girniy.ru 1

Жалпы орта білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 35 бабына сәйкес білім беру ұйымдарының көрсеткен білім беру қызметтерінің сапасына салыстырмалы талдау жүргізу, білім беру жүйесі үшін мониторингтік материалдар алу, жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және орта кәсіптік, жоғары кәсіптік ұйымдарына түсу үшін қабылдау емтихандарды біріктіру мақсатында маусымның 10-нан бастап 15-не дейін 13 пунктіде Бірыңғай ұлттық тестілеу жүргізілді. Барлығы 17249 түлектер қатысты, яғни 86,7% (2004 жылы 85,2%). Облыста 344 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа және «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер болып тіркелді, олардың 215 өз білімдерін растады (былтырғы жылы 389, 98 оқушы растады). Алдын ала мәліметтер бойынша облыста орта балл бойынша көрсеткіш 60,6 құрастырды (былтырғы жылы 53 балл).

Арнайы білім беру ұйымдар, балалар үйі мен интернаттар желісінің дамуы

Бүгінгі күні ШҚО 10 балалар үйі және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 4 интернаттық мекеме жұмыс істеуде. Онда 2386 тәрбиеленуші өмір сүріп тәрбиеленуде.Түзету мекемелер – 16.Жалпы типтегі интернаттар – 7.2005 жылы Жаңа Шүлбі кентінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік оңалту және бейімдеу балалар үйі ашылды,онда 90 бала оңалту мен сауықтырудан өтеді. Жаз кезінде осы балалар сауықтырудан басқа, өздерінің жер учаскелерінде жұмыс ісатейді.2005 жылы «Үміт» балалар үйінің екінші корпусы пайдалануға берілді.Жыл сайын жаз кезінде балалар үйлері мен мектеп интернаттарының тәрбиеленушілері өздерінің қала сыртындағы лагерлерінде демалады.Л.Чайкина атындағы сауықтыру лагерінде Өскемен қаласының арнайы-мектеп интернатының 200 тәрбиеленушісі сауықтырылады.Көкпекті балалар үйі қала сыртындағы өзінің «Балдәурен» лагерінде 130 тәрбиеленушісі және «Первомайка» профилактикалық шипажайында демалады.Үржар ауданының Науалы балалар үйі «Тарбағатай саяжайы» сауықтыру лагерінде демалады.«Үміт» балалар үйінің, облыстық Балар үйінің және Серебрянка қаласының мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Төменгі тайынты ауылының «Царская долина» лагерінде демалады. Балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерінің өз қолдарымен жеміс пен көкөністі өсіріп, қысқа әзірлеуге мүмкіндіктері бар.Серебрянка қаласының девианттық мінез-құлқылы балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері жаз кезінде өздерінің, фирма бойынша экономикалық ойын жөнінде жұмыс істейтін, еңбек десанттарынан құралған «Жас ұлан» еңбек лагерінде жұмыс істеп және демалады.


Облыстық түлектер балы Елбасы қатысуымен Өскемен қаласының орталық алаңында 2005 жылғы 24 маусымда өткізілді, оған 4 мың түлектер қатысты, оның ішінде 672 оқу озаттары, оның ішінде «Алтын белгі» белгісінің 215 иелері.

Спорттық жарыстарӨскемен қаласында 2005 жылғы 30 маусымнан бастап 2 шілдеге дейін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған ШҚО Әкімінің жүлдесіне V облыстық «Сәулетай» балалар ойындары өткізілді. Ойындарға 836 адам қатысты, оның 703 оқушылар. Қалалар арасында 1-ші орынды (172 ұпай) - Өскемен қаласының құрама командасы, 2-ші орынды (153 ұпай) - Семей қаласы, 3-ші орынды (138 ұпай) – Зырян қаласы жеңіп алды.Аудандар арасында орындар мынадай болып бөлінді:1 орын 155 ұпай – Глубокое ауданы 2 орын 122 ұпай - Үрджар ауданы3 орын 155 ұпай - Шемонаиха ауданыШығыс Қазақстан облысы білім департаменті жанында Шығыс Қазақстан облысында ҚР Ғылым және білім министрлігінің облыстық балалар қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді.

Балалар қоғамдық қабылдауы – бұл білім беру жүйесіндегі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал ету ақпараттық-консультациялық ақысыз орталық.Балалар қоғамдық қабылдауы балалар мен ата-аналардың барлық өтініштеріне жедел әсер етеді, онда құқықтық және психологиялық көмек қажет.

Балалар қоғамдық қабылдауына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 4 (облыстық музыка мектебі), телефоны 8 (3232) 226045 сағ.9.00-ден 18.00-ге дейін немесе (ashido@mail.ru) электрондық пошта арқылы сұрақ қоя алады.

Оқушылардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтуын ұйымдастыру мәселелері білім департаментінің ерекше.25.06.2005 ж. жағдайына 137 427 оқушы демалу, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларына тартылған немесе 58,6%, былтырғы жылы 57,5% болатын.Облыста 53 031 бала нашар қамтылған отбасыларының балалары, оның ішінде сауықтыру демалысымен 26 561 бала қамтылған, бұл 50% құрайды. Облыста 5 038 бала қамтитын 27 қала сыртындағы лагерь жұмыс істеуде, онда нашар қамтылған отбасыларынан - 2 589 бала (51,3%), 34 634 бала тартылған мектеп жанындағы лагерлер - онда нашар қамтылған отбасыларынан - 15 125 бала (43,6%).Өскемен қаласында 300 орынға арналған «ҮМЗ» ААҚ, 340 орынға арналған «ТМК» ААҚ, 240 орынға арналған «Қазмырыш» сауықтыру орталықтары жұмыс істеуде. Семей қаласында «Радуга» сауықтыру орталығы жұмыс істеуде – 120 орын, «Жас қанат» - 100 орын, «Түрксибке 50 жыл» атындағы - 300 орын, педагогикалық колледж жанында «Орбита» - 160 орын, «Цемент» ААҚ жанында «Юность Прииртышья» - 160 орын. Жазғы мерзімде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1623 бала демалу және жұмыспен қамту шараларына тартылған (2004 жылы -1230 бала).Ағымдағы жылдың маусым айына жазғы демалысты ұйымдастыру үшін облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен 21 млн. астам теңге бөлінді, оның ішінде нашар қамтылған отбасыларының балаларына - 13 млн. 563 мың теңге, демеушілік қаражаттар 3 млн. 898 мың теңгені құрады, оның ішінде 2 млн. астам теңге нашар қамтылған отбасыларының балаларын сауықтыруға бағытталған.


2005 жылғы мамыр айында кәмелет жасқа толмағандардың девианттық мінез-құлықтарының және жастар арасындағы нашақорлықтың таралуының алдын алу бойынша әлеуметтік қызмет-орталық өз жұмысын бастады. Осы әлеуметтік қызмет жастар мен кәмелетке толмаған жастар арасында конструктивті-ұстамдылық моделін және әлеуметтік қатер топтарының алдын алу бағдарламаларын жасау және іске асыру, жасөспірімдер мен жастардың барабар тұлғалық ерекшеліктерінің асоциальдық мінез-құлығының алдын алу бойынша озық тәжірибелерді жинақтау және енгізу мақсатында құрылған.«1945-2005 заман диалогы» І облыстық вожатыйлар слеті 2005 жылғы 19 мамырда Өскемен қаласында өтті.Слетке облыс қалалары мен аудандары вожатыйларының ең үздік өкілдері қатысты, балалар ұйымдарының үйлестірушілері білім және спорт бөлімдері, облыстың балалар қозғалыстарының ардагерлері – 1940, 1950, 1960, 1970- жылдардан 90-жылдарға дейінгі әр жылдардағы вожатыйлар буындарының өкілдері, «Артек»-вожатыйлары, сондай-ақ қазіргі уақытта Өскемен қаласының мектептерінде жұмыс істейтін вожатыйлар.Осы форумда вожатыйлар балалар ұйымдарында вожатыйлар формалары мен рәміздерін ұсынды, балалармен жұмыс жасайтын ұйымдардағы жетістіктер туралы мәселелерді қарастырды, аса жетістікті қызметке «Ең үздік вожатый» атағы берілетін болады.Слет жұмысының қорытындылары бойынша әдістемелік әзірлемелер банкі қалыптастырылған, «Ал біз осылайша жұмыс істейміз!» ШҚО вожатыйлары қызметінің тәжірибесі туралы ғылыми-әдістемелік жинақ шығарылды.

Өткен мерзім ішінде білім департаменті мына облыстық іс-шараларды ұйымдастырды және қатысты:

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі

Шығыс Қазақстан облысының бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының жүйесінде: 46 колледж - білім алушылардың жалпы құрамы 30425 адам, олардың ішінде 22237 адам күндізгі оқу түрі бойынша оқиды. Оқыту 100 мамандық бойынша жүзеге асырылады (былтырғы жылы – 87 мамандық). Бюджеттік қаражаттар есебінен – 5121 оқушы оқиды. Жыл сайын 5,0 мың жас маман шығарылады. Даярлаудың негізгі бағыттары: педагогикалық, техникалық, көлік, электрэнергетикалық, медициналық мамандықтар, бейіні қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы саласының мамандықтар. Аумақ бойынша колледждер мынадай орналасқан: Өскемен қаласы – 14 колледж, оның ішінде 6 мемлекеттік, Семей қаласы – 27 колледж, оның ішінде 15 мемлекеттік, Зырян қаласы – 2 колледж, Риддер қаласы – 1 мемлекеттік колледж, Шемонаиха – 1 колледж, Ұлан ауданы Саратовка ауылы – 1 колледж.38 кәсіптік мектеп және колледж жанындағы 5 кәсіптік мектептерінің бөлімшелері. Білім алушылардың жалпы құрамы 12340 адам, олардың ішінде 10300 оқушы 27 мемлекеттік кәсіптік мектептерде оқиды. Оқу 82 кәсіп бойынша жүзеге асырылады. 2005 жылы Өскемен қаласында мүгедек және жетім балаларды оқыту үшін кәсіптік оқыту және әлеуметтік оңалту Орталығы құрылды.Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылға дейін бастауыш және орта кәсіптік білім беру Бағдарламасы әзірленді, онда 2007 жылға дейін мерзім бойынша толықтырулар енгізілді. Бағдарламада мыналар қарастырылған: жастарға кәсіптік білім алу мүмкіндік беріліп, олардың ақыл-ой дамуын, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындар жүйесін кеңейту. 1997 жылдан бастап облыс орталығында Өскемен қаласының элиталық жұмысшы кәсіптер бойынша оқу жүргізілетін кәсіптік мектептерінде оқитын жетім балаларға арналған жастар Үйі жұмыс істеуде. Бүгінгі күні жастар Үйінде 220 адам тұрады.Мемлекеттік кәсіптік мектептер жүйесі кеңейтілді. Түзету мекемелерде ұш кәсіптік мектеп ашылды. Тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту үшін бір қатар оқу орындары «лицей – колледж - ЖОО» ықпалдастық жүйесінде жұмыс істеуді. (Өскемен қаласының «Қызмет көрсету технологиялық колледжі», Өскемен қаласының политехникалық колледжі, Риддер қаласының ауыл шаруашылық-техникалық колледжі, ШҚМУ, ШҚТУ, Шәкәрім атындағы Университеті жанындағы және т.б.) Облыста оқытатын бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу ұйымдарындағы білім алушылардың саны өсу қарқыны байқалуда және оларға жағдай жасалынды. Мысалы, 2002-2003 оқу жылында мемлекеттік тілде колледж оқушыларының 28 % және кәсіптік мектептерінің 10% оқыды, 2003-2004 оқу жылы бұл көрсеткіш тиісінше колледждер бойынша 27 %, кәсіптік мектептер - 13,1 % құрады.Соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік тілде білім алушылардың пайызы тұрақтандырылды және жалпы мөлшерден 40 % құрайды, былтырғы оқу жылында 34,2%. Өскемен, Семей, Зырян қалаларында жастардың еңбек биржасы құрылып жұмыс істеуде, кәсіптік білім беретін бір қатар оқу орындарында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша қоғамдық Орталықтар жұмыс істеуде, барлық оқу орындарында «Жұмысты қалай іздеп табуға болады» курс енгізілген. Түлектердің жұмысқа орналасу мониторингісі кәсіптік мектептер бойынша 80 % және колледждер 88,4 %, бұл былтырғы жылдан 5 % және 4,4 % жоғары. Облыстың кәсіптік мектептерінің барлық оқушылары ыстық тамақпен тегін қамтылды. 2005 жылғы 01 қаңтар бойынша облыстағы колледждердің 95,7 % және кәсіптік мектептердің 85 % компьютерлендіріген. Компьютерлендірудің облыстық көрсеткіші: бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарында бір компьютерге – оқушылардың 30,3 %, орта кәсіптік білім беру оқу орындарында бір компьютерге – оқушылардың 17,7 % құрайды, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда бір компьютерге – оқушылардың 17,1 %. Колледждердегі көрсеткіштің төмендеуі колледж оқушылар құрамының өсу деңгейі компьютерлендірудің өсу деңгейінен артық екенін көрсетеді. Облыстағы колледждердің 65 % және кәсіптік мектептердің 40 % жергілікті желісі, модемы, спутниктік оқу теледидары бар, Интернетке қосылды.Облыста әлеуметтік әріптестік мәселелері онды шешілуде. Мысалы, ірі әріптестер «Қазмырыш» АҚ, «ТМК» АҚ, ШҚО құрылысшылар Қауымдастығы, ШҚО ауыл шаруашылықтар Қауымдастығы, «Алтай Пауэр», ШҚО орман шаруашылығы Басқармасы және т.б.


2005 жылы білім беру ұйымдарды ұстауға 16,1 млрд теңге қарастырылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 21,1%. 1 шілдеден бастап білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне 32%-ға еңбек ақысын көбейту үшін қосымша 1,3 млрд теңге қарастырылды.

2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту Бағдарламасында құрылыс, күрделі жөндеу, материалдық-техникалық базасын жақсарту, қазіргі заманғы жиһазымен, оқу-көрнекі құралдарымен қамтамасыз ету, компьютерлік техникасының кезең-кезеңмен жаңаруы, Интернет желісіне қосуды аяқтау көзделді. 2005-2007 жылдарға берілген республикалық трансферттерді ескере отырып Бағдарламаның іске асуына 11,2 млрд теңге көзделген. Білім беру жүйесін дамыту Бағдарламасы бойынша жаңа мектептер құрылысы мен 38 апаттық құрылыс 2008 жылы аяқталады.Мектептерді салу мынадай басымдықтар бойынша анықталады: апатты, оқушылар орнының тапшылығы, жоғары және орта экономикалық әлеуеті бар елді мекенде мектептің болмауы, қазақ тілінде оқытылатын мектеп желісін дамыту.2005 жылы 20 объект құрылысына 10-11,7 млн теңге көзделген. Оның ішінде республикалық бюджеттен 575,78 млн теңге.2004 жылы 537 млн теңге.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 351,2 млн теңге көзделген. Өткен жылымен салыстырғанда 119,9 млн теңгеге артық. 2005 жылы мультимедиялық кабинеттер сатып алуға, оқу кабинеттері, шеберханалар көзделген.2005 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға қосымша мультимедиялық кабинеттерді сатып алуға республикалық бюджеттен 219,5 млн теңге көзделген.

2005 жылы күрделі жөндеуге 140 объектіге 347,8 млн теңге көзделген. Өткен жылмен салыстырғанда 69,33 млн теңгеге өсті.

2005 жылы оқулықтар сатып алу мен жеткізуге республикалық және жергілікті бюджеттерден 403,3 млн теңге көзделген. Өткен жылмен салыстырғанда 103,0 млн теңгеге артты.