girniy.ru 1


Өскемен қаласы әкімдігінің «__»______2008 жыл № _________қаулысына

5 қосымша


«Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою» мемлекеттік

қызметін көрсету регламенті


  1. Негізгі ұғымдар


1. Пайдаланылатын терминдер мен қысқартулардың анықтамасы:

1) Қамқоршылық (қорғаушылық) – сот шешімімен қабілеті жоқ (қабілеті шектеулі) деп танылған тұлғалар мен кәмелетке толмағандардың мүдделерін және құқықтарын қорғаудың заңдық түрі.

2) Тұтынушы – мемлекеттік қызмет алуға өтінішпен барған жеке тұлға.

3) ҚФБ - құрылымдық-функционалды бірлік – мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекетіне қатысатын жауапты тұлғалар.


  1. Жалпы ережелер


2. Осы регламент жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтан-дырылған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңының 100 бабының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру Ережелерінің 6 тармағы негізінде көрсетіледі:

«101 бап. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және есепке қою

  1. Әрекеттегі Заңның 100 бабының 1 тармағында көрсетілген балалар туралы мәліметтері бар мекемелердің лауазымдық тұлғалары (мектепке дейінгі ұйым, емдік және басқа да мекемелердің орта білім ұйымдары) және басқа да азаматтар олар туралы қамқоршылық пен қорғаушылық органына балалардың белгілі орында болғандықтарын хабарлауға міндетті.

Қамқоршылық пен қорғаушылық органы осындай мәліметтерді алған күннен бастап үш күн ішінде баланың тұрмыс жағдайының зерттеуін жүргізуге міндетті және оның ата-анасының немесе туыстарының қамқорлығы болмауының фактілері анықталған жағдайда, оны орналастыру мәселесінің шешілгеніне дейін баланың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз етуі қажет.


  1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар орналасқан тәрбие, емдік және басқа да мекемелердің басшылары бала отбасына тәрбиеленуге берілуі мүмкін екендігін білген күннен бастап, жеті күн мерзімінде бұл мекеменің орналасу орны бойынша осы туралы қамқоршылық пен қорғаушылық органына хабарлаулары міндетті.

  2. Қамқоршылық пен қорғаушылық органы осы баптың 1 және 2 тармақтарында белгіленген мәліметтер келіп түскеннен бастап, бір ай ішінде баланың орналасуын қамтамасыз етеді (осы Заңның 102 бабы) және баланы отбасында тәрбиелеуге тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда орталықтандырылған есепке қою және осындай бала туралы мәліметтерді баланың ары қарайғы Қазақстан Републикасы аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиеленуге орналастыру үшін көмек көрсетуіне тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің білім беруді басқару органына жібереді.

Балалардың орталықтандырылған есепке қою тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады.

  1. Осы баптың 2 және 3 тармақтарын орындамаған, сонымен қатар бала туралы біле тұра, дәйексіз мәліметтерді ұсынғандары үшін лауазымдық тұлғалар заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1999 жылы 9 қыркүйектегі № 1346 қаулысымен бекітілген ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебін ұйымдастыру Ережесінің 6 тармағы: «осы Ережелердің 4 және 5 тармақтарында көрсетілген мәліметтердің түскен күнінен бастап қамқоршылық және қорғаушылық органы 1 ай ішінде патронаттың қамқоршылығы немесе келісімі бойынша ұл бала асырап алуға (қыз бала асырап алуға) баланы тәрбиелеуге отбасына орналастыруды қамтамасыз етеді және баланы отбасыға тәрбиелеуге беру мүмкіндігі болмай қалғанда, сондай бала туралы мәліметті тиісті әкімшілік-аймақтық бірліктердің білім беруді басқару органына есепке алу және баланы Қазақстан Республикасы аймағында тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасына тәрбиелеуге содан кейін орналастыруға көмек көрсету үшін жібереді.


Егер бір ай өткен соң тиісті әкімшілік-аймақтық бірліктердің білім беруді басқару органымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала туралы мәліметтің алынғанынан кейін сондай бала патронаттың қамқорлығы немесе келісімі бойынша ұл бала асырап алуға (қыз бала асырап алуға) баланы тәрбиелеуге отбасына орналастырылмаған болса, онда көрсетілген баланың сауал- намасының көшірмесі облыстың, республикалық мағынадағы қаланың және астананың білім беруді басқару органына беріледі».


5. Мемлекеттік қызметті «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.

6. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар туралы деректерді өңірлік мәліметтер банкіне енгізу және өңірлік есепке алу үшін мәліметтерді жіберу.

7. Мемлекеттік қызмет қөрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері 2008 жылдың 3, 5, 8 сәуірінде «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінің 5-1-81 нөмірінде тіркелген, Өскемен қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 5757 (5 қосымша) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленген:


    1. мемлекеттік қызмет қөрсету мерзімдері тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәттен, мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сауалды беру мезетінен бастап - 30 күннің ішінде;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электрондық сауал қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 1 сағат ішінде;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 1 сағат ішінде;

8. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттік органдардың және басқа да субъектілердің қатысуынсыз көрсетіледі.

9. Регламентті басқа да мемлекеттік органдармен ұйғару қажет етілмейді.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іс-әрекеттер

(өзара әрекеттер) тәртібін сипаттау



10. Кіріс өтініштер барлық қажетті құжаттарды тапсырған соң «Тіркеу журналында» тіркеледі, тұтынушыға тұтынушымен мемлекеттік қызмет алынған күн белгіленген құжаттарды ұсынғанын растайтын талон беріледі.

11. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) балалардың туу туралы куәлігі;

2) ата-аналарының қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттары (ата-аналарының қайтыс болғандығы туралы куәлік; ата-аналық құқықтарынан айырғандығы, ата-аналық құқықтарындағы шектеулер, ата-аналарының қабілеті жоқ деп танылғандығы туралы сот шешімі; ата-аналарының ауыруы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналарының балаларды тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан бас тартуы, соның ішінде ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеу, емдеу және басқа да ұқсас мекемелерден алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналық қамқорлықтың басқа да жағдайлары).

12. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

1) өтініш берушінің құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығы;

2) құжаттардың сақтандырылуын қамтамасыз ету.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекетінде келесі ҚФБ қатысады - өтініштерді қабылдауды, журналда тіркелуді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар туралы деректерді өңірлік мәліметтер банкіне енгізу және өңірлік есепке алу үшін мәліметтерді жіберуді жүзеге асыратын маман (ҚФБ-1).

14. ҚФБ әрекеттерінің жүйелілігі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

15. ҚФБ және әрекеттің логикалық жүйелілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма осы регламенттің 2 қосымшасында берілген.

16. Соған сәйкес нәтижесі берілуі тиіс хабарландыру нысаны, осы регламенттің 3 қосымшасында берілген.


Өскемен қаласы әкімі

аппаратының басшысы М. Сайдуақасова


«Жетім және ата-анасының қамқор-

лығынсыз қалған балаларды

өңірлік есепке қою» мемлекеттік қызмет

көрсету регламентіне 1 қосымша


ҚФБ әрекетінің жүйелілгі.


1кесте. ҚФБ әрекетінің сипаты.





Негізгі іс-әрекеттің әрекеттері (барысы, жұмыс ағымы)

1

N әрекеттер (барысы, жұмыс ағымы)

1

2

2

ҚФБ атауы

ҚФБ-1

ҚФБ-2

3

Әрекет атауы (үрдіс, рәсімдер, операциялар) және олардың сипаттамалары

Өтініштерді қабылдау, журналда тіркеу.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар туралы құжаттарды рәсімдеу, деректерді өңірлік мәліметтер банкіне енгізу және өңірлік есепке алу үшін мәліметтерді жіберу.

4

Аяқтау нысаны(мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні бар өтінішті қабылдау туралы талон

Тізім.

5


Орындау мерзімдері

30 минут

30 күн

6

Келесі әрекет нөмірі

2





2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі іс-әрекет.


Негізгі іс-әрекет (жұмыс барысы, ағымы)

ҚФБ 1

№ 1 іс-әрекет.

Өтініштерді қабылдау, журналға тіпкеу.

№ 2 іс-әрекет.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар туралы құжат- тарды рәсімдеу, деректерді өңірлік мәліметтер банкіне енгізу және өңірлік есепке алу үшін мәліметтерді жіберу.


Баламалы іс-әрекет қарастырылмаған.


«Жетім және ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған

балаларды өңірлік есепке қою»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне 2 қосымша


ҚФБ және әрекеттің логикалық жүйелілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма


Мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекеті

ҚФБ 1











«Жетім және ата-анасының

қамқоршылығынсыз қалған

балаларды өңірлік есепке қою»

мемлекеттік қызмет көрсету

регламентіне 3 қосымша


Соған сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі берілуі тиіс хабарландыру нысаны.


Хабарландыру


_____________________

(кімге)

_____________________

(мекенжайы)


Сізбен 200_ жылы №____ ұсынылған құжаттар ата-анасының қамқоршылығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды өңірлік есепке қою үшін Шығыс Қазақстан облысының білім Департаментіне 2008 жылдың ____________жіберілген.


Лауазымы, аты-жөні, қолы