girniy.ru 1 2 ... 9 10


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «12» мамырдағы
№ 501 қаулысымен

бекітілген


«Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын

салық төлеушiні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандарты

  


1. Жалпы ережелер

 


  1. «Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының салық органдары Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының (бұдан әрі – Орталық) мекенжайлары осы Стандартқа 1-қосымшада келтірілген.

  1. Мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.

  2. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
    10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының
    21) тармақшасы, 574–576-баптары негізінде көрсетіледі.

  3. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсынан www.salyk.kz мекенжайы бойынша, сондай-ақ салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталығына 8 (7172) 58-09-09 телефоны бойынша өтініш жасай отырып алуға болады.

Мемлекеттік қызмет стандарты:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Салық комитеті» бөлімінің «Салықтық қызметтерді көрсету стандарттары» кіші бөлімінде;

  2. салық органдарының ақпараттық стенділерінде орналастырылған.

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

тіркеу есебіне тұрған, тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген, тіркеу карточкасын ауыстырған кезде – белгіленген нысан бойынша тіркеу карточкасын (бұдан әрі – тіркеу карточкасы) беру болып табылады.


Тiркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне, ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызмет көрсету бойынша стационарлық орынға, сондай-ақ әрбір мұнай өндіру зауытына (мұнай өнімдерін өндіру объектісіне), мұнай өнімдері базасына (ыдыс), автомобильге май құю станциясына, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жайға беріледі;

есептен шығару кезінде – жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару болып табылады.


  1. Мемлекеттік қызмет жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

Жекелеген қызмет түрлерiне мынадай қызмет түрлері жатады:

    1. бензин (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру;

    2. бензин (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сату;

    3. этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiру;

    4. алкоголь өнiмiн көтерме және (немесе) бөлшек сату;

    5. темекi өнiмдерiн өндiру және (немесе) көтерме сату;

    6. лотереялар ұйымдастыру, өткiзу және лотерея билеттерiн сату;

    7. ойын бизнесi;

    8. ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып;
    9. Салық кодексінің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау).


  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) есепке тұру, салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерi туралы мәліметтер өзгерген немесе толықтырылған, тіркеу карточкасын ауыстыру кезінде – қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

есептен шығару кезінде – қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде;

  1. салықтық өтініштерді тапсырған кезде кезекте рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

  2. тіркеу карточкасын алу кезінде кезекте рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

  3. лотерея билеттерінің шығарылымын тіркеу үшін лотерея билеттерін сату басталғанға дейiн 10 (он) күнтiзбелiк күн ішінде салық органына жүгінуі қажет;

салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтер өзгерген кезде салықтық өтініш өзгерістер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тапсырылады;

салық органы салық төлеушінің өтінішінсіз жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді мынадай жағдайлар басталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады:

лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензиясының қолданысы тоқтатылған;

бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу келісімінің қолданысы тоқтатылған;

алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;

бензинді (авиациялықтан басқа) және дизель отынын өндіру және сату бойынша қызметін жүзеге асыру кезінде акциз бойынша декларацияны 6 (алты) ай ішінде салық органына табыс етпеген;


жекелеген қызмет түрлері бойынша есептен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпаратты орналастыру – есептен шығарылған күннен бастап (3) үш жұмыс күні ішінде.


  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Орталықтардың жұмыс режимі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Жеделдетілген қызмет көрсету режимі көзделмеген.

10. Орталық салық төлеушілерге қызмет көрсетуге бөлінген операциялық залды немесе бірнеше бөлек кабинеттерді білдіреді. Онда күту орындары, құжаттарды толтыру мен қалыптастыруға арналған үстелдер, анықтамалық, консультациялық қызметтерді көрсетуге арналған «терезелер», ақпараттық стенділер, дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған.

 


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін:

тіркеу есебіне тұру, тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген, сондай-ақ тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) кезде:

жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректері өзгергеннен немесе жоғалғаннан (бүлінгеннен) кейін жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыру басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлері орналасқан жері бойынша Орталыққа белгіленген нысан бойынша салық төлеушінің (өкілінің) қолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда өз атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің (өкілінің) мөрімен куәландырылған салықтық өтінішті өз қолымен толтыру және өзі келу тәртібімен екі данада табыс ету келесі қызметтерді жүзеге асыру бойынша:

бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сату – бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндiру, көтерме және (немесе) бөлшек сату бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;


этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiру, алкоголь өнiмiн көтерме және (немесе) бөлшек сату – этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмін өндiру, алкоголь өнiмiн көтерме және (немесе) бөлшек сату бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

темекi өнiмдерiн өндiру және (немесе) көтерме сату – темекi өнiмдерiн өндiру және (немесе) көтерме саудада сату бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

лотереялар ұйымдастыру, өткiзу және лотерея билеттерiн сату – лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

ойын бизнесi саласы – ойын бизнесі бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру – тіркелген салық салынатын объектілерді тіркеу есебі туралы салықтық өтініш;

Салық кодексінің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыру - Салық кодексінің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинау (жинақтау) бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш табыс ету қажет.

Салықтық өтінішке:

бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сату, сондай-ақ алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сату бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде – меншік құқығын растайтын құжаттардың немесе мұнай өнімдері базасын (ыдысты), автомобильге май құю станциясын, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма (қосалқы, инженерлік-техникалық) үй-жайларын жалдау шартының көшірмелері;

бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сату, темекі өнімдерін өндіру, лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату, ойын бизнесі бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде – қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның көшірмелері қоса беріледі;


есептен шығару кезінде:

салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерін тіркеу орны бойынша Орталыққа жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруын тоқтатқан немесе барлық салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлерінесептен шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өз қолымен толтыру және өзі келу тәртібімен екі данада белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өз атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің (өкілінің) мөрімен куәландырылған тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш табыс ету қажет

Тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішке тіркеу карточкасы қоса беріледі.


  1. Салықтық өтініштердің бланкілері салық төлеушіге салық органдарында тегін беріледі. Сондай-ақ резидент емес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша («Ұсынылған сілтемелер» бөлімінің «Салықтық өтініштер» кіші бөлімінде) орналасқан салықтық өтініштердің нысандарын өзі дербес қағазға басып шығара алады.

  2. Салықтық өтініштер тапсырылатын Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген.

  3. Мыналар салықтық өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады:

салық төлеушіде қалатын өтінімнің, өтініштің екінші данасында қызметкердің тегін, аты-жөнін, қолын және өтінімнің, өтініштің қабылданған күнін қоюды білдіретін салықтық өтініштің қабылданғаны туралы салық органы қызметкерінің белгісі;

кіріс кұжатын қабылдау және шығыс құжатын беру туралы мәліметтер көрсетілген талон;

15. Жекелеген қызмет түрлерi бойынша тіркеу карточкасы салықтық өтініш берген жер бойынша Орталығының тиісті «терезесіне» өзі келу тәртібімен салық төлеушіге беріледі.
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері жоқ.




3. Жұмыс қағидаттары


  1. Салық қызметі органдарының жұмыс қағидаттары:

  1. салықтық қызмет көрсету рәсімі туралы толық ақпарат беру;

  2. қызмет көрсету кезінде салық төлеушілердің құқықтарын сақтау;

  3. салықтық қызметтерді тегін көрсету;

  4. салық қызметі органдарының қызметкерлері тарапынан сыпайы қарым-қатынас;

  5. салық төлеуші ұсынған ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы болып табылады.



4. Жұмыс нәтижелері


  1. Салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде салық қызметі органдарының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі

 

  1. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін салық органдарында лауазымды адамдар түсіндіреді, олардың байланыс деректері осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген, сондай-ақ 8 (7172) 58-09-09 телефон нөмірі бойынша салық заңнамасын түсіндіру бойынша Call-орталықта беріледі.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда берілетін шағымдар таңдауы бойынша:
    1. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын салық органына қатысты жоғары тұрған салық органының басшысына тікелей. Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 1-қосымшада келтірілген, сондай-ақ салық органдарының ақпараттық стенділерінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша орналастырылған;


    2. мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын салық органына қатысты жоғары тұрған салық органының «сенім» телефонына және (немесе) 8 (7172) 717963 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «сенім» телефонына. Республика салық органдарының «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;

    3. call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына;

    4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Төрағаның блогы» бетінде);

    5. салық органдарында немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

    6. жазбаша шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасалатын шағымдалып жатқан салық органынына қатысты жоғары тұрған салық органының немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің кеңсесіне жүгіну жолымен жіберіледі.

  1. Дөрекі қызмет көрсетуге шағымдар таңдауы бойынша:

  1. тікелей Орталықтың басшысына. Орталықтардың басшыларының байланыс деректері осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;
  2. қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органының немесе жоғары тұрған салық органының басшысына басшысына тікелей. Салық органдары басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген, сондай-ақ салық органдарының ақпараттық стенділерінде және www.salyk.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған;


  3. қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органының «сенім телефонына», қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органына қатысты жоғарғы салық органының «сенім телефонына» және (немесе) 8 (7172) 717963 нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «сенім телефонына». Республика салық органдарының «сенім телефондарының» тізбесі осы стандартқа 3-қосымшада келтірілген;

  4. call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына;

  5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына (www.salyk.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті интернет-ресурсының «Төрағаның блогы» бетінде);

  6. салық органдарында немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер арқылы;

  7. жазбаша шағыммен қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсетуге шағым жасалатын салық органдарының, қызметкерлерінің дұрыс емес қызмет көрсетуі шағымдалып жатқан салық органдарына қатысты жоғары тұрған салық органының немесе Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кеңсесіне жіберіледі.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  2. Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ерікті түрде мынадай мәліметтерді көрсете отырып беріледі:

    1. шағым берілетін салық қызметі органының атауы;

    2. шағым беретін адаиның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан орны);
    3. шағымның мәні;


    4. шағым жасалатын салық қызметі органы қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

    5. салық төлеушінің (салық агентінің) шағымға қол қойған күні.

  1. Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымның қабылданғанын мыналар растау қызметін атқарады:

1) «сенім телефонына» жүгінген кезде – «сенім телефонына» қоңырау шалу және салық қызметі органы қызметкерінің жауабы;

2) call-e-tax@mgd.kz мекенжайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгінген кезде – электрондық хабарламаның жеткізілгендігі туралы хабарлама;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына жүгінген кезде – интернет-ресурста жариялау;

4) келу тәртібімен қағаз жеткізгіште берген кезде – талон. Талонда күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетіледі.

Шағымды қарау барысы және қарау нәтижелері туралы:

1) «сенім телефонына» жүгінген кезде – «сенім телефонына» қоңырау шала отырып;

2) егер шағым электрондық шағым кітабына берілген болса – электрондық хабарлама жібере отырып;

3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының блогына жүгінген кезде – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша «Төрағаның блогы» бетінен;

4) егер шағым келу тәртібімен қағаз жеткізгіште берілген болса – шағымды қабылдаған тұлғадан білуге болады.

Салық қызметі органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздіг іне) шағым мынадай мерзімдерде қаралады:

1) егер шағымды қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін болса – күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;


2) егер шағымды қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін болса – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде шағым берушіге хабарланады.

Егер шағымда жазылған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда шағым түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өтініш берушіге хабарланады.

Қаралған шағымның нәтижесі:

1) егер шағым қағаз жеткізгіште келу тәртібімен, пошта немесе шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы берілген болса – салық төлеушіге беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі;

2) «сенім телефонына» жүгінген кезде – пошта арқылы жіберіледі және телефон арқылы хабарланады;

3) егер шағым электрондық шағым кітабына берілген болса – шағым жіберілген электронды мекенжайға электронды хабарлама түрінде жіберіледі.


  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында www.salyk.kz мекенжайы бойынша салық төлеуші:

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүргізетін іс-шаралар туралы ақпарат, салық органдарының байланыс деректерін, жаңалықтар мен басқа да анықтамалық ақпараттарды ала алады;

  2. нормативтік құқықтық актілерді және салық салу мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы хаттарды қарай алады;
  3. салық салудың және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелерінің әртүрлі мәселелерін талқылау бойынша форумға, сондай-ақ салық төлеушілерге жүргізілетін сауалнамаға қатыса алады;

  4. салық қызметі органдары ұсынатын электрондық қызметтерді пайдалана алады, сондай-ақ салықтық қызмет көрсету бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді көшіріп ала алады.


_____________________


«Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша



следующая страница >>