girniy.ru 1


Бруцеллездің алдын алу.


Бруцеллез – адам мен малдардың инфекциялық ауруы, төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты бруцелла аталатын ұсақ микроағзалармен жұғатын жұқпалы ауру. Көңде 75 күнге, топырақта – 3 айға, қойдың жүнінде – 3-4 айға, сүтте – 20-70 күнге дейін сақталады. Қайнатқан кезде олар бірден өліп қалады.

Бруцеллезді қалай жұқтыруға болады?

Қоздырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі-қара жануарлар, шошқалар), кей жағдайда ит пен мысықтар. Жануарларда ауру белгісіз, жасырын түрде өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады.

Адамдар осындай малдармен байланыста болғанда және залалданған тамақ өнімдерін (шикі сүт, ірімшік, май, қаймақ т.б.) қолданғанда, қолдағы ұсақ жарақаттар арқылы (мал төлдегенде, мал сойған кезде) жұқтырады.

Бруцеллезбен ауырған адам қоздырғыш көзі болып табылмайды.

Бруцеллез қалай өтеді?

Ауру жұқтырғаннан аурудың бірінші белгілері білінгенше 1-3 апта, кейде бірнеше ай, науқастың ауруы біртіндеп басталады. Дене қызып, ыстығы 390-400С– қа дейін көтеріліп, 3-7 күн адам қалтырап, дірілдейді. Сонымен қатар, без түйіндері ұлғаяды, қол-аяғы қақсап, буындары сырқырайды.

Бруцеллездің алдын алу:


  1. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  2. Тамақты зарарсыздандыру, сүтті қайнатып ішу, шикі сүтті ішпеу.

  3. Мал ұстайтын жер көңнен, түсік қалдықтарынан тазаланғаннан кейін, зарарсыздандырылуы керек.

  4. Ауылшаруашылығы малдарының күтіп-баптаудың ережелерін сақтау.

  5. Шикі сүт және ет тағамдарының дәмін татуға болмайды.



ҚР ДСМ ШҚО МСЭҚКД «Курчатов

қаласы бойынша басқармасы» ММ Жакашев К.К.