https://electroinfo.net

girniy.ru 1

ҮШБҰРЫШТАР

Заитова П.Қ

7Г , №12 орта мектеп

жетекші: Құрманбаева А.С


Геометрия - геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылым.Оның мысалдары; үшбұрыш квадрат, шеңбер т.б. Біз бұл мақалада «Үшбұрыш» ұғымын жалпылау және бір жүйеге келтіру мәселесін қарастырамыз.

Үшбұрыш деп үш нүктелден және осы нүктедерді қос-қостан қосатын үш кесіндідентұратын фигураны айтады. Нүктелер үшбұрыштың төбелері, кесінділер оның қабырғалары. Үшбұрышты төбелері арқылы белгілейді. «Үшбұрышә сөзінің орнына Δ белгісі қолданылады. Егер екі кесіндінің ұзындықтары бірдей болса, онда олар тең кесінділер деп аталады. Егер екі бұрыштың градустық есебі тең болса, онда олар тең бұрыштар деп аталады. Егер үшбұрыштың сәйкес қабырғалары, сәйкес бұрыштары тең болса, онда олар тең үшбұрыштар деп аталады.Сонда сәйкес қабырғалар сәйкес бұрыштарға қарсы жатуы тиіс.

Үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі.

Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса. Онда мұндай үшбұрыштар тең болады,

Үшбұрыштар теңдігінің екінші белгісі . Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышы сәйкесінше екінші үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса. Онда мұндай үшбұрыштар тең болады.

Үшбұрыштар теңдігінң үшінші белгісі. Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы сәйкесінше екінші үшбұрыштың үш қабырғасына тең болса, онда ондай үшбұрыштар тең болады.

Үшбұрыштың қасиеттеріне байланысты көптеген теоремелар бар. Мысалы, үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы дәлелдеу үшін екі түзудің параллельдік ұғымын ,үшбұрыштың сыртқы бұрыштары туралы мәселені қарастыруға сыбайлас бұрыштар ұғымы, үшбұрыштың биіктігін тік бұрышты үшбұрыш ұғымын енгізу үшін түзулердің перпендикулярлық белгісі қажет.

Тік бұрышты үшбұрыштың 300-қа қарсы жатқан катеті; тең қабырғалы


үшбұрыштың бұрыштары ; үшбұрыштың медианасы жүргізілген қабырғаның тең жартысына тең болса, оның тік бұрышты үшбұрыш болуы т.б. теориялық үшбұрыштар есеп түрінде тұжырымдалған. 1-кестеде үшбұрыш қабырғаларының шамасына байланысты жіктелуі көрсетілген. Мұндағы негізгі мақсат қабырғалары әртүрлі, тең қабырғалы үшбұрыштар арасындағы байланыс пен олардың қасиеттерінің өзара қатынасын ұғыну.Бұдан біз кез-келген үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрышқа , ал тең бүйірлі үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрышқа қарағанда жалпыланған ұғым болғандықтан, кез-келген үшбұрыштың барлық қасиеттері оның дербес жағдайлары үшін орындалатындығын айқын түсінуіміз керек.Ал, 2- кестеде үшбұрыштың бұрыштары бойынша жіктемесі келтірілген.

1-кесте





Үшбұрыш туралы әрі қарай жоғарғы сыныптарда үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңбер, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындығы қатыстар т.б. тақырыптарға байланысты күрделене түседі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Погорелов А.В. Жалпы білім беретін мектептің 7-11 -сыныбына арналған оқулық.- Алматы: Рауан ,1997


2. Алдамұратова Т. А., Байшоланова Т.С. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық.- Алматы: Атамұра, 2005.

3. Информатика. Физика.Математика. Ғылыми-әдістемелік журнал.№4 ,2004