https://electroinfo.net

girniy.ru 1

6 сынып. Қазақ әдебиеті.

Тақырыбы: С.Аронұлы. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Жалпы мақсаты: Өлеңді оқу, талқылау арқылы балаларда жақсы мен жаман тақырыбында ой қалыптастыра отырып, ойлау, ойын жеткізу, іздену қабілеттерін дамыта алатын орта құру.

Міндеттері: 1.Топта, жұпта, жеке жұмыс жасауға үйрету;

2.Оқушылардың бір-бірімен пікірлесуіне мүмкіндік беру;

3.Өлеңнің мазмұнын талдау арқылы негізгі идеясын түсіндіру;

4.Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді ажыратып, жақсыдан тәлім алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:1.Топта пікірталас жасауға әрекеттене алады;

2.Оқушылар оқу материалын меңгеру барысында жаңа сөздермен, ақпараттармен таныса алды;

3.Өлеңнің негізгі идеясы туралы түсінік қалыптастыра алады;

4.Алған білімдерін салыстыру мен теңеулер арқылы өмірде қолданады.

Көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, слайдтар

Әдістер: түртіп алу әдісі, кейіпкерге хат, сұрақ-жауап, ой қозғау, бағалау.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар шеңбер формасында тұрып, бірінші оқушы қолына гүл ұстап, қасындағы оқушыға әдемі сөздермен бүгінгі сабағына сәттілік тілеп, қолындағы гүлін ұсынады. Әрі қарай екінші, үшінші.т.б. оқушылар осы реттілікті сақтап жалғастырады.

Топты ұйымдастыру

Әр түсті жетондар арқылы оқушыларды топтастыру.

Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге алдын-ала С.Аронұлы туралы ақпараттарды интернеттен, кітапханадан ізденіп тауып келуді тапсырған болатынмын. Қане, кім қандай ақпаратпен бөліскісі келеді? (Оқушылар алып келген ақпараттарымен бөліседі, яғни таныстырады. (суреті, өмірі, балалық шағы, өлеңдері) Мұғалім қосымша интербелсенді тақтада С.Аронұлы туралы мағлұмат беруге болады. Оқушылардың айтқан ақпараттарын қорытындылап, кластер толтырылады.



ақын айтыскер








1822 1895




Жамбылдың ұстазы қоғам қайраткері


І.Ой қозғау әдісі

Жақсы және жаман сөзін естігенде ойларыңа не келеді?

(жеке ойлануға 1 мин,жұпта ой бөлісеміз,топта талқылаймыз, топтан 1 оқушы жауап береді)

Мұғалім мен оқушының диалогы:

Жақсы деген сөзді неге, қандай жағдайға байланысты айтсақ болады?

Жаман сөзі туралы не айта аласыңдар?


ІІ.Жаңа сабақ:

Жақсы деген немене, жаман деген немене? Қандай адам жақсы, қандай адам жаман? Осы сұрақтар Сүйінбай ақынды да толғандырған екен. Олай болса, ақын өлеңінен жауап іздеп көрелік.

Өлеңді жеке оқу. «Түртіп алу» әдісі



Бұл маған белгілі ақпарат

Мен үшін жаңаша және тың ақпарат

Бұл ақпарат менің ойыммен сәйкес келмейді,бұрын мен басқаша ойлайтынмын

Бұл ақпарат бойынша сұрақ туындайды




















Мұғалім нұсқауы: Оқи отырып, қарындашпен өздерің үшін түсінбейтін жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің немесе өлең қатарының тұсына) + белгісін қойып отырыңдар.

Жазып болған соң топта талқылайды (5мин)

Мұғалім тақтадағы кестеге ретімен әр топқа сөз бере отырып толтырып шығады.

Мұғалім нұсқауы: Ал енді тақтадағы сөздерге, сөз тіркестеріне мән беріп қарайық. Бұл сөздердің мағынасы не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

Өлеңді мәнерлеп оқу (әр топтан 1оқушыға дауыстап, мәнерлеп өлеңнің 10 қатарын бөліп-бөліп оқыту)

Топтық жұмыс:

Топтарға үлестірме материал ретінде таратылады. Топ болып талқылайды, флипчартқа жазып ұжымға жариялайды. (тақтаға шығып, 1 оқушы оқып немесе түсіндіріп береді)

1-топ Жақсы адам туралы өз ойларыңды жазыңдар

2-топ Жаман адам туралы өз ойларыңды жазыңдар

3-топ Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді бағалайсыңдар?

4-топ Егер жаныңдағы досыңның бойынан жаман қасиетті байқасаң, қалай көмектесер едің?


ІІІ. Қорытынды:

«Жақсы деген немене,жаман деген немене» тақырыбына эссе жазу. Әр топтан ең жақсы деген бір-бір эссе оқылады.


Өзін-өзі бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

С.Аронұлы туралы ізденіп келген ақпараттары

Суреті,интернеттен материал

Диалог

(сұрақтарға нақты жауап беруі)

Топтық жұмыстағы белсенділігі

Эссе

(өзіндік пікірі болуы)

Ұпай саны


















Ұпай саны 8-10= «5»

6-7= «4»

5= «3»


(Әр тапсырмаға плюс 1 ұпай болып саналады. Сабақ аяқталып, бағалайтын кезде әр оқушы жинаған балын дауыстап айтады, мұғалім соған қарап, бағалайды. )


Үйге тапсырма: Сүйінбай Аронұлына хат жазу, жақсы мен жаман сөзіне байланысты мақал-мәтелдер жазып келу.


Модульдер: СТО; диалог, бағалау, АКТ; көшбасшылық, жас ерекшелігіне сай білім беру


Бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы


Әр топқа үлестірме материал ретінде таратылды.


1-топ Жақсы адам туралы өз ойларыңды жазыңдар

2-топ Жаман адам туралы өз ойларыңды жазыңдар

3-топ Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді бағалайсыңдар?

4-топ Егер жаныңдағы досыңның бойынан жаман қасиетті байқасаң, қалай көмектесер едің?