искатель», «3514 Ә/Б», «АЭИ», «Ұстаздар» мен «Семиар» командаларынан 50 жуық спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі: Әйелдер арасында: І орын – «Искатель», ІІ орын – «БЖСМ», ІІІ орын – «№ 1 орта мектеп». Ерлер арасында: І орын – «3514 Ә/Б», ІІ орын – «АЭИ», ІІІ орын – «Ұстаздар». Ойын атауы бойынша: Әйелдер арасында "Үздік ойыншы" – Анна Ионычева атанды. Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары Курчатов қаласы әкімінің грамотасы мен кубогі табыс етілді.