girniy.ru 1

«Қаржы мәдениеті» бағдарламасының аясында гранттық қолдау алуға арналған

2014ж. жобалар конкурсын өткізу шарттары
 


  1. КІРІСПЕ

Аталған шарттар Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша «Қаржы мәдениеті» бағдарламасын (бұдан әрі – «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы) іске асыру аясында ұйымдар мен жеке тұлғалардан түскен жобалық өтінімдерге гранттық қолдау берудің ұйымдастыру-қаржы негізін анықтайды.
«Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қоғамдық қоры мен «Kaspi Bank» АҚ «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының бастамашылары болып табылады.
Конкурстың мақсаты – «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаларды қолдау.

 

Конкурсты өткізу принциптері:

  • барлық гранттық көмекті алушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс;

  • Конкурсқа Қазақстан Республикасы халқының ақша қаражатын жинау және сақтау саласындағы білімін арттыруға бағытталған жобалар қабылданады;

  • жобалар қазақ және/немесе орыс тілінде іске асырылады. Гранттық конкурстың жеңімпаз жобалары қазақ және орыс тіліндегі аудитория үшін тең болуы тиіс. (50%-де 50%);

  • қысқа мерзімді (үш айға дейін) және орташа мерзімді (алты айға дейін), Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыруға болжалды түрде ықпал ететін жобалар қолдау табады;

  • ұжымдық әрекет ету принциптеріне – Қазақстан Республикасы тұрғындарының жобаларын іске асыруға барынша үлес қосатын жобалар басым қолдауға ие болады.


2. КОНКУРСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
    1. «Просто о финансах» бағдарламасына қатысты гранттық көмек іздеуге арналған жобалық өтінімдерді жинау және талдау процесін ұйымдастыру Бағдарламаның Қоғамдық кеңесінің жұмыс барысындағы кездесулерінің аясында жүргізіледі (Қоғамдық кеңес туралы ережені қараңыз), атап айтқанда:


  • Бағдарламаның Қоғамдық кеңесі Конкурсқа берілген жобалық өтінімдерді Бағдарламаның мақсаты мен міндетіне сәйкестігін анықтау мақсатында қарайды;

  • Қоғамдық кеңес Конкурсқа берілген қандай да бір өтінімді Бағдарламаның мақсатына жету және оның міндеттерін шешу тұрғысынан қарап, жобаны іске асырудың мақсатқа сәйкес келуі және басымдылығы жөнінде өз ұсыныстарын айтады;

  • Конкурстың барысы мен оның қорытындысы ресми интернет сайттарда және Бағдарламаға бастама көтерушілердің әлеуметтік желі беттерінде жарияланады.

    1. Конкурсқа берілген жобаға гранттық қолдау бөлу туралы шешімді Бағдарламаға бастама көтерушілер Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып және «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келу-келмеуінің негізінде қабылдайды.

    2. Конкурстық іріктеуден өткен жобаларды іске асыру ресми интернет сайттарда және Бағдарламаға бастама көтерушілердің әлеуметтік желі беттерінде жарияланады.


3. ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ НЕГІЗГІ РӘСІМДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ

    1. Бағдарламаның ресми сайтында Конкурсты хабарлау және Конкурстың шарттарын жариялау –2014ж. 11 шілде.

    2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды аяқтау –2014ж. 1 қазан.

    3. Қоғамдық кеңес қабылдаған жобалық өтінімдердің тізімін жариялау – 2014ж. 05 қазанға дейін.

    4. Қоғамдық кеңестің жобалық өтінімдерді қарауы және олар жөнінде ұсынымдар жасақтау – 2014ж. 17 қазанға дейін.

    5. Жобаларды қорғау және Бағдарламаға бастама көтерушілердің шешім қабылдауы, 2014ж. бірінші кезекте іске асырылатын жобалардың тізімін жасақтау – 2014ж. 24 қазанға дейін.

    6. Конкурстың қорытындысын жариялау – 2014ж. 26 қазанға дейін.

    7. Конкурсқа қатысқан жеңімпаз өтінімдердің авторларымен өзара келісімшарттық қатынастар орнату –2014ж. 29 қазан.
    8. Жобаларды іске асыру барысы туралы есептерді жариялау – ай сайын (тоқсан сайын), 2014ж. қарашадан бастап.



4. 2014 ЖЫЛҒЫ КОНКУРСТЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӨТІНІМДЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

    1. 2014ж. Конкурсқа берілетін барлық жобалық өтінімдерге мынадай талаптар қойылады:

  • өтінімдер «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының Saken.Nigmashev@kaspibank.kz электрондық мекенжайына Doc, .Xls, .Pdf сияқты пішімдердің бірінде жіберіледі;

  • өтінімдер үлгіге сай ресімделеді (4.2.-тармақты қараңыз);

  • өтінімнің мәтіні екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

    1. Өтінімнің үлгісі:

  • қаржылық сауаттылық саласында және/немесе аралас салалардағы жұмыс тәжірибесінің (іске асырылған жобалардың және олардың нәтижелерінің) сипаттамасын қосқанда, грантқа үміткер туралы қысқаша ақпарат;

  • жобаның түйіндемесі (4 000 белгіден көп емес):

  • жобаны іске асыру кестесі.

  • жобаның бағалау бюджеті.

    1. Автор жобаның толық сипаттамасын Қоғамдық кеңестің оң ұсынымдарын алғаннан кейін береді.

    2. Бағдарламаға бастама көтерушілер жоба туралы және оның авторы, грантқа үміткер туралы қосымша ақпарат сұрата алады.


5. ЖОБАЛАРДЫ КОНКУРСТЫҚ БАҒАЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ

    1. Төмендегі талаптарға жауап беретін:

  • «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін;

  • жобаның беретін нәтижелері мен оларды бағалау тәсілдерінің нақты сипаттамасы бар;
  • Конкурсты өткізудің осы шарттарына сай ресімделген;


  • Конкурсты өткізудің аталған мерзімінде берілген;

  • «Просто о финансах» бағдарламасының міндеттерін шешуге жаңашылдық және шығармашылық (инновациялық) қырмен келетін жобалық өтінімдер Қоғамдық кеңестің қарауына қабылданады.

    1. Мынадай сипаттамаларға ие:

  • коммерциялық сипатқа ие және бірінші кезекте пайда табуды көздейтін;

  • саяси, идеологиялық және/немесе діни идеялар мен доктриналарды насихаттау мақсаты бар;

  • жоба авторларының әлеуметтік көмек алуына ғана бағытталған;

  • төзімсіздікке және/немесе төзімсіздіктің қандай да бір түріне шақыратын жобалар Конкурсқа қатыстырылмайды.

    1. Конкурстық өтінімдер мынадай түрде бағаланады:

  • «Просто о финансах» бағдарламасының Қоғамдық кеңесінің хатшысы өтінімнің ресімделуінің Конкурстың шарттарына сәйкестегін тексереді және тексеру нәтижелері туралы авторға хабарлайды;

  • Конкурстың шарттарына сәйкес келетін өтінімдер алдын ала танысу үшін Қоғамдық кеңестің мүшелеріне жіберіледі;

  • Қоғамдық кеңестің жұмыс барысындағы кездесуінде бекітілген күнге сай (3-тармақты қараңыз) жобалық өтінімдер талқыланады және оларды іске асыру бойынша ұсынымдар жасақталады;

  • өтінімдердің Қоғамдық кеңестің оң ұсынымын алған авторлары кеңейтілген жобалау сипаттамасын дайындауға және оны «Қаржы мәдениеті» бағдарламасына бастама көтерушілердің алдында қорғауға шақырылады;

  • бағдарламаға бастама көтерушілер жобаларды қорғау нәтижелері бойынша бірінші кезекте іске асырылатын жобаларды анықтайды және қорытынды тізім жасақтайды;

  • 2014ж. іске асырылуға бекітілген жобалардың қорытынды тізімі Бағдарламаға бастама көтерушілердің ақпараттық ресурстарында (ресми интернет-сайттар, әлеуметтік желілердегі беттер) жарияланады;

  • жарияланған жобалар мәлімделген жоба кестесіне сай іске асырылады.




6. ГРАНТТАРДЫҢ МӨЛШЕРІ

Конкурстық өтінімдер жобаны 500 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейінгі диапазонда іске асыру үшін гранттың негізді мөлшеріне сұрату жасай алады.

Жобаның бюджетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтық аударымдар кіруі тиіс.
7. ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ

Конкурсқа берілген жобалар алты айдан аспайтын кезеңде іске асырылуы тиіс.

Жобаларды қаржыландыру 3 кезеңнен тұрады: 1-кезең – іске асыру басталғанда жоба 50%-ға, 2-аралық кезең – 30%-ға, 3-соңғы кезең – қалған 20%-ға қаржыландырылады

Алдағы уақытта өз шығынын өзі өтейтін немесе «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының аз ғана қаржылық қолдау негізі бойынша өз бетінше дами алатын жобалар қолдауға ие болады.
8. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚ

    1. Осы конкурстың аясында іріктеуден өткен және «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының гранттық қолдауын алған барлық жобаларды іске асыру барысында оларда «Қаржы мәдениеті» бағдарламасына және оларға бастама көтерушілерге жасалған сілтеме (еске салу) міндетті түрде көрсетілуі керек.

    2. «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының гранттық қолдау алған жобаның барысын жариялауға, олар туралы ақпаратты таратуға және оның нәтижелерін «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының міндеттерін шешу аясында аталған жобаның авторын (авторларын) (олардың келісімімен) көрсетіп, қолдануға құқығы бар.

    3. Конкурстың әр қатысушысы оған қатысу арқылы осы Конкурстың шарттарымен келісетінін/оған қатысатынын растайды және оларды сақтауға кепілдік береді.
    4. Конкурстың әр қатысушысы оған қатысу арқылы «Қаржы мәдениеті» бағдарламасының өздерінің дербес деректерін (ұйымның-грантқа үміткердің деректері) өңдеуіне келісімін беретінін растайды, Қоғамдық кеңестің қатысушыларының және «Қаржы мәдениеті» бағдарламасына бастама көтерушілердің уәкілетті өкілдерінің осы Конкурсқа қатысуға берілген барлық құжаттармен және ақпаратпен танысуына келісімін береді.


    5. Конкурстың әр қатысушысы оған қатысу арқылы шешімдерді қабылдау рәсімімен, Конкурстың жеңімпазын анықтау тәртібімен толық келісетінін және Қоғамдық кеңес пен «Қаржы мәдениеті» бағдарламасына бастама көтерушілерге қандай да бір шағымдарының жоқ екенін растайды. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары және бағдарламаға бастама көтерушілердің шешімдері, соның ішінде Конкурстың қорытындысы бөлігінде бекітілген және оларға шағым келтірілмеуі тиіс.