https://electroinfo.net

girniy.ru 1


Ауданда «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы туралы.


Елбасымыздың ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту шеңберінде қабылданған «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес 2011 жылы Сазды ауылдық округінен «Қанибай» шаруа қожалығы 4,0 млн. теңге қаржы алып, оған 28 бас МІҚ малынан аналық, 2 бас бұқа сатып алса, 2012 жылы осы бағдарлама аясында («Ықылас», «Бақыт», «Жасұлан», «Нұржігіт») шаруа қожалықтары 23,5 млн. теңге қаржы алып, оған 112 бас аналық және 10 бас бұқа сатып алып, асылдандыру жұмыстарын жүргізіп жатса, үстіміздегі жылы «Сыбаға» бағдарламасымен біздің ауданға тапсырма 100 бас аналық мүйізді ірі қара малын сатып алу болып отыр.

Күні бүгінгі күнге дейін Қарақұм ауылдық округіндегі «Ешмақан» шаруа қожалығы 24 бас сиыр, 2 бас бұқа (5,2 млн теңгеге), Октябрь ауылдық округінен «Елеу» шаруа қожалығы 27 бас аналық сиыр 2 бұқа (6,0 млн. теңге), Аманөткел ауылдық округінен «Кенжебаев Айтуған» шаруа қожалығы Кенжебаев Айтуған 14 бас сиыр, 1 бұқа (3,0 млн. теңге), Қосаман ауылдық округінен «Наурыз» шаруа қожалығы 23 бас сиыр, 1 бас бұқа (4,7 млн. теңгеге) қаржы алып, компетрге (ИАС) тіркеп жұмыстарын жүргізіп жатса, Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі «Әулие төбе» шаруа қожалығы 90 бас аналық сиыр, 6 бас бұқа (17 млн теңгеге) қаржы алып, бүгінгі күнге дейін 137 бас аналық сиыр өзіндегі малдарын қоса есептегенде және 6 бұқа сатып алып, компетерлік базаға тіркеу жұмыстарын жүргізуде.

Сонда, аудан бойынша 5 шаруа қожалығы сыбаға бағдарламасымен 35,9 млн. теңге қаржы алып 171 бас аналық сиыр 12 бас бұқа сатып алып асылдандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, өздерінің қарамағындағы тауарлы емес (қарабайыр) сиырларын асыл тұқымды бұқа сатып алып, асылдандыру жұмыстарын жүргізіп жатқандар: Октябрь ауылдық округінен «Жомарт» шаруа қожалығы Әлібеков Қазыбек, 1 бас бұқа, «Қаблан» шаруа қожалығы Нурекешов Темирхан 1 бас бұқа, Райым ауылдық кругінен Әбдікеров Жұбатыр 1 бас бұқа, Аманөткел ауылдық округінен «Түркмен» шаруа қожалығы Жүгінісов Малик 1 бас бұқа, Аралқұм ауылдық округінен «Исламбек» шаруа қожалығы Абдуллаев Махсут 3 бас бұқа, Қарақұм ауылдық округінен «Қарабала» шаруа қожалығы 1 бас бұқа сатып алды



Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша


2013 жылға 22 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдемақыға 2 666 000 теңге қаржы қаралған ( 1 жас маманға 121 170 теңгеден) және 10 жас маманға тұрғын үй сатып алуға 25 965 000 теңге несие қаралған. (1 жас маманға 2 596 500 теңгеден).

Күні бүгінге дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 22 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы 2 665 740 теңге қаржы төленді. Оның ішінде білім саласы бойынша 20 жас маманға 2 423 400 теңге, денсаулық саласы бойынша 2 жас маманға 242 340 теңге берілді.

2013 жылы 10 тұрғын үй сатып алуға бөлінген 25 965 000 теңгеден 11 жас маманға 25 965 000 теңгеге несие берілді. ( білім саласынан – 9 жас, маман, денсаулық саласынан 2 жас маман).

Осы бағытта жәрдем ақы алған жас мамандармен жұмыстар жүргізіп, үй алу жолдарын түсіндіріп, кредит 15 жылға пайызсыз берілетінін және 5 жыл елді мекендерде тұру керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта да, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын толыққанды жүзеге асырылуына жұмыстар атқарылатын болады.


Балық шаруашылығы


Аудандық статистика бөлімінің мәліметі бойынша аудан төңірегінде 2011 жылы 2924 тонна балық ауланса, 2012 жылы 3647 тонна балық ауланып, өткен жылмен салыстырғанда 723 тоннаға артық ауланған.

2011 жылы тек Арал ауданындағы балық зауыттарында 780 тонна балық өңделсе, 2012 жылы 1091 тонна балық өңделіп, өткен жылмен салыстырғанда 311 тоннаға балық артық өңделіп отыр.

Балық аулау мәліметі аудандық статистика бөлімі арқылы жылына бір рет жинақталып отырады. 2013 жылдың 11 айының қортындысы бойынша 797 тонна балық өңделіп отыр.

Жыл сайын Кіші Арал теңізіне, Ақшатау көлдер жүйесіне, Қамыстыбас көлдер жүйесіне «Қамыстыбас балық питомнигі» РМК арқылы 14-15 млн. дана майда шабақтар жіберіліп, өсірілуде.

Биылғы 2013 жылы да 190 млн. теңге қаржы Республикалық бюджеттен қаралып 14 млн. 800 мың осы жылғы және 420 мың екі жылдық майда шабақтарды су айдынына жіберу межеленген.


Арал ауданында заманауи тұрғыда салынған балық өңдейтін «Атамекен балық» ЭКО ЖШС-і, «Арал Сервистік дайындау орталығы» ЖШС-і, «Қуаныш» ЖШС-і және «Бөген СДО» ЖШС-і бар. Осы зауыттардан «Атамекен балық ЭКО» ЖШС және «Қуаныш» ЖШС күні бүгінге зауыттарына жеңіл жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ал, «Арал Сервистік дайындау орталығы» ЖШС-і және «Бөген СДО» ЖШС-і балық қабылдап, өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл зауыттар халықаралық сапа талаптарына сай өнім өндіріп өз елімізден басқа ТМД, Европа, Азия елдеріне сатуды бастап кетті.

Осы орайда, балық шаруашылығын дамыту және оны бір жүйеге келтіруде өзіңіздің тікелей тапсырмаңызға сәйкес 2013 жылдың наурыз айында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ы, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-інің Арал филалы мен Арал, Қазалы аудандарынан 17 балық аулау, өңдеумен айналысатын шаруашылықтар бірігіп консорциум құрды. Консорциумға Арал, Қазалы аудандарының балық шаруашылықтары мүше болды.

Консорциумды құрудағы негізгі мақсат балық шаруашылығы саласындағы маңызды мәселелерді бірігіп шешу болып табылады.

2013 жылғы 10 сәуірінде және 2013 жылдың 3 мамырында аудандық жедел штабтың отырысы өткізіліп, онда «Балық шаруашылығын дамыту және түйінді мәселелер туралы» мәселе қаралып, аудан прокурорының 11.04.2013 жылғы № 1 «Құқық қорғау және жергілікті атқарушы уәкілетті органдармен браконерлікке және заңсыз балық айналымына қарсы күресу мақсатында мобильдік тобын құру туралы» бұйрығы шығып, соған сәйкес мобильдік жұмысшы тобы құрылып, Сыр бойындағы тиісті ауылдық округтерден балықтың заңсыз сырт аймақтарға кетпеуін бақылауға алу мақсатында, 3 жерге пост (шлагбаум) орны белгіленіп жұмыс жасады.

1-ші Қаратерең-Жаңақұрлыс-Қазалы жолына шыға беріс жолына

2-ші Бөген-Аманөткел трассасы бойындағы Саршығанақ каналының қасы.

3-ші Мергенсай-Арал трассасының Аралға шыға беріс жолына.

Жоғарыда белгіленген 3 постыға (шлагбаум) құрылған мобильдік жұмысшы тобы 11.04. 2013 жылдан бастап 1.05.2013 жылға дейін бақылау орнатты.


Осы уақыт аралығында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен рұқсат құжатсыз балық аулағаны үшін 6 азамат анықталып айыппұл салынды. (ҚР ӘҚБТК-нің 298-1 бабымен 5193 теңгеден). Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Облыс бойынша 2013 жылға балық аулауға 6262 тонна лимит белгіленген. Соның 90 пайызы Арал, Қазалы аудандарының су айдындарына тиесілі болса, оның 78 пайызы Арал теңізіне тиесілі. Яғни, 2013 жылға Арал теңізінен балық аулау үшін 4908 тонна квота белгіленіп отыр.

Егін шаруашылығына байланысты


Аудан бойынша 2013 жылға 235 гектар жерге егін егіліп, бүгінгі күнге дейін толықтай жинап алынды. Атап айтар болсақ, егілген 16 га. картоптан 126,7 тонна өнім жиналып, орта өнім 79,1 центнерден, 29,5 га. көкөністен 216,3 тонна өнім жиналып, орта өнім 73 центнерден, 134,5 га. бақшадан 1453,1 тонна өнім жиналып, орта өнім 108 центнерден алынса, 55 га. көне жоңышқадан 85,5 тонна өнім жиналып, орта өнім 16 центнерден болды.

Ақирек ауылдық округінен «Нұр-Дана» шаруа қожалығы 7 гектар бақша дақылын еккені үшін 63 мың теңге субсидия алды.