https://electroinfo.net

girniy.ru 1

11.2. Тауарлармен жасалатын сыртқы сауда

Негізгі терминдер.

Экспорт – тауарларды сыртқы нарықта өткізу үшін елден шығару, сондай-ақ шетелде шығарылған тауарларды кері экспорттау.

Импорт – ел ішінде пайдалануға жəне кері экспорттауға арналған тауарларды шекарадан əкелу.

Сыртқы сауда айналымы – елдің белгілі бір кезең ішіндегі экспорты мен импортының жиынтық көлемі.

Елдің экономикалық аумағы – ел үкіметінің басқаруындағы географиялық аумақ, оның шегінде жұмыс күші, тауарлар мен капитал еркін айналады.

Сыртқы сауданың кеден статистикасын қалыптастыру көздері. Сыртқы сауда статистикасын қалыптастыру кезіндегі бастапқы деректері болып Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің тауарларға декларация негізіндегі деректері және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 1-КО нысаны бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері табылады.

Тауарлардың статистикалық құны. Тауарлардың статистикалық құны бірыңғай базиске келтірілген келісімшарттар бағалары бойынша АҚШ долларында анықталады.Импорттың құнын бағалау импорттаушы елдің порты СИФ немесе импорттаушы елдің шекарасындағы ағайындалған пунктінде СИП бағаларының базасында жүргізіледі.СИФ (құны, сақтандыру, фрахт) – тауарды сату шарттары, осыған сəйкес тауар бағасына тауарды импорттаушы елдің портына дейін тасымалдау жəне сақтандыру бойынша оның құны мен шығыстар қосылады.Экспорттың құнын бағалау экспорттаушы елдің порты ФОБ немесе экспорттаушы елдің шекарасы ДАФ бағаларының базасында жүргізіледі.

ФОБ (бортта еркін) – тауарды сату шарттары, осыған сəйкес тауар бағасына тауарды кеме бортына жеткізу жəне тиеу бойынша оның құны мен шығыстар қосылады.

Тауарларды жіктеу. Сыртқы сауда статистикасын жүргізуде тауарларды жіктеу мен кодтау үшін «Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы» жіктеуіші қолданылады.