https://electroinfo.net

girniy.ru 1



БЖСБ 002 - нұсқа


ФИЗИКА



1. Дене координаталары x1 = 0 м, у1 = 2 м А нүктесінен координаталары x2=4 м, у2 = - 1м В нүктесіне ауысты. Дененің орын ауыстыруы

A) 6 м

B) 5 м

C) 2 м

D) 7 м

E) 4 м

2. F = 3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы

A) 50 Н/м.

B) 1 Н/м.

C) 0,5 Н/м.

D) 10 Н/м.

E) 5 Н/м.

3. Массасы 8 г оқтың жылдамдығы 600 м/с. Оқтың импульсі

A) 4800 кг ∙ м/с

B) 75 кг ∙ м/с

C) 7,5 кг ∙ м/с

D) 4,8 кг ∙ м/с

E) 48 кг ∙ м/с

4. Балқу температурасында алынған 8 кг қорғасынның кристалдануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері (= 0,25·105)

A) 500 кДж.

B) 250 кДж.

C) 100 кДж.

D) 200 кДж.

E) 400 кДж.

5. Өтізгіштің ұштарындағы кернеу 0,006 кВ, кедергісі 0,002 кОм. Ток күші

A) 5,5 А

B) 2 А

C) 4 А

D) 5 А

E) 3 А

6. Ғаламшарлардың жер тобына кірмейтіні

A) Марс

B) Меркурий

C) Юпитер

D) Жер

E) Шолпан

7. Өзара перпендикуляр жолдармен бірқалыпты қозғалған автомобильдердің жылдамдықтары 72 км/сағ және 10 м/с. Автомобильдердің бір-біріне қатысты жылдамдықтары


A) ≈ 30 м/с

B) ≈ 72 м/с

C) ≈ 15,5 м/с

D) ≈ 10 м/с

E) ≈ 22,4 м/с


8. Теміржол цистерналарының әрқайсысының сыйымдылығы 25 м3 болса, онда 1000 т мұнайды тасуға қажетті цистерналар саны (ρмұнай = 800 кг/м3)

A) 25

B) 40

C) 30

D) 50

E) 55

9. Серіппесі 4 см-ге созылған, қатаңдығы 50 Н/м динамометрдің потенциалдық энергиясы

A) 4·10-2 Дж.

B) 60 ·10-2 Дж.

C) 2·10-2 Дж.

D) 3·10-2 Дж.

E) 6·10-2Дж.

10. Гармоникалық тербелістерді тудыратын себеп –

A) ығысуға пропорционал және оған қарама – қарсы бағытталған күштің әсері.

B) үйкеліс күшінің әсері.

C) тербелмелі жүйенің параметрлеріне тәуелді емес күштің әсері.

D) сыртқы периодты күштің әсері.

E) уақыт өтуімен өзгермейтін күштің әсері.

11. Толқын көзінің 4 минуттағы тербелістерінің саны 1200 – ге тең. Толқын ұзындығы 3 м. Толқынның таралу жылдамдығы

A) 100 м/с

B) 12 м/с

C) 10 м/с

D) 300 м/с

E) 15 м/с

12. Ыдыс түбінің ауданы 1300 см2. Егер оған көлемі 3,9 л су құйса, ыдыстың үстел бетіне түсіретін қысымының өзгерісі ()

A) 150 Па

B) 300 Па

C) 200 Па

D) 100 Па

E) 250 Па

13. 1 Кл зарядты элементар зарядпен салыстар (е =1,6·10-19Кл)

A) 1,2·1018.

B) 6,25·1018.

C) 4,2·1019.

D) 4·1017.

E) 5·1018.


14. Әр қайсысының заряды 10 нКл екі нүктелік зарядтың арақашықтығы 3 см – ге тең. Олардың арасындағы әсерлесу күші (k = 9∙109 Нм2/Кл2 )

A) 3 мН

B) 1 Н

C) 10 Н

D) 100 Н

E) 1 мН

15. Магниттік қасиетін ... ұзақ уақыт сақтайды

A) электромагниттер

B) парамагнетиктер

C) диамагнетиктер

D) тұрақты магниттер

E) магниттік генераторлар

16. Ядроның массалық саны

A) электрондар

B) протондар мен нейтрондар

C) протондар

D) нейтрондар

E) β- бөлшек