girniy.ru 1

Астанада 8 жолақты жаңа жол салынып жатыр

АСТАНА. 30 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ – Астанада сегіз жолақты жаңа жол салынып жатыр, ол сол жағалау мен қаланың орталығын біріктіреді. Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов хабарлады.

Аталған айналма жол елорданың осы ауданындағы көлік ағынын айтарлықтай азайтады. Бұл жолмен тәулігіне 90 мың көлік жүре алады.

«Сегіз жолақты жол Бейсекова көшесін, Қорғалжын тас жолын, Сейфуллин, Тілендиев және Ақжол көшелерін қосады, осылайша, сол жағалау мен қаланың орталығы бірігеді. Сарыарқа және Тұран даңғылындағы көлік тығыздығын төмендету басты мәселе болатын. Аталған жолмен тәулігіне 80 мыңнан астам көлік жүреді. Шағын айналма жолды салу осы мәселені шешуге бағытталған, бүгінде ол Сарыарқа және Тұран даңғылындағы көліктер санын 30 мыңға дейін, немесе 40% азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, біз барлық жүк көліктерін осы жолға жібердік, бұл 4,5 мыңға жуық машина», - деді Р.Аманжолов.

Қазіргі уақытта жолдың Қорғалжын тас жолынан Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігі ашық. Жалпы, шағын айналма жолдың құрылысы келер жылы аяқталмақ.