girniy.ru 1

Ана тілі.

Ана тілсіз тарих та жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.

Желмаяның үстінде желіп жүріп,

Күңіренбеген тектен-тек Асан қайғы.


Тіл-қоғам өмірінде адамдармен өзара пікірлесу,түсінісу қызметін атқарады. Ол болашақтың бастауы,өмірдің ырысы, халықтың жаны болып табылады. Тіл құрыса халық та жер бетінен жоғалады. «Тәрбие басы  - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне  қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев атамыз айтқандай: «Адамзат тарихында тіл жай қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – саяси, экономикалық өктемдіктің де басты құралы болып келеді». Жалпы алғанда дүние жүзінде алты мыңға жуық тіл бар, алайда әр халықтың өз ана тілі болады. Ал ана тілі деген не? Ана тілі - бұл әкеңнің, анаңның тілі. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі деп бекер айтпаған Ғабит Мүсірепов. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет-журналдардан, радио мен теледидардан, кинотеатрлар мен театрдан үйренеді. Ана тілі - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Сол себепті өз туған тілімізді қадірлеп, құрмет тұтайық ағайын!

Осы күндер аралығында «Ана тілі» апталығы өтті. Осы аптада біз бірсыпыра сайыстарға қатысып,орындарға ие болдық. Біз, 9 «қ» сынып оқушылары, 8-9 сынып аралығында өткен «қазақ тілі» пәнінен сайысқа қатыстық. Бұл сайыста біз бірінші орынға ие болдық. Ал алдыңғы аптада «Пока бьется сердце» презентациясына қатысып, екінші орынға қол жеткіздік. Кейін Торайғыров атындағы кітапханада экскурсия өтті. Бұл экскурсияда біз әр-түрлі тарихи кітаптармен таныстық. «Жүсіпбек Аймауытов» атындағы драма-театрға бардық. Осындай іс-шараларды өткізген ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!


9 «Қ» сынып оқушылары.