https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Баланы әлеуметтік ортаға бейімделуде

желілі-рөлді ойындардың маңызы.


Ойын –бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.

Желілі-рөлді ойындардың ерекшелігі сол,оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.

Бұл ойындар ұзақ та, қысқа болуы мүмкін.

Сюжетті-рөлді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу,шындықты көрсету болып табылады.

Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекет- теріне, ал «Аурухана»болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне елік- тейді.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызың жоғары бағалай келіп, А.С. Мака- ренко былай деп жазады. «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Соңдықтан келешекке қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі-ол балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін,олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынас бейнелеуі болып табылады.