https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Windows-тан Linux-қа көшу себептері

Мурзахметов А.Қ.

10А, шг №39, Карағанды қ.

рук. Мадина Макашевна


Кіріспе

Windows-ті толық және лицинзионды орнатуға шамалары келмеген адамдар Windows-ті заңсыз түрде қолданып таратып жүр. Мұндай жағдаймен қарапайым халықтың 80 пайызы кездесіп отыр. Шынымен де, бұл проблеманың шешілуі жоқ па? Әлде бар ма? Бар болса мұндай қадамға басу жөн болама.

Көптеген мемлекеттік мекемелер мен білім бретін мекекмелер , компаниялар мен организациялар операциондық жүйелерге көзқарасы өзгеруде. Олар Windows операциондық жүйесінен бас тартып Linux операциондық жүйелеріне көшіп келе жатыр. Менің есіме бірден «неге?» деген срақ түсті. Бұл жердегі Linux операциондық жүйелерінің тегін және коды ашық операциондық жүйе екені үлкен рөл атқарады. Мен бұл жұмысты бастағанымның себебі де осы.


Негізгі бөлім

Мен Windows пен Linux-тің дистрибутивтарының ішіндегі ең жақсылардың бірі Ubuntu мен салыстыру арқылы зерттедім. Салыстыру негізінде екі операциондық жүйені мынадай сипаттары бойынша жіктедім:


  1. Операциондық жүйелердің сатылу бағасы

  2. Орнату оңайлығы

  3. Қауіпсіздігі мен тұрақтылығы

  4. Конфигурацияларды өзгерту мен басқарылуы

  5. Бағдарламалармен қамтамасыз етілуі

  6. Интерфейс

  7. Апараттарда қамтамасыз етілуі

Алдымен, операциондық жүйелерді таңдауда үлкен рөл атқаратын сатылу бағаларынан бастайық. Windows операциондық жүйенің жаңа шыққан Windows 7 «белый ветер» дүкендерінде бір компьютер үшін сатылатын бағасы 15000 тг басталады, ал, оған қосымша Microsoft Office 2007 – де 15000 тг басталады. Осындай баға қарапайым халыққа өте қымбат баға болып табылады. Бұл операциондық жүйені заңсыз түрде орнатып, таратудың себебі осы.

Linux операциондық жүйелері толығымен тегін, оған қарамастан коды ашық және азат операциондық жүйе. Ubuntu-ні тегін түрде поштамен алуға болады және шексіз копютерлерге орнатуға толық құқығыныз бар.


Бағалары бойынша бұл екі поерациондық жүйелердің ішінен Linux-ті таңдағаны жөн болуы әлдеқайда мәлім.


Екі операциондық жүйелерді орнату ешқандай қиындық туғызбайды. Windows 7 мен Ubuntu 9.10 алсақ, оларды компьтерге орнату 10-15 минут алады. Алайда, Ubuntu-ға қосатын нәрсе, Live CD функциясы арқылы оны компьтерге орнатпай-ақ тексеріп байқауға болады. Және тікілей Windows-тан орнтып шығаруға болады.

Сондықтан, екі операциондық жүйелерді орнатқан кезде Ubuntu Linux оңайлау және қолайлырақ екені түсінікті.


Операциондық жүйлерінің қауіпсіздігі туралы айтсақ. 2007 жылы Symantec деректері бойынша Windows-қа 150 мың вирус арналған, ал Linux-қа сол кезде 500-ақ вирус табылған. Дегенмен Windows-қа антивирус қойып, врустардан қорғануға болады. Бірақ ол үшін компьютердің рессурстары мен қосымша ақша жұмсалады. Linux опрациондық жүйелерінің коды ашық болғандықтан, кез-келген адам оны алып пректіге көмек көрсете алады. Ал, вирус кіріп кеткен жағдайда кез-келген адам сол туралы мәлім етіп бұл қатені жөндей алады. Сондықттан Linux операциондық жүйесі кез-келген қауіпті уақытында жоя алады.

Windows пен Linux операциондық жүйелердің конфигурацияларын жеңіл өзгертіп жөндеуге болады. Алайда, Linux операциондық жүйенің коды ашық болғандықтан алдымызда үлкен мүмкіншіліктер пайда болады. Біз кез-келген нәрсені ұсақ-түйекке дейін өзгертіп ала аламыз.

Компьютерге Windows-ты тек винчестерінде орната аламыз және ол тек сол комьютерде ғана ашылатындай етіп жасалған. Linux-та мүлдем олай емес. Оны кез-келген тасымалдаушыға жазып, компьтердің жабдықтарына тәуелсіз болғандықтан, кез-келген компьютерде аша аламыз. Осылай көптеген қиындықтар жойылады.

Windows бағдарламалық қамтамасыз етілуі бірер жылдар бұрын Linux-тан алдында жүрді. Себебі, бағдарламалардың басым-көпшілігі Windows-қа арналп жазылған. Қазір мұндай бағдрламалар Linux-қа да арналып жазылуда, олай болмаса, қиындықты шешетін Wine эммуляторы Windows-қа жазылған бағдарламалардың көбісін Linux-қа көшіреді. Windows-қа жазылған бағдарламаларға лайықты,тегін және ашық аналогтар бар. Мысалы, Microsoft Office-қа Open Office, Photoshop-қа Gimp. Linux-қа қосатын тағы бір жағдай, пакеттер менеджері деген бағдарлама арқылы сіз оңай да, тез кез-келген бағдарламаны орната аласыз.


Windows-тың соңғы шыққан бірнеше версияларының интерфейстері бірі-бірінен ажырамайды. Стандартты пуск батырмасы, үлкен жұмыс үстелі мен гаджеттар. Ал, Linux болса, көптеген мүмкіншілік ашады. Сіздің жұыс үстелінде терезе көбейіп кетті ме,бірнеше жұмыс үстелін қолданыныз, жұмыс үстелдер менеджері арқылы сіз көптеген жұмыс үстелдердің түрлерін, және өзініздің жұмыс үстелін өзіңіз жасай аласыз. Бұған қоса, Linux-та 3d мүмкіншіліктері таң қалдырады.

Windows жаңа версиялары шығаруыменен компьтердің жабдықтарының қуаттандырылуын қажет етеді. Өзіңізді Windows-пен бірге жаңа компютерлік жабдықтарды сатып алуға мәжбүрлемей, Linux операциондық жүйені орнатыныз.

Әрине, Linux сіздің компьютерініздің қуатын арттыра алмайды, бірақ күнделікті жасайтын мәтінді теру, интернет, пошта жіберу сізге ешқандай қиындық туғызбайды.


Қорытынды

Қазір елімздің басым кқпшілігі Windows операциондық жүйесінде отыр. Көптеген жылдар бойы біздің компьютерлеріміде стандартты жүйе болды. Бірақ Linux-тың көрсетілген арттықшылығы, оның қауіпсіз, сенімді, тұрақты, қолдануда оңай және қолайлы, әдемі, соларға қоса тегін және ашық екенің дәлелдейді.Жыл сайын Linux қолданушылары көбейіп келеді. Бұл жүйенің артықшылығы мен сарқылмас мүмкіншіліктерімен танысқан және сол жүйені қолданып келе жатқан мемлекеттер, компаниялар, организациялар өзінің таңдауына еш күманданбайды. Оларды атап айтсақ:


  • 2007 жылы Франция парламенті Цштщцы тан бас тартып Linux дистрибутиві Ubuntu-ға көшті. Сол жылы франция полициясының 70 мың компьютері осы жүйеге ауысты.

  • Грузия мен Македония елдерінде бұл жүйе білім беру мекемелерінде қолданып келе жатыр. 180 мың компьютері осы жүйеге ауыстырылды.

  • Испания елі бұл жүйені білім беру мекемелеріне көшіруді жоспарлады. 400 мың компьютер осы жүйеге ауысады.

  • Бүкіл әлемге атағы шыққан Google goobuntu дистрибутивін қолданып келе жатыр.
  • Ubuntu Wikipedia проектінде басты операционық жүйе боылып табылады.


  • 2009 жылдың қараша айында 12 млн қолданушы бекітілді.

Осыдан, Linux жүйесі Windowsтан гөрі жақсы екені, жәнеде біздің елімізде қазірден бастап бұл жүйеге көшу керек екндігі түсінікті болады. Зерттеудің натижесінде басында айтылған проблеманың жеңіл шешу жолы табылды. Таңдау әрқашан сіздің қолынызда, алайда оны сізге Linux қалдыра ма?


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Журнал Linux Format

  2. "Путь к линукс" Владимир Водолазский



  1. "Linux. От понимания к применению" Кай Петцке



  1. Книга Windows XP (Service Pack 3). Полное руководство (+DVD с обновлениями 2009 г.). Матвеев

  2. Интернет