https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Қазақстан Республикасының Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуінің қорытындысына арналған тарих және құқық факультетінде профессор-оқытушылар құрамы және белсенді студенттердің қатысуымен ақпараттық-танымдық кеш оздырылды. Кештің негізгі мақсаты мемлекетіміздің халықаралық ұйымға төрағалық етудегі жеткен жетістіктері мен атқарған тыңғылықты істеріне ғылыми-педагогикалық тұрғыдан баға беру және студент жастарға насихаттау болып табылады. Кеш барысында тарих және құқық факультетінің деканы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Д.Б. Абулкасова, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Н. Бақтығұлова аталған тақырыпта баяндамаларын оқып, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуінің мемлекет үшін маңыздылығы мен еліміздің тәуелсіз мемлекет ретіндегі Еуропадағы рөлін айшықтайтын ғылыми деректер арқылы дәлелдеп берді. Университеттің ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету кезіндегі ақпараттар мен деректерден сыр шертетін кітаптар мен газет – журналдар көрмесі қойылды. Студент жастар сөз алып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуы қарсаңында жемісті атқарылған жұмысының нәтижелеріне оң бағаларын берді (13.09.2011).