girniy.ru 1

1. ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ, ДЕПАРТАМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ДЕРБЕС БАСҚАРМАЛАРЫ АТАУЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

1. Ішкі істер министрлігі комитеттерінің, департаменттерінің, басқармаларының атаулары бас әріппен, ал бөлімдерінің атаулары кіші әріппен жазылады.

Мысалы, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Заң басқармасының аударма бөлімі
2. Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністері, өңірлік ішкі істер органдарының толық және қысқартылған атауларының жазылуы

1. Комитет, департамент деген сөздер жекеше және көпше түрде де кіші әріппен жазылады.

Мысалы:

Ішкі істер министрлігінің комитеттері, департаменттері,Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы.

2. Министрлік, департамент, басқарма деген сөздер сейлем ішінде жеке өзі келетін болса, кіші әріппен жазылады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері атауындағы барлық сөздер және олардың құрамдас бөлігіндегі бірінші сөз (әскери басқару органдары, әскерлердің түрлері) бас әріппен жазылады:

Бас штаб, Құрлықтағы әскерлер, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы әскерлер, бірақ ІІМ-нің ішкі әскерлері деген тіркестер кіші әріппен жазылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті құрылымдарының атаулары:
1. Департамент басшысы

2. Департамент бастығының бірінші орынбасары

3. Департамент бастығының орынбасарлары

4. Штаб басқармасы

5. Жетінші басқарма

6. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы

7. Кадр жұмысы басқармасы

8.Ақпараттық-техникалық қызмет басқармасы

9.Тылмен қамтамасыз ету басқармасы

10.Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы


11. Заң бөлімі

12.Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

13.Жедел-криминалистикалық басқармасы

14. Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

15.Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы

16. Тергеу басқармасы

17.Криминалдық полиция басқармасы

18.Анықтау басқармасы

19. Жол полициясы басқармасы

20. Көші-қон полицясы басқармасы

21. Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы

22. Патрульдік полиция полкі

23. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы

24. Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасы

25. ШымкекнтҚІІБ Абай ПБ

26. Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ

27. Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ


4. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ, ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

1. Негізгі нормативтік құқықтық актілер атауларының кұрамына кіретін бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстері

2. Мынадай сөздер кіші әріппен жазылады: өкім, қаулы, заңнама,
хаттама, бұйрық, нұсқау, шешім.

Мысалы:

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

3.Бағдарламалардың, халықаралық шарттардың, келісімдердің, конвенциялардың, сондай-ақ делегациялардың, комиссиялардың атауындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады:

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы


4.Қазақстан Республикасының нормативтік кұқықтық кесімдерімен бекітілетін құжаттар жобаларының атауын мәтінде былайша жазған жөн:

Кесте Мысалы: 3-кестеде көрсетілген мерзімде ішкі жергілікті

желіні жаңғырту
5. Лауазымдардың, атақтардың және дәрежелердің атаулары

1. Жоғары лауазымдардың атаулары бас әріппен жазылады.
Мысалы:

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

2. Ішкі істер органдарындағы лауазымдардың атаулары төмендегідей жазылады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
3. Лауазымдардың атаулары көпше түрде кіші әріппен жазылады.

Мысалы:

мемлекет басшылары

Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері министрлер, агенттіктердің, комитеттердің төрағалары, департаменттердің бастықтары
4. Жергілікті өкілді және атқарушы билік органдары, басқармалар мен бөлімдер басшылары лауазымдарының атаулары кіші әріппен жазылады.

Мысалы:

Кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихаты төрғасының баяндамасы тыңдалды.

5. Бірқатар лауазымдар мен құрметті атақтардың атаулары кіші әріппен жазылады.

Мысалы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

6. Шетелдер мен халықаралық ұйымдардағы лауазымдар мен дәрежелердің атаулары кіші әріппен жазылады.

Мысалы:

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы


БҰҰ-ның бас хатшысы

7. Жоғары дәрежелі құрметті атақтардың әрбір сөзі бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Халық Қаһарманы

Кеңес Одағының Батыры.

8. Бұрынғы ордендердің аттары тырнақшаға алынбай, орден деген сөзден басқа әрбір сөзі бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Еңбек Қызыл Ту ордені

Қызыл Жұлдыз ордені Халықтар Достастығы ордені.

9. Кейбір ордендер мен медальдардың және құрметті атақтардың аттары тырнақшаға алынады, мұндайда олардың бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады.

Мысалы:

«Ерлігі үшін» медалі

«Ардақты ана» ордені.

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары мен құрметті атақтары да осы тәртіппен жазылады.

Мысалы:

«Ерен еңбегі үшін» медалі

«Құрмет» ордені, «Парасат» ордені,

.

11. Әскери және арнаулы атақтар төмендегідей жазылады.

сержант, старшина, прапорщик, лейтенант, капитан, майор, подполковник, полковник, генерал-майор;

полиция қатарындағы, полиция сержанты, полиция старшинасы, полиция лейтенанты, полиция капитаны, полиция майоры, полиция подполковнигі, полиция полковнигі, полиция генерал-майоры.

Тектер мен есімдердің жазылуы

1. «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 ақпандағы № 2923 Жарлығының 1-тармағына сәйкес ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» деген сөздері қосылып, бірге жазылады. Алайда орыс халқының кісі аттары орыс орфографиясы сақталып жазылады.


Мысалы: Бауыржан Момышұлы, Балғабек Қыдырбекұлы, Шона Смаханұлы, Олег Викторович, Анна Максимовна.

2. Адамның аты-жөні (көбінесе өз есімі мен әкесінің аты) қысқартылып, бас әріппен белгіленгенде, әрбір әріптен кейін нүкте қойылады және қазақ тілінде жазылғанда аты-жөні алдына келеді: С.Н.Баймағанбетов, А.А.Куреңбеков, С.М. Исаев.

Адамның өз аты, әкесінің аты, тегі, лақап аты (псевдонимі), ныспысы (туып-өскен жеріне, руына т.б. қарай аталған көбінесе тарихи есімдер) бас әріппен жазылады: Мұрат Омарханұлы Әуезов, Қадырғали Жалайыри, Қоңыр, Жаяусал. Кісі аттарының алдынан не соңынан келетін, белгілі бір қылығын, қасиетін, кемістік-жетістігін т.б. көрсететін сын есімдер алдынан келсе, бас әріппен, соңынан келсе, кіші әріппен жазылады: Ер Төстік, Қобыланды батыр, Ақан сері, Ақсақ Темір, Баян сұлу, Біржан сал.

Орыс тілінде дефиспен жазылатын кісі аттары (көбінесе тегі) қазақша жазуда да дефис аркылы таңбаланады. Бұлар, негізінен, орыс халқы және Еуропа, Америка т.б. халықтары өкілдерінің аты-жөндері болып келеді: Немирович-Данченко, Новиков-Прибой, Книпер-Чехова,

3. Жалпылама сипаттағы халықаралык ұйымдар мен мекемелердің
атауындағы барлық сөздер бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесі (ДБК)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД).

4. Жалпылама сипаты жоқ халықаралық ұйымдар мен мекемелердің
атауындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Дүнижүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ)

5. Сыртқы байланыстарды жүзеге асыруда қызмет ететін дипломатиялық лауазымдар мен ұйымдардың бірінші сөзі бас әріппен жазылады.


Мысалы:

Бас консулдық

Сауда өкілеттігі

Сыртқы байланыстар жөніндегі өкіл.


6. Мәдениет мекемелері, қоғамдық ұйымдар, шаруашылық одақтар атауларының жазылуы
1. Мемлекеттік мекемелердің, академиялардың, оқу орындары мен мәдениет мекемелерінің атауындағы бірінші сөз бен жалқы есім бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақ ұлттық музыка академиясы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы

Куләш Байсейітова атындағы Опера және балет театры

Мемлекеттік Опера және балет театры

2. Қоғамдық ұйымдар мен шығармашылық одақтар атауындағы бірінші сөздер және атауына кіретін жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы

Қазақстан Жазушылар одағы

Қазақстан Журналистер одағының басқармасы.

3. Тырнақшаға алынған зауыт, фабрика, спорт қоғамдары, кинотеатр, газет, журнал т.б. аттары бас әріппен жазылады.

Мысалы:

«Ақбота» тігін фабрикасы «Барыс» хоккей командасы «Ана тілі» газеті

«Жұлдыз» журналы «Самұрық» кинотеатры.

4. Мемлекеттік сөзі мынадай атауларда бас әріппен жазылады. Мысалы:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны.


5. Барлық саяси партиялардың атауларындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.

Мысалы:

«Нұр Отан» халықаралық демократиялық партиясы

Қазақстанның Аграрлық партиясы

Қазақстанның Азаматтық партиясы

Ескертпе. Ресми атау сипаты жоқ кейбір осыған ұқсас атаулар кіші әріппен жазылады, мысалы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар, Англиядағы консерваторлар партиясы, лейбористік партия, социал-демократтар партиясы.
6. Кәсіпорынның немесе мекеменің шартты атауындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылып, атаудың бәрі тырнақшаға алынады. Кәсіпорынның немесе мекеменің шартты атауына кірмейтін, оның мамандануын немесе географиялық, орнын сипаттайтын сөздер кіші әріппен жазылады.

Мысалы:

Алматының «Рахат» кондитерлік фабрикасы

«Қыз Жібек» акционерлік қоғамы

«Жиһаз» холдингтік компаниясы.

«Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы» ашық акционерлік қоғамы
7. Егер мәдени шара, көрме, жиын атауларындағы сан есім рим цифрымен жазылса, одан кейінгі сөз бас әріппен жазылады.

Мысалы:

IV Форум

XXVIII Олимпиадалық ойындар

Қазақтардың Түркістан қаласындағы II Дүниежүзілік құрылтайы.


  1. Астрономиялық атаулар бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Сатурн, Шолпан,, Жер (планета), Ай, Жетіқарақшы, Үркер.
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАҒЫНАТЫН ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР


Толық атауы

Қысқартылған атауы


Әріптік аббревиатура

1

2

3

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Бас прокуратура




Құқықтьқ статистика және арнайы есепке алу комитеті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Орсайком

ОСК

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті




ҰҚК

Шекара қызметі

Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті




Есеп комитеті

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

Президенттің Іс басқармасы

ІБ

Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі




ПКҚ

Қазакстан Республикасы Республикалық ұланы




РҰ

Қазакстан Республикасы Президентінің мұрағаты




Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының Астана қаласындағы филиалы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Мембасқару академиясы

МБА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Мемқызметагенттігі

МҚА

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (каржы полициясы)

Қаржы полициясы агенттігі

ЭСЖКА

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және кадағалау агенттігі

Қаржықадағалау агенттігі

ҚҚА


Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі








9. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛІКТЕРІНІҢ, АГЕНТТІКТЕРІНІҢ, КОМИТЕТТЕРІНІҢ, ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫ МЕН БАСҚА ДА ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
1. Президент актілерінде, Үкімет қаулыларында және Премьер-Министр өкімдерінде, Үкімет мәжілістері мен басшылықтағы кеңестер хаттамаларында республика министрліктерінің, агенттіктерінің, комитеттерінің, департаменттері мен басқа да мемлекеттік ұйымдарының толық атаулары қолданылады.

Мысалы:

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаменті.

2. Министрліктердің, агенттіктердің, комитеттердің, департаменттер мен басқа да мемлекеттік ұйымдардың қысқартылған атауларын Үкімет қаулыларына және Премьер-Министр өкімдеріне кесте нысанында жасалған қосымшаларда, шығыс хат-хабарларында, сондай-ақ анықтамалық сипаттағы кұжаттарда қолдануға болады. Бұл ретте қысқартылған атаулар мен аббревиатуралар қаулыларға (өкімдерге) қосымшалардың соңында толық жазылып көрсетілуге тиіс.

Қысқартып жазу көзделмеген ұйымдардың атаулары барлық жағдайларда толығымен жазылады.
10. Қазақстан Республикасы министрліктерінің, агенттіктерінің, комитеттерінің, банктерінің, ұлттық компаниялары мен басқа да ұйымдарының толық және қысқартылған атауларының
ТІЗБЕСІ

Толық атауы


Қысқартылған атауы

Әріптік аббревиатура

1

2

3

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауылшармині

АШМ

Ауылдық аумақтар істері комитеті Балық шаруашылығы комитеті Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Су ресурстары комитеті

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігі

Әділетмині


Әділетмині


Қылмыстықтқару жүйесі комитеті Зияткерлік меншік құқығы комитеті Тіркеу қызметі комитеті Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет керсетуді ұйымдастыру комитеті Діни істер комитеті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Біліммині


БҒМ

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті

Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулықмині


ДСМ


11. Географиялық және әкімшілік-аумақтық атаулардың жазылуы
1. Аталуы бұрыннан қазақша қалыптасқан кейбір жер-су, мемлекет, қала аттары сол қазақша қалыптасқан күйінде жазылады.

Мысалы:

Қытай, Қырым, Мәскеу, Омбы, Орынбор, Қорған, Шыңжаң т.б.

2. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс деген көкжиектің төрт негізгі нүктелері, егер олар өз мағынасында қолданылса, кіші әріппен жазылады.

Мысалы:

Қазақстанның солтүстігінде, Ресейдің оңтүстігінде.

Аумақтық атаулар мәнінде қолданған кезде бұл атаулар бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Солтүстік Қазақстан, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс.

3. Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік деген сөздерден басталатын күрделі әкімшілік атаулар бас әріптермен жазылады.

Мысалы:

Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы.

4. Даңғыл, көше, алаң, парк, шоссе, көпір, жол, тарихи ғимарат т.б. аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Желтоқсан даңғылы, Абай көшесі, Ұлы Жібек жолы, Панфиловшылар паркі, Самал шағын ауданы.
  1. Орыс және шетел қалалары көшелерінің, алаңдарының, парктерінің т.б. аттары орыс тіліндегі түрінде, бірақ сын есім керсеткішінсіз жазылады: Садово-Кудринск көшесі, Уолл-стрит, Гайд-парк.


  2. Үкімет пен Премьер-Министр шешімдері жобаларының мәтіндеріндегі елді мекендердің атаулары толық жазылады (мысалы: Астана қаласы, Алатау кенті, Баян ауылы).

7. Темір жол станцияларының, вокзалдардың, әуежайлардың атаулары тырнақшаға алынбай, бас әріппен жазылады.

Мысалы:

Көліктегі Орталық ІІД-нің Астана станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, Қарағанды вокзалы, Астана әуежайы.

8. Қалалардың атауларынан алынған, әңгімелесу кезінде қолданылатын қалалар тұрғындарының атауларындағы еркін нысан (Мәскеу - мәскеулік, Қарағанды - қарағандылық, Астана — астаналық) ресми-іскерлік стильде пайдаланылмайды, оларды жазудың мынадай нысаны ұсынылады: Астана (Лондон, Будапешт, Санкт-Петербург) қаласының тұрғыны.

12. Даталарды жазу
1. Ресми-іскерлік мәтінде жыл, жылғы және жылдар деген сездер толық жазылады, қысқартылмауға тиіс.
Мысалы:

Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 23 мамырдағы №125 бұйрығына сәйкес ішкі істер органдарының барлық тіл үйренуші қызметкерлері қазақ тілінен емтихан тапсырды .

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001—2010 жылдарға арналған бағдарламасы.

Алайда Үкімет қаулыларына және Премьер-Министр өкімдеріне қосымшаларда, сондай-ақ нормативтік актіге библиографиялық сілтемелерде жыл және жылдар деген сөздер қысқартылып жазылуы мүмкін.

Мысалы: (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 42, 222-құжат).

2. Жыл сөзі (толық та, қысқартылған да нысаны) деңгелек жақшадағы дата кезінде және датаны сандық нысанда белгілеу кезінде жазылмайды.

Мысалы:

Экономиканың біршама тұрақтану кезеңі (1997-1999) табиғи монополияларды бағалық жағынан реттеудің негізін қайта қарауға, оны қазіргі заманғы деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.

19.09.2009 күніне белгіленген кездесу келесі айға ауыстырылды.

3. Аса маңызды тарихи дәуірлердің, революциялардың, оқиғалардың, мерекелердің аттары бас әріппен жазылады. Егер олардың аттары күрделі болса, бірінші сөзі және кейбір атаулардың алдынан айтылатын ұлы сөзі, тоғызыншы мамыр, сегізінші наурыз дегендердің алғашқы сөзі санмен келсе, мамыр, наурыз деген сөздер бас әріппен жазылады.


Мысалы:

Ұлы Отан соғысы, Тоғызыншы мамыр, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл.

4. Кейбір спорттық іс-шаралардың атаулары кіші әріппен жазылады. Мысалы: шейпинг бойынша Азия ашық чемпионаты, 2008 жылы Астана қаласында өткен бокстан Әлем кубогы жарыстары, спортшыларды 2012 жылғы Лондондағы (Англия) XXX Олимпиада ойындарына даярлау.
13. ҮКІМЕТ ҚАУЛЫЛАРЫ МЕН ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ӨКІМДЕРІНІҢ МӘТІНДЕРІН РЕСІМДЕУДІҢ, СІЛТЕМЕЛЕР, ЕСКЕРТПЕЛЕР МЕН СӨЗДЕР, КЕСТЕМЕН БЕРІЛЕТІН ҚОСЫМШАЛАР ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің мәтіндерін ресімдеу


  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа (заңдық техникасы) сәйкес ресімделеді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулыларымен енгізілген езгерістермен және толықтырулармен бірге).



  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларында «ҚАУЛЫ ЕТЕДІ», сондай-ақ ішкі істер органдарының басшылары бұйрықтарының жобаларында «БҰЙЫРАМЫН», «ТАЛАП ЕТЕМІН» деген сездер бас әріптермен жазылуға тиіс, оны басқа жолға тасымалдап бөлуге болмайды.

  2. Үкімет немесе Премьер-Министр актілерінің мәтінінде абзацтарды дефистермен немесе өзге де белгілермен белгілеуге жол берілмейді.

  3. Тармақтардағы тармақшалардың нөмірлері жақшамен бөлінеді: 1), 2), 3) және одан кейінгі сөз кіші әріппен жазылады.




  1. Қаулылар мен өкімдердің тақырыптарында сездерді тасымалдап басқа жолға белуге тыйым салынады.
  2. Қаулылар, өкімдер және бұйрықтардың жобалары мынадай параметрлерді ескере отырып ресімделуге тиіс (6.0 және одан жоғары нұсқасындағы «WORD for WINDOWS» мәтін редакторын қолданып):


сол жақ шет сызығы - 2,5 см, оң жақ шет сызығы - 1,5 см, колонтитулдар - 2,5 см;

қаріп - «ТіmesNewRoman», мөлшері - 14 (қосымшаларда ұсақ, бірақ 10-нан кіші емес қаріп колданылуы мүмкін);

жоларалық интервал - бір жол;

абзац - 1,25 см;

тақырып пен мәтін, мәтін мен қолдың арасында 2 жоларалық интервал.

Қаулылар, өкімдер, бұйрықтар мен оларға қосымшалардың беттері нөмірленуге тиіс, бұл ретте әрбір қосымша үшін беттер дербес нөмірленуге тиіс (нөмір беттің жоғарғы жағына, ортасына қойылады, бірінші бет нөмірленбейді).

Ескертпе: Алқа мәжілістері мен жедел кеңестердің хаттамаларын ресімдеу кезінде мөлшері 2 см колонтитулдарды пайдалануға болады.

15. Қосымшалар мен нормативтік құықтық актілерді ресімдеу

1. Егер Ішкі істер министрлігі бұйрығының мәтінінде: «1, 2, ...-қосымшаға (1, 2, ...-қосымшаларға) сәйкес» деген сілтеме келтірілсе, онда қосымшаның

жоғары оң жақ бұрышына:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (Ішкі істер министрінің)

200_ «_ »

№ бұйрығына

(1, 2, ...)-қосымша

деп жазылады.
2. Егер Министрлік бұйрығымен нормативтік құқықтық актілер бекітілетін болса, онда бұйыратын бөлігінде «Қоса беріліп отырған ... ереже (нұсқаулық, тәртіп) бекітілсін» деген сілтеме келтірілсе, онда нормативтік құқықтық актінің жоғары оң жақ бұрышына:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің

200_ «_»

№ бұйрығымен

бекітілген

деп жазылады.
14. ТАСЫМАЛДАУЛАРДЫ, ДЕФИСТЕРДІ,СЫН ЕСІМДЕРДІ,

ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАЛАРДЫ, БЕЛГІЛЕРДІ, ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Сөздерді тасымалдау ережелері

1. Қысқарған сөздерді (аббревиатураларды) келесі жолға тасымалдап бөлуге болмайды.

Мысалы: ЭБ-ЖМ, ҚН-РА, Ж-АҚ, АА-Қ, БОИ-НГ-37, ЮНЕС-КО

1) қысқартылған өлшем атауларын тіркескен сөзінен бөліп тасымалдауға болмайды.


Дұрыс емес: 986-ж., 25-кг., 85-тк.м, т.б.

2) қалыптасқан қысқартулар тасымалданбайды.

Мысалы: т.б., с.с, т.т.

3) тасымалдаған кезде адамның аты-жөнін тегінен, елді мекенді атынан бөліп екінші жолға шығаруға болмайды.

Дұрыс емес: М.О.-Әуезов, Қ.Р.-Райымбекова, Астана-қ.

2. Дефистердің қолданылуы

1. Екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтардың және қызмет дәрежесін немесе мамандықты көрсететін атаулардың арасына дефис қойылады: Премьер-Министр, вице-министр, тілші-фонетист, редактор-математик, инженер-байытушы, әнші-композитор.

1. Машиналар мен олардың бөліктерінің және өзге де техникалық жүйелердің күрделі атаулары дефис арқылы жазылады. Олардың басым көпшілігі орыс тілінен енген сөздер болып келеді: дизель-мотор, ваккум-аппарат, телефон-автомат


  1. Күрделі өлшем атаулары дефис арқылы жазылады: тонна-километр, адам-күн, киловатт-сағат, вольт-ампер (бірақ: вольтметр), ватт-сағат, (бірақ: ваттметр). Бұл ережеден еңбеккүн сияқты бірер сөз тыс тұрады. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі үлгісімен жасалған статус-кво, х-сәуле, альфа-сәуле, м-1, ОСВ-2 сияқты атаулар дефиспен жазылады.

  2. Орыс тілі орфографиясы бойынша қолданылатын жер-су және кейбір халық аттары дефиспен келсе, дефис қазақша жазуда да сақталады: Орехово-Зуево, Нью-Йорк, Рио-де-Жанейро, Лос-Анджелес, коми-зырян, угро-фин.

Орыс тілінде дефиспен жазылатын Қазақстан, Орта Азия жеріндегі топонимдер қазақша түрінде дефиссіз (кейде бөлек) жазылады: Алматы (орысша бұрынғы жазылуы Алма-Ата), Ыстықкөл (орысша — Иссык-Куль).

  1. Реттік сан есімдер санмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен араларына
    дефис қойылады: 7-сынып (жетінші сынып), 15-үй (он бесінші үй), 50-километр (елуінші километр). Айды, жылды көрсететін сан мен ай атын білдіретін сөз жане жылы деген сөздердің арасына дефис қойылмайды:

9 қыркүйек, 1 қазан, 2009 жыл.

3 . Кейбір сан есімдердің жазылу ерекшеліктері

1. Күрделі сан есімнің әрбір сыңары бөлек жазылады

Мысалы: Бір жүз бір мың, жиырма тоғызыншы

2. Санмен жазылған сан есімдерге жалғау дефис арқылы жазылады

Мысалы:

Ол 25-ке толды, 12-ден асты, 15-ке дейін.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады, рим цифрымен берілсе, тыныс белгісі қойылмайды.

Мысалы:5-санат, 23-қатар, 136-мектеп, 5-терде, он-оннан, 10-15-тен.

15. МЕМЛЕКЕТ, РЕСПУБЛИКА, ОБЛЫС, ӨЛКЕ АТАУЛАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ


  1. Мемлекет, жеке мемлекет ретіндегі республика аттарының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Испания, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігі, Непал Корольдігі.

  2. Кейбір мемлекеттердің күрделі атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Америка Құрама Штаттары.

  3. Облыс, автономиялы облыс, өлке, аудан аттарының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Алматы облысы, Алтай өлкесі, Ненец ұлт округі.