https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Мамандық 5В071600

АСПАП ЖАСАУ


Бітірушіге «5В071600 Аспап жасау» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.


Мамандық деңгейіндегі білімдік бағдарламалар (мамандандырулар):

• жылу – энергетика кешенінің бақылау – өлшеу жүйелері.

• радиоэлектронды аппаратура аспаптары мен өлшеу құрылғылары.


Аспап жасау бакалаврының кәсіби қызмет ету аясы барлық өндіріс салаларын, оның ішінде газ-мұнай саласын, әскери-өнеркәсіп, индустрия, көлік және байланыс, ауыл және коммуналдық шаруашылық, медицина мен білім салаларын қамтиды


Аспап жасау мамандығын алған бакалаврдың білімі мен шеберлігі оған білікті маман ретінде мынадай салаларда айналысуына мүмкіндік береді:


        • ақпараттық-басқару жүйелерін пайдалануда, өңдеуде және жөндеуде; ақпарат тарату құралдарында, диагностика жүйесінде, бақылау мен басқаруда және оларды бағдарламалармен қамтамасыз етуде;

  • өндіріс салаларына компьютерлік технология мен жаңа аспаптық жүйелерді енгізуге;

  • автоматика мен телемеханиканың техникалық құралдарын дайындау және қолдануды, жаңа құралдарды жасау мен заманауи технологияны енгізуге;

  • дайын өнімдердің сапасы мен технологиялық дайындалу процесінің өндірістік басқарылуын ұйымдастыруда және тиімді жүргізуде;

  • өндірістің технологиялық процесстерінің параметрлерін бақылауда және басқару бағдарламалары мен алгоритмдерінде, құрал-жабдықтарды тиімді қолдануда;

  • шығарылған өнімнің сапа көрсеткіштері бойынша негізгі өлшеуіш құралдарының метрологиялық тексерулерін жүзеге асыруда;

Профессор-оқытушы құрамы: «Электроника» кафедрасы ҚР техникалық жоғары оқу-орындарының ішіндегі осы бағытта білім беретін бас кафедралардың бірі болып табылады.

«Электроника» кафедрасының материалдық-техникалық базасы:


  • метрология зертханасы нақтылы жүйелер мен құралдардың виртуалды түрін құру, параметрлерін баптау және үйлестіруге мүміндік беретін заманауи цифрлы өлшеу құралдары және құрылғыларымен, аппаратты-бағдарламасы және ELVIS өлшеу жүйесімен кешенді жабдықталған.

  • микропроцессорлік техника зертханасы Step 7 бағдарламасымен қамтамасыз етілген өнеркәсіптік Simatic S7 контроллері, ATMEL және Microchip фирмаларының заманауи микроконтроллер базасындағы оқу стендтерімен жабдықталған.

  • сигналды микропроцессорлар зертханасы жоғары жиілікті сигналдарды цифрлайтын және өңдейтін DSP сериялы сигналдық микропроцессорларды зерттеуге арналған стендтермен жабдықталған.

  • аналогты және цифрлы құрылғылар зертханасы 240-тан аса зертханалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік беретін Degem System оқу стендтерімен жабдықталған.

  • аудиторияларда компьютерлер бір-бірімен локалды сетпен жалғанып интернетке қосылған, мамандандырылған бағдарламалар (MultiSim, Electronic Workbench, Visual FoxPro, Delphi, VisSim, MathCad, MatLab, AutoCad, Visio, System View) орнатылған, тағы әртүрлі PIC және AVR симуляторларды қамтиды.


Аталған мамандық бойынша бітірушілер мынадай жұмыстарды істей алады:

  • ІІД, ҰҚК мемлекеттік құрылымдарында, Салық қызметі мен Қаржы полициясында, сонымен қатар ақпаратты қорғау мен қауіпсіздік бойынша банктің барлық деңгейінде, сигналды күзет жүйесінде және бейне бақылауда, басқа ведомстволар мен құрылымдарда;

  • Мұнай-газ шығару және мұнайды қайта жасау компанияларының басқару жүйесі мен даму департаменттерінде;

  • көлік және байланыс, энергетика мен өнеркәсіп мекемелерінде, кен шығару мекемелері мен кен байыту комбинаттарында, бақылау-өлшеуіш құралдары мен автоматтандырылған бөлімдерде;
  • ауа-райын бақылау жүйесін өңдеу мен монтаждау бойынша жобалау және құрылыс компанияларында, күзет пен өрт сөндіру сигналдар жүйесінде, оның ішінде бейне бақылауда;

  • ақпаратты қорғауда, мәлімет базасын қолдауда және сетті администрациялауға байланысты мемлекеттік немесе кез-келген ұйымдар мен компанияларда.