https://electroinfo.net

girniy.ru 1


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « 8 » қарашадағы

№ 1310 қаулысымен

бекітілген


Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары

(890.00-нысан)


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (890.00-нысан) (бұдан әрі – Қағида) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау тәртібін (бұдан әрі – Декларация) айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 525-бабына сәйкес мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация Салық кодексінің 527-бабы 8-тармағына сәйкес жасалады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

6. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « – » белгісімен белгіленеді.

7. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.


9. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігін салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің электронды түрде қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

10. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтыруы тиіс.  


2. Декларацияны жасау (890.00 – нысаны)


11. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеушінің СТН;

2) кеме жүpетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеушінің ЖСН/БСН;

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі (тоқсан, жыл) – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі);

4) салық төлеушінің атауы.

Жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның (немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшенің) атауы көрсетіледі.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша – сенімгерлікпен басқарушы құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының салық міндетін орындау мезетте, жолда сенімді басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның (немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша құрылымдық бөлімшенің) атауы көрсетіледі.


5) Декларация түрі.

Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түріне Декларацияны жатқызуды ескере отырып, тиісті торкөздер белгіленеді.

6) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жол Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағы 4) тармақшасында көзделген Декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады.

7) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер, егер төлеуші А немесе B жолда көрсетілген санаттардың біріне жататын болса белгіленеді;

8) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі.

12. «Бюджетке төленуге жататын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны есептеу үшін мәліметтер» бөлімінде:

1) 890.00.001 жолында кеменің атау көрсетіледі;

2) 890.00.002 жолында кеменің түрі көрсетіледі;

3) 890.00.003 жолында кемені мемлекеттік тіркеу туралы нөмірі мен күні көрсетіледі;

4) 890.00.004 жолында ағымдағы жылға көлік саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес кеменің (тіркелімдік тоннамен) жалпы сыйымдылығы (көлемі) көрсетіледі;

5) 890.00.005 жолында айларда, ағымдағы жылға көлік саласындағы уәкілетті органы белгілейтін навигацияның кезеңі көрсетіледі.

13. «Бюджетке төленуге жататын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы» бөлімінде:

1) 890.00.006 жолында кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақының ставкасы көрсетіледі, ол республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,26 есебінен және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданатын жалпы тіркелімдік 1 тоннасы үшін (0,26 х АЕК) есебінен айқындалады. Егер төлемақының сомасы 0,5 және одан жоғары бөлшек мәнін құраған жағдайда, онда мұндай мән бүтін бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5 кем болса – дөңгелектеуге жатпайды;


2) 890.00.007 жолында көлік саласындағы уәкілетті органның деректеріне және оны жүргізу ережесі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 72-І бұйрығымен бекітілген Кеме журналына сәйкес кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдалану мерзімі көрсетіледі;

3) 890.00.008 жолында төлемақының ставкасынан, тіркелімдік тоннада кеменің жалпы сыйымдылығына және кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдаланудың, бірақ бір күнтізбелік ай үшін төлемақы мерзімінен кем емес мерзіммен айқындалатын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақының жылдық сомасы көрсетіледі (890.00.006 жол х 890.00.004 жол х 890.00.007 жол);

4) 890.00.009 жолында ағымдағы жылға көлік саласындағы уәкілетті органы белгілейтін навигацияның кезеңіне кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақының есептелген жылдық сомасын бөлу жолымен айқындалатын кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн ай сайынғы төлемақының мөлшері көрсетіледі (890.00.008 жол/ 890.00.005 жол);

5) 890.00.010 жолында кеме жүзетін су жолдарын нақты пайдаланған мерзіміне кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақының ай сайынғы сомасының мөлшерін көбейту жолымен, бюджетке төленуге жататын төлемақының нақты сомасы көрсетіледі (890.00.009 жол х 890.00.007 жол).

Бұл ретте шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар бір жолғы кеме кіретін кезде бюджетке төлемақының бір айлық ставкасы мөлшерінде кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы төлейді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам мерзімде болған кезде, олар төлемақыны бюджетке Салық кодексінің 527-бабында белгіленген тәртіпте төлейді;

6) 890.00.011 жолында пайдалану айлары бойынша жолдарда бюджетке төлеуге жататын төлем сомасы көрсетіледі.


14. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» бөлімінде:

1) «Салық төлеушінің (басшының) аты-жөні» жолда құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға өткізетін болса, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) Декларацияның тапсырған күні.

Декларацияның салық органына тапсырған күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық салу объектісінің орналасқан орны (тұрақты ластау көздері бойынша) немесе жылжымалы көздерiн мемлекеттік тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамының аты-жөні» жолда Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

5) Декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес Декларация табыс етілген күн кө�