https://electroinfo.net

girniy.ru 1

14. ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ

Ғылым және инновация статистикасы ғылым және инновациялардың индикаторларын әзірлеу және жетілдіруге, оларды жүйелеуге, ғылым және инновация саласындағы жағдайды толық және кешендік келбеттеуге жағдай жасайтын жаңа анықтамалар мен олардың өзара байланысын мемлекеттің социалды-экономикалық дамуына, отандық статистиканың халықаралық ақпараттық қоғамына ықпалдануына бағытталған.


14.1 ҒЫЛЫМ СТАТИСТИКАСЫ


14.1.1 Ғылым статистикасының негізгі ұғымдары


Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар – ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің орындалуына жұмсалған ақшалай түрдегі нақты шығыстар.

Ішкі шығындар – есепті жылдың ішінде кәсіпорындардың өз күшімен орындаған шығыстары.

Сыртқы шығындар – есеп беретін ұйымдармен жасалған шарттар бойынша тараптық ұйымдар орындаған ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің құны.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер – ғылыми білімнің жиынын көбейту және оларды тәжірибеде қолдануға жаңа салалар іздеу мақсатында жүйелілік негізде жүзеге асырылатын ғылыми қызмет.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер құрамына іргелі, қолданбалы зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер кіреді. Жұмыс түрлері бойынша іргелі, қолданбалы зерттеулерге, әзірлемелерге топталады.

Іргелі зерттеулер - жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір нақты мақсат қоймай жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жатады. Олардың нәтижесі - болжамдар, теориялар, әдістер, т.с.с. Іргелі зерттеулер алынған ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар, т.с.с. жасаумен аяқталуы мүмкін.

Қолданбалы зерттеулер – нақты тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында жаңа білімдер алуға бағытталған жаңа маңызды жұмыстар. Қолданбалы зерттеу іргелі зерттеулердің нәтижелерін пайдаланудың мүмкін болатын жолдарын, бұрын қалыптасқан мәселелерді шешудің жаңа әдістерін анықтайды.


Ғылыми-техникалық әзірлемелер - зерттеулер және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған бар білімге негізделген, және жаңа материалдарды, өнімдерді, үдерістерді, құрылғыларды, қызмет көрсетуді, жүйелерді немесе әдістерді құруға бағытталған жүйелік жұмыстар жатады. Бұл жұмыстар сондай-ақ бар обьектілерді елеулі жетілдіруге бағытталуы мүмкін.


14.1.2 Ғылым статистикасы бойынша көрсеткiштердiң қалыптастыру ерекшелiктері


Ғылыми қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарда бақылау жүргізу кезінде статистикалық бірліктермен ғылыми зерттеулерді әзірлеп, жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар сонымен қатар ғылыми – техникалық жұмыстарды орындайтын жоғары оқу орындары қызмет атқарады.

Ғылым статистикасы саласында көрсеткіштерді тексеру, зерттеу және талдау тұтастай (жыл қорытындысы бойынша) статистикалық бақылау негізінде жүзеге асады.

Тексеруге келесі ЭҚЖЖ түрлерімен заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері қатысады:


  • Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (72);

  • Жоғары білім (85.4)

Ғылым саласындағы статистикалық бақылаулардың негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  • Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі;

  • Ғылыми-техникалық қызметтің негізгі құралдарының орташа жылдық құны;

  • Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған жалпы шығындар;

  • Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар;

  • Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындарды қаржыландыру дерек, көздері;

  • Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны.

Өткізілген статистикалық байқауда барлық кәсіпорындар мен ұйымдар келесі қызмет секторлары бойынша жіктеледі:(ғылыми зерттеулер мен әзірлемелері (Фраскати Басшылығы) бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ресми ұсыныстарына сәйкес) мемлекеттік сектор, кәсіпкерлік сектор, жоғары білім секторы, жеке коммерциялық емес сектор.


Ғылым статистикасы көрсеткішінің мониторингінде үлкен маңыз алатын қызметкерлердің ғылыми зерттеулер және әзірлемелерді орындауы бойынша санын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Ғылыми зерттеулер және әзірлемелерді орындаған қызметкерлердiң санына маман-зерттеушiлер, техниктер, көмекші қызметкерлер, басқалар.

Сонымен ұйымның маман – зерттеушілері санына, ғылыми зерттеулер және әзірлемелермен кәсіби айналысатын және тікелей жаңа білімді, өнімді, процесстерді, әдістерді, және жүйелерді жасайтын сонымен қатар көрсетілген қызмет түрлерін басқаруды жүзеге асыратын мамандарды қосады. Бұл қызметкерлер санатына сондай-ақ зерттеу процессін тікелей басшылық етуді жүзеге асыратын әкімшілік-басқаратын қызметкерлер сонымен қатар ғылыми – зерттеу жұмысына тікелей қатысатын аспиранттар қосылады. Қоса атқарушылар, басқа ұйымдардан қабылданғандар және азаматтық- құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істеушілер саны жатпайды.

Техниктерге ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді өткізуге қатысатын, ереже бойынша зерттеушілердің басшылығымен техникалық қызметті атқаратын қызметкерлер жатады (ғылыми құралдарды, зертханалық жабдықты, есептеуіш техникасын материалдарды, сызбаларды, эксперименттерді, тәжірибелерді және талдауларды т.б дайындаудағы пайдаланым және қызмет көрсету). Әдетте, бұл санатқа аяқталған орта арнаулы (кәсіптік) білімі және (немесе) қажетті кәсіптік тәжірибесі мен біліктілігі бар тұлғалар кіреді.

Көмекші қызметкерлерге ғылыми-техникалық жұмыстар мен қызметтерді жүргізуге байланысты көмекші функцияларды атқаратын қызметкерлер жатады: жоспарлы-экономикалық, қаржылық бөлімшелердің, патенттік қызметтің, ғылыми - техникалық ақпараттар бөлімшелерінің, ғылыми-техникалық кітапханалардың қызметкерлері сонымен қатар жөндеулер мен монтажды жүзеге асыратын, ғылыми жабдықтар мен құралдарды жөндейтін және қызмет көрсететін; тәжірибелі өндірістердің қызметкерлері, зертханашылар .

Өзге қызметкерлерге тұтастай ұйымның қызметіне байланысты жалпы сипаттағы қызметті орындап жүзеге асыратын қызметкерлер жатады (басқаратын қызметкерлер, бухгалтерияның, кадр қызметінің, кеңсенің, материалдық-техникалық қамтамасыз ету (маркетинг) бөлімшелерінің, маркетинг қызметкерлері, машинисткалар т.с.с.) ескеріледі.



14.2 ИННОВАЦИЯ СТАТИСТИКАСЫ


14.2.1 Инновация статистикасының негізгі ұғымдары


Инновация - жаңа немесе жетілдірілген өнім (тауарлар, қызметтер) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, қолданылатын сол сияқтылармен салыстырғанда тәжірибелік қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі.

Инновациялық даму институттары - инновациялық қызметті колдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар.

Инновациялық өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Өнім үш жыл бойы инновациялық деп саналады. Мына бұйымдарды қамтиды:

1)жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;

2) жетілдірілген бұйымдар;

3) жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінің негізінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер.

Инновацияға жұмсалған шығындар кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығыстар.

Өнімдік инновациялар - технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу.

Процестік инновациялар - технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу.

Технологиялық инновациялар бұл нысанда ұйымның инновацияны әзірлеумен және де енгізумен байланысты қызметтері. Атап айтқанда, өнеркәсіпте – технологиялық жаңа өнімдер мен үдерістер, сондай-ақ өнімдер мен үдерістердегі едәуір технологиялық жетілдірулер; қызмет көрсету салаларында - технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген қызметтер және жаңа немесе жетілдірілген қызмет өндіру (табыстау) тәсілдері.


Технологиялық жетілдірілген өнім – қолда бар өнім, ол үшін сапалық сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешендік өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігі артады.

Технологиялық жаңа өнім – технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, құрылымдық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылатын өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда, не осыған ұқсас қолданыстағы технологияларды жаңа пайдалануда, не зерттеулер мен әзірлемелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.

Басқару инновациялары – тәжірибеге ағымдағы нормалардан елеулі бар жаңа үдерістер мен құрылымдарды және уақыт ағымымен ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыс бетеуін трансформациялау тәсілдерін енгізу.

Қорғалатын құжат – мемлекетпен қорғалатын өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне және өнеркәсіп меншігінің басқа объектілеріне құқықты куәландыратын құжат.

Патент – техникалық проблеманың шешімін жазбаша нысанда тіркейтін құжат. Патентті иеленушіге өнертабысты пайдалануға айрықша құқық береді. Сондай-ақ осы техникалық шешімді басқа адамдарға беру құралы болып табылады.

Лицензия – иегердің (лицензиардың) белгілі шарттарда және келісілген сыйақыға мүдделі жаққа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншіктің қандай да бір объектісіне тікелей құқық немесе ноу-хау, объектіні пайдалануға құқық, арнайы шартта ресімделген келісім беруі. Патенттік лицензия патентті пайдалануға құқық береді, берілетін құқықтардың көлемін, аумақты және оны пайдалану кезеңін, сондай-ақ төлем нысанын анықтайды.

Жаңа өнім – кәсіпорында алғашқы жасалған өнім, сондай-ақ жаңартылған, жаңа сапалық сипаттама алған және өзінің технико-экономикалық көрсеткіштері бойынша техника дамуының заманауи деңгейлеріне жауап беретін немесе құқықтық қорғалған, яғни өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге расталған патенттері (алғы патенттері) бар өнім.


Зияткерлік меншік объектілері – жеке және (немесе) заңды тұлғаның зияткерлік, шығармашылық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне тікелей құқығы.

Өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиясы.

Өнертабыс – техникалық мәселені шешу мақсатында білімді жүйелеудің мүмкін болатын варианттарының бірі, алғы патент және патент түрінде жазбаша формада тіркеледі.

Пайдалы модель – өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының, сондай-ақ құрама бөліктерінің конструкторлық орындалуы.

Озық өндірістік технологияларды пайдалану - озық өндірістік технологияларды енгізу және өнеркәсіптік пайдалану.

Өнеркәсіптік үлгі – бұйымның техникалық және эстетикалық ерекшеліктерінің біртұтастығы болып табылатын оның сыртқы пішінінің жаңа және елеулі айрықшалықтары бар шешімі.

Тауар белгісі (сондай-ақ қызмет көрсету белгісі) – бір өндірушінің тауарлары мен қызметтерін басқа өндірушілердің біртекті тауарлары/қызметтерінен айыру үшін пайдаланылатын, тіркелген белгі.

Патенттік тазалық – объектінің (технологияның, оның элементінің) заңды ерекшелігі оның белгілі елде сол елдің аумағында үшінші адамдарға тиісті патенттерді бұзу қаупінсіз еркін пайдалана алу мүмкіндігін білдіреді.

Технологияны жасау – технологиялық құжаттаманы, жұмыс сызбаларын әзірлеу, қажетті жабдықты дайындау, сынау және оны белгіленген тәртіпте қабылдау.

Алдын ала патент - өнертабысқа құқықты растайтын және ресми сараптама өткізілген соң 5 жыл мерзімге, үш жылдан аспайтын ұзарту мүмкіндігімен берілген құжат.


14.2.2 Инновация статистикасы бойынша көрсеткiштердiң қалыптастыру ерекшелiктері

Инновация статистикасын әзірлеу және жетілдірудің әдістемелік негізі инновациялық тексерудің шетелдік және отандық тәжірибесінің жүйеленген талдаулар қорытындысының негізінде қалыптасқан инновациялық шаманың статистикалық көрсеткіштер жүйесі қызмет көрсетеді.


Өнімнің жаңа түрін игеріп (тауарларды, қызмет көрсетулерді) және жаңа технологияларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштердің жинағы сонымен қатар кәсіпорынның инновациялық қызметін сипаттайтын көрсеткіштердің жинағы және талдауы бақылаудың мақсаты болып табылады. Инновация статистикасы көрсеткіштерін зерттеу және тексеру Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүргізілетін тұтастай (жыл қорытындысы бойынша) статистикалық бақылау негізінде жүзеге асады.

Тексеруге келесі ЭҚЖЖ түрлерімен заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері жатады:


  • Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салалардағы көрсетілген қызмет көрсетулер (01);

  • Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі (05-33);

  • Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауамен баптау (35);

  • Сумен жабдықтау, қалдықтардың жиналауын және таралуын бақылау (36, 38);

  • Құрылыс (41-43);

  • Пошталық және курьерлік қызмет (53);

  • Ақпарат және байланыс (61-63);

  • Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (72);

  • Жоғары білім (85.4);

  • Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу (95.11).

Зерттеу нысаны ретінде ауылшаруашылық, өнеркәсiптiк, құрылыс кәсiпорындары, есептеуіш техникамен байланысты қызмет көрсететiн кәсiпорындар, жоғары бiлiм саласының кәсiпорындарымен зерттеуді және әзірлемелерді жүзеге асыратын кәсіпорындар бой көрсетеді.

Инновациялық дамудың статистикалық бақылауының негізгі көрсеткіштеріне мыналарды жатқызуға болады:

- инновациялық өнiмнiң және көрсетілген қызметтердің көлемi;

- технологиялық инновацияларға шыққан шығындар;

- жаңа технологияларды қолдану және жасау туралы мәлiметтер;

- инновациялық өнiмнің (тауарлар, қызметтер) көлемi.

Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің бақылауында зерттеу нысанасы ретінде инновацияның келесі түрлері бой көрсетеді: азық – түліктік, процесстік және басқарушылық. Кәсіпорын жұмысының тиімділігіне және сапасының жоғарылауына басқарушылық инновациялары маңызды роль алады, атап айтқанда ақпараттық алмасудың кеңеюі, жаңа білім мен технологияны қолдану және оқыту қабілетінің жақсаруы. Басқарушылық инновациялары - олар құрылған жүйеге – көптеген қатысушылары және өзара қарым қатынастары бар күрделі әлеуметтік жүйеге қатысты көпшілік деңгейде ерекше. Сонымен қатар технологиялыққа қарағанда менеджменттегі инновация күрделірек, өзінің енгізуіне дейінгі негіздемеге және одан кейінгі бағалауға жол береді.


Кәсіпорындардың инновациялық қызметін зерттеуде инновациялық саладағы (атап айтқанда, зерттеу жобаларын әзірлеу бойынша) кәсіпорындардың бірлескен ынтымақтастығын зерттеуге, нәтижесінде инновациялардың сапалы деңгейін арттыруға және бәсекеге қабілеттілік нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған екпін күшейтілген. Бұл білімді тарату және пайдалану процесінде өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін анықтау қажеттілігімен, инновацияларды әзірлеу және іске асыру процесінде ұйымдардың арасындағы білім ағындарының өзара алмасуының маңызды рөліне негізделеді.

Инновациялық өнім үш жыл бойы түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімді көрсетеді. Бақылауда жаңа өнім жаңалығының бірнеше деңгейін бағалау келтірілген: өнім, әлемге қатысы бойынша жаңа, елге қатысы бойынша жаңа, өңірге қатысы бойынша жаңа; жаңғыртылған. Бұл қатарда бірінші үш деңгей маңызды болып табылады, яғни жаңадан енгізілген немесе соңғы үш жылда айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшыраған және соңғы үш жылдың ішінде жетілдіруге тартылған өнімдерге жататын, қағидатты жаңа өнім. Өнім тек қана кәсіпорын үшін ғана емес сонымен қатар нарық үшін де жаңа бола алады, оған қоса кәсіпорын үшін жаңа өнім нарық үшін де жаңа өнім болу міндетті емес. Бұл көрсеткіштер - басқа елдер қатары және Еуропалық Одақ елдерінің инновациялық қызметтерін салыстырмалы бағалау мақсатында Еуростатпен қолданылған маңызды сиппатамалары. Инновациялық өнiмнiң жаңалығының қаралатын деңгейлерiненен ең төмені жүзеге асатын процесстік инновацияның нәтижелері болып табылатын, жаңғыртылған өнімге жатады. Бұл параметрлері айтарлықтай дәрежеде жақсартылған немесе түрленген кәсіпорында шығарылып қойылған өнім болып табылады.

Еліміздің шаруашылықты жүргізу субъектісінің инновациялық қызметі үшін қажет қаржы қаражатын анықтау үшін бақылауда инновациялық технологияларды пайдалануда шығындар жіктелімі қарастырылған. Инновациялық үдерістер шығындары (ағымдағы, күрделі) шығындар түрлерi бойынша, сонымен бiрге қаржыландырудың көздерi бойынша бөлінеді.


Өнімнің өзіндік құны (жұмыстар, қызмет көрсетулер) есебінде басты сипатта жүзеге асатын ағымдағы шығындар технологиялық инновацияны енгізіп және әзірлеумен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге жұмсалатын шығындарды, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлуге, сонымен қатар бір жыл ішінде ұйыммен жасалған инновациялық қызметті қамтамсыз ету үшін қажет жабдықтарды, материалдарды, шикізаттарды алуға жұмсалған шығындар сияқты, күрделі шығындарға жатпайтын басқа шығындар.

Күрделі қаржы жұмсалымы өзімен құруға жұмсалған жыл сайынғы шығындарды, көлемінің ұлғайуын, сонымен қатар технологиялық инновацияларды әзірлеу және енгізуге байланысты жүзеге асырылатын, сатуға арналмаған, ұзақ пайдаланатын айналымнан тыс активтерге ие болуды көрсетеді. Олар инновациялық қызметті пайдалану үшін қажетті машиналарды, жабдықты, өзге де негізгі құралдарды сатып алуға, инновациялық қызметті жүргізу үшін ғимараттар, жер учаскелерін және табиғатты пайдалану объектілерін сатып алуға жұмсалған шығындардан тұрады.

Ағымдағы және күрделі қаржы шығындарына технологиялық инновацияларды (зерттеулер мен әзірлемелер, өнертабыстарды патенттеу, өзге де патент-лицензия беру қызметтері, қызметкерлерді дайындау, тәжірибе жүзінде оқыту, конструкторлық жұмыстар, маркетингтік зерттеулер және т.б.) әзірлеу және енгізуге байланысты бөгде ұйымдардың осы ұйым үшін орындаған арнайы жұмыстарына, қызмет көрсетулеріне ақы төлеуге жұмсалған шығындары есептеледі.

Технологиялық инновацияларға жұмсалған шығындар туралы деректер есепті жылы ескеріледі. Онымен қоса инновациялық процестің қай сатыда тұрғандығы маңызды емес.

Инновацияға жұмсалатын шығын қаржыландырудың көзiне байланысты бөлінеді:


  • кәсіпорынның меншікті қаражаттары;

  • республикалық бюджеттің қаражаттары;

  • жергілікті бюджеттің қаражаттары;

  • даму институттарының қаражаттары;

  • инновациялық гранттардың қаражаттары;

  • ТМД елдерінің қаражаттары;


  • тәуекелшіл қорлардың қаражаттары;

  • кредиттер мен қарыздардың қаражаттары;

  • жеңілдік шарттармен кредиттер мен қарыздардың қаражаттары.

Бұрын өткiзiлген байқаулар инновациялық жобалардың инвестиция салуындағы негiзгi үлес кәсiпорындардың меншiктi қаражатына дәл келетiнiн көрсетедi.