https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4


ӘҚҚБ ЖОБАЛАРЫН СИПАТТАУ

5-ші КЕЗЕҢ

s:\bota info\bota logo\color logo. jpg.jpg



БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАҒЫТЫ: ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ БАЛАЛЫҒЫН ҚОРҒАУ


ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ƏРЕКЕТ ЖОСПАРЫН ДАЙЫНДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ГРАНТТАР

Грант сомасы 290, 000 теңгеден аспайды





ГРАНТ №

КЕҰ

ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ



SSP-2012-00688

«Жастардың денсаулық ортылығы» Қоғамдық қоры

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы және Аманқарағай ауылында тұратын 2- 24 жас аралығындағы тілі мүкіс балалар мен жастарды қолдау үшін әрекет жоспарын дайындау. Грант алушы 30 жасөспірімнен, ата-аналарынан, медицина қызметкерлерінен және оқытушылардан сұхбат алу арқылы бенефициарлардың қажеттіліктерін бағалау жұмыстарын жүргізеді, мақсатты топқа қолдау көрсету үшін әрекет жоспарын дайындайды және оны дөңгелек үстел барысында мемлекеттік және бизнес құрылымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ұсынады. Жобаның нәтижесінде грант алушы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы және Аманқарағай ауылында тұратын тілі мүкіс балалар мен жастарды қолдау үшін жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындайды.




SSP-2012-00703


«Жан» Мүгедектердің құқығы бойынша азиялық қоғамы» ҚБ Ақтөбе филиалы

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласында тұратын 14- 24 жас аралығындағы аз қамтылған отбасындағы ерекше қажеттілігі (ЕҚ) бар жастарды қолдау үшін әрекет жоспарын дайындау. Грант алушы аз қамтылған отбасындағы ерекше қажеттілігі (ЕҚ) бар жастардың, олардың ата-аналары/ қамқоршыларының, ЕҚ бар жастармен жұмыс істейтін мүдделі тұлғалардың жеке кездесу өткізу және телефон қоңыраулары арқылы қажеттіліктерін бағалау жұмыстарын жүргізеді. Грант алушы мақсатты топтың 30 өкілімен, КЕҰ және мемлекеттік құрылымдармен 4 жұмыс кездесуін өткізеді, ал ЕҚ бар жастардың қажеттіліктерін талқылау және ЕҚ бар жастарға ұсынылатын қызметтің сапасын жақсартуға арналған ұсыныстарды тыңдау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырады. Жобаның нәтижесінде грант алушы мақсатты топқа әлеуметтік қызметтер көрсету үшін жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындайды.


ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОБАЛАР

Грант сомасы 3,625,000 теңгеден аспайды




Грант #

КЕҰ

Орналасқан жері

ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ


SSP-2012-00693


«Балаларға денсаулық» Қоғамдық қоры

Ақтау қ.

Жобаның мақсаты Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы аз қамтылған отбасынан шыққан 2-14 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар 96 баланың әлеуметтік ортаға тиімді бейімделуіне ықпал ету болып табылады. Грант алушы ерекше қажеттілігі бар 96 балаға логопед, психолог, массаж және ЛФК сабағы, соның ішінде «Атлант» сауықтыру костюмы мен тренажермен жаттығуларды қоса алғанда түзету қызметтерін көрсетеді. Жобаның нәтижесінде ерекше қажеттілігі бар 96 бала дене және ақыл-ойын дамытуға арналған кешенді қызметтерге ие болады, ал 96 ата-ана балалармен жанжалсыз қарым-қатынас жасауды және көңіл күйлерін бақылауды үйренеді.



SSP-2012-00694

«Періштем менің» Қоғамдық бірлестігі

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы

Жобаның мақсаты Теміртау қаласындағы аса күрделі БЦСА диагнозы қойылған және ақыл-ойы дамымаған 3 - 20 жас аралығындағы 20 балаға түзету қызметін көрсету болып табылады. Жобаны жүзеге асыру барысында Монтессори бөлмесін жабдықтауға арналған қондырғылар сатып алдынды, онда ЕҚ бар 20 балаға психолог және тәрбиешілер түзету жұмыстарын жүргізеді. Грант алушы ЕҚ бар балаларға әлеуметтік оқшауланудың алдын алу мақсатында 3 мерекелік іс-шара өткізді. ЕҚ бар балалардың ата-аналары апта сайын психологтың көмегін алады. Жоба жүзеге асыру нәтижесінде қауымдастықтың мүдделі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жобаның нәтижесінде ЕҚ бар 20 бала моторика, логика, дербестік пен психо-эмоциялық жағдайын жақсартады.




SSP-2012-00698

«Ерлік» тірек қимылы бұзылған мүгедектер» Қоғамдық бірлестігі


Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Жобаның мақсаты Алматы облысы, Талдықорған қаласында тұратын 12 -24 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар 30 бала мен жасты әлеуметтік оқшаулануын жою болып табылады. Грант алушы маржан тігу, кесте тігу және сурет салу үйірмелерін ұйымдастыру арқылы 30 бенефициардың шығырмашылық мүмкіндігін дамытуға жағдай жасайды. Ұлттық қолөнердің жергілікті шеберлері 3 мастер-класс өткізеді. Грант алушы ЕҚ бар балаларды Алматы облысындағы сауықтыру орталықтары арасында тарату үшін шығармашылыққа баулуға арналған 300 дана әдістемелік оқу құралын дайындайды және басып шығарады. Жобаның нәтижесінде 30 бенефициар қолданбалы қолөнер шеберлігін үйренеді, шығармашылық мүмкіндігін дамытады, қарым-қатынасын дамытуға мүмкіндік алады.




SSP-2012-00702


«ОЛИМП» жастарды дамыту және қорғау, қоолдау орталығы» Қоғамдық бірлестігі

Өскемен қаласы

Жобаның мақсаты Өскемен қаласындағы ерекше қажеттілігі бар 20 балаға қоғамға бейімделу және когнитивтік дамуына ықпал ету үшін түзету көмегін көрсету болып табылады. Грант алушы 20 балаға келесі мамандардың көмегімен түзету қызметін ұсынады: дефектолог, психолог, дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, сондай-ақ еңбек терапиясы. Грант алушы 20 ата-ана үшін 2 оқу семинарын, 3 мастер-класс пен тренингтер өткізеді, онда олар ерекше қажеттілігі бар балаларды дамыту мен тәрбиелеуге қажетті білімдерді меңгереді, этноауылға сапар ұйымдастырды, ол ауылда 20 ата-анаға ерекше қажеттілігі бар балаларға демалыс ұйымдастыру бойынша оқыту курстары жүргізілді. Ата-аналарға көмек ретінде ЕҚ бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша 25 әдістемелік оқу құралдары дайындалды және шығарылды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесі бойынша мемлекеттік мекеменің, қоғамның, БАҚ-тың 30 өкілінің қатысуымен грант алушы «Әр бала – біздің ортақ болашағымыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырады. Жобаның нәтижесінде ерекше қажеттілігі бар 20 балаға түзету қызметі көрсетіледі, 20 ата-ана ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және қолдау көрсету бойынша білімдері мен дағдыларын жақсартады.




SSP-2012-00707


«ТАЛАП» мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар отбасын қолдау» Қоғамдық бірлестігі

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы

Жобаның мақсаты Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында тұратын 5-24 арасындағы ерекше қажеттілігі бар 45 бала мен жастың қоғамға бейімделуін жақсарту болып табылады. Грант алушы 45 бенефициарға иппотерапия, су терапиясы, канис терапия және ЕДШ сияқты сауықтыру қызметтерін көрсетеді, балаларға арнап қолданбалы қолөнер үйірмесін және ата-аналармен кездесу ұйымдастырады, онда олар ЕҚ бар балаларды дамыту және тәрбиелеу бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады. Грант алушы бенефициарлар жұмыстарының суреті және мақсаттық топқа қажетті қаланың қоғамдық өмірі туралы ақпараттар жарияланған тоқсан сайынғы 4 күнтізбе дайындайды және шығарады. Жобаның нәтижесінде ЕҚ бар 45 бала мен жас өздерінің дене және психо-эмоционалдық денсаулығын жақсартады, қоғамға бейімделеді және қарым-қатынасын дамытады, 45 ата-ана ЕҚ бар балаларды дамыту және тәрбиелеу дағдыларын меңгереді, өз балаларымен қарым-қатынасын жақсартады.

6.

SSP-2012-00712


«Берегиня» Отбасына қолдау көрсету орталығы» Қоғамдық бірлестігі

Өскемен қаласы

Жобаның мақсаты ШҚО, Өскемен қаласы және Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов ауылы мен Глубоковский ауданы, Белоусовка ауылында тұратын аз қамтылған отбасындағы ерекше қажеттілігі бар 50 бала мен жасқа арнайы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады. Грант алушы балалар мен жастарды «Өзін-өзі тану», Монтессори бағдарламалары бойынша оқу, үй шарушылығы, қолөнер, компьютерлік сауаттылық үйірмелерін ұйымдастырады, сондай-ақ ЕҚ бар балалар мен жастарға арналған өзара көмек көрсету тобын құрады. Ата-аналар үшін грант алушы клубта ЕҚ бар балаларға қолдау көрсету негіздері бойынша оқу ұйымдастырады, қолданбалы қолөнер бойынша ай сайын шеберлік-класын және ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту бойынша 2 тренинг өткізеді. Жобаның аясында ата-аналарға, ЕҚ бар балалар мен жастарға психологтың, заңгердің және әлеуметтік қызметкердің жеке консультациясы жүргізіледі. Жобаның нәтижесі бойынша мемлекеттік мекемелер мен қауымдастықтардың 30 өкілі қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі, сондай-ақ ЕҚ бар балалар мен жастардың әлеуетін дамыту және әлеуметтік-психологиялық қолдау бойынша әдістемелік оқу құралы дайындалады. Жобаның нәтижесінде ерекше қажеттілігі бар 50 бала мен жастар қолданбалы қолөнер, компьютерлік сауаттылық дағдыларын үйренеді, 50 ата-ана балаларға дамыту сабақтарын өткізуді меңгереді.


7.


SSP-2012-00734



«Тірек және М» қимыл-қозғалыс аппараты зақымданған мүгедектер» Қоғамдық бірлестігі

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы

Жобаның мақсаты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған, Үшқоңыр, Шалқар ауылдары, Қаскелен қаласында тұратын 7 -16 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар 40 бала мен жастың денсаулығын жақсарту және қоғамға әлеуметтік ықпалдастыру болып табылады. Грант алушы 10 бенефициарды сурет өнерінің негіздеріне үйретеді; 12 бенефициарды - дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ ойындарына баулиды, кейіннен құрдастарының арасында спорттық жарыстар өткізеді. БЦСА (балалар церебралды сал ауруы) диагнозы қойылған 18 балаға массаж және ЛФК қызметтері көрсетілді. Жобаның нәтижесінде 40 бенефициар қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, ой өрістерін кеңейтеді, денсаулықтарын жақсартады, ал олардың ата-аналары сеанс кезінде массаж бен ЕДШ базалық дағдыларын меңгереді.

8.


SSP-2012-00739


«Қарағанды облыстық Экология мұражайы» Қоғамдық бірлестігі

Қарағанды қаласы

Жобаның мақсаты Қарағанды қаласында тұратын ерекше қажеттіліктері бар 40 баланың қоғамға сәтті әлеуметтік ықпалдасуына ықпал ету болып табылады. Жобаны жүзеге асыру барысында грант алушы ерекше қажеттіліктері бар 15 бала үшін олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен арт-терапевтикалық бағыттағы 108 сабақ өткізеді, 25 бала мен олардың ата-аналары үшін табиғи материалдарды пайдалану бойынша 10 шеберлік-класын, сондай-ақ 2 мерекелік іс-шара ұйымдастырады. Грант алушы 15 ата-анаға жеке психолого-педагогикалық кеңес береді, отбасылық типтегі шеберханалардың жаңа білім беру үлгісін құру тәжірибесін сипаттай отырып, мақалалардың педагогикалық жинағын шығарады, бенефициарлардың, қауымдастық, БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізеді және ЭкоМұражайдың көрме залында балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастырады. Жобаның нәтижесінде 40 бала мен олардың ата-аналары арт-терапевтикалық сабақтарға және шеберлік-кластарына барады, өзін-өзі бағалау деңгейін көтереді, ата-аналар ЕҚ бар балалармен қарым-қатынас жасау дағдысын жақсартады.


9.

SSP-2012-00745


«Медет» «Павлодар түзету, педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету орталығы» Қоғамдық бірлестігі



Павлодар қ.

Жобаның мақсаты Павлодар қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар 3-10 жас аралығындағы 21 балаға түзету көмегін көрсету болып табылады. Жобаны жүзеге асыру барысында грант алушы тілі мүкіс, жеңіл деңгейдегі ақыл-ой дамуы бұзылған және аутизммен ауыратын балалар үшін логопед, дефектолог және психологтың консультациясын ұйымдастырады. Ата-аналар/қамқоршылар психологиялық консультация алады, ол аптасына бір рет өткізіледі. Грант алушы ерекше қажеттілігі бар балаларға арнап еріктілердің қатысуымен 3 демалыс шараларын ұйымдастырады. Жобаның нәтижесінде ЕҚ бар 21 бала мамандардан көмек алады, сөйлеу тілдерін жетілдіреді, қарым-қатынас жасау және әлеуметтік –тұрмыстық дағдыларын меңгереді.

10.

SSP-2012-00748

«Достық алаңы» Балалар мен жастар Қоғамдық бірлестігі

Орал қаласы

Жобаның мақсаты Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында тұратын ерекше қажеттіліктері бар 35 баланың қоғамға сәтті әлеуметтік ықпалдасуына ықпал ету болып табылады. Грант алушы жобалық командадағы 17 маманның ЕҚ бар балалармен жұмыс істеудің психофизиологиялық ерекшеліктері бойынша оқуын ұйымдастырады; бенефициарлар үшін қарым-қатынас жасау және достық байланыс орнату мақсатында дені сау құрбылары мен ата-аналары қатысуымен кездесулер ұйымдастырады. Жобаның аясында ЕҚ бар бенефициарлар дені сау құрбыларымен бірге Мектеп тыс жұмыстар орталығында қызығушылықтары бойынша 8 үйірмеге барады; грант алушы бенефициарлар мен ата-аналары үшін арт терапия және ертегі терапиясы бойынша 2 семинар, шахмат, дойбы мен тоғыз құмалақ бойынша спорттық турнирлер ұйымдастырады; ЕҚ бар балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау көресетеді. Жобаның нәтижесінде ЕҚ бар 35 бала мен жас қоғамға ықпалдасу мүмкіндігін алады, психологиялық жағдайын жақсартады және шығармашылық әлеуетін көтереді.


11.

SSP-2012-00775


«Үлкен Жүрек» БГОО


Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Жобаның мақсаты Балқаш қаласындағы ерекше қажеттіліктері (ЕҚ) бар 35 балаға түзету-дамыту қызметін көрсету болып табылады. Грант алушы Астана қаласындағы Республикалық балаларды сауықтыру орталығында Мария Монтессори және ЕДШ әдістемесі бойынша 2 маманды оқытады. Жобаның барысында грант алушы Монтессори бөлмесін жабдықтауға қажетті дамыту қондырғыларын сатып алады, ЕҚ бар 35 балаға дефектолог және ЕДШ маманының қызметі көрсетіледі. Грант алушы ЕҚ бар балалардың 35 ата-анасына апта сайын үйде дамыту бойынша оқыту сабақтарын жүргізеді. Жобаның нәтижесінде ЕҚ бар 35 бала өзіне-өзі қызмет көрсетуді, қарым-қатынас жасауды үйренеді, моторика және жалпы денсаулығы жағдайын жетілдіреді.

12.

SSP-2012-00797

«Ақтөбе қаласы сал адамдарды қорғау қоғамы» Қоғамдық бірлестігі

Ақтөбе қаласы

Жобаның мақсаты Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысындағы әлеуметтік туризм бағдарламасын дамыту арқылы 14-24 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың белсенді әлеметтік өмірге ықпалдасуы болып табылады Грант алушы Ақтөбе облысы бойынша ЕҚ бар адамдар үшін қолжетімділігі тұрғысынан туристік бағыттарға талдау жүргізеді, ЕҚ бар 25 бала мен жастар үшін мәдени-танымдық сапарлар ұйымдастырады, 20 еріктіні ЕҚ бар балалармен ілесіп жүру дағдыларын үйретеді, КЕҰ, мемлекеттік мекемелер және бизнес серіктестер арасында жобаның қызметі туралы ақпаратпен қамту мақсатында электрондық таралымдарды жүзеге асырады, ЕҚ бар балалар мен жастардың қарым-қатынасы үшін интернет клуб ұйымдастырады. Грант алушы ЕҚ бар балалар мен жастарға арналған әлеуметтік туризм бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттама дайындайды, Ақтөбе облысы үшін «Әлеуметтік турист» жол көрсеткішін жасайды. Жобаның нәтижесінде ЕҚ бар 25 бала мен жас әлеуметтік бейімделу машығын, психо-эмоциялдық жағдайын жақсартады және ой өрісін кеңейтіп, әлеуметтік өмірге жақсы ықпалдаса түседі.


13.

SSP-2012-00803

«ЖАНШУАҚТАЙ» Қоғамдық бірлестігі

Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы

Жобаның мақсаты Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстай, Үлкен Нарын және Катон-Қарағай ауылдарында тұратын 7-24 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар 25 баланың қоғамға сәтті әлеуметтік ықпалдасуына ықпал ету болып табылады. Грант алушы 25 бенефициар үшін дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ, қолданбалы өнер және фото үйірмелерін ұйымдастырады, 25 бала мен ата-аналарына тұрақты түрде психологиялық қолдау көрсетеді, 3 ауылдағы жергілікті қоғамдастықтар жобаларының нәтижелері бойынша 3 дөңгелек үстел өткізеді. Жобаның нәтижесінде ЕҚ бар 25 бала мен жас әлеуметтік бейімделу машығын, психо-эмоциялық жағдайын жақсартады және ой өрісін кеңейтіп, әлеуметтік өмірге жақсы ықпалдаса түседі, шығармашылық әлеуетін жетілдіреді, 26 ата-ана өз балаларымен қарым-қатынас жасау және өзара түсінісу дағдыларына үйренеді.

14.

SSP-2012-00841

«Ғажап» Ақтөбе қаласы мүгедек балалар Қоғамдық бірлестігі

Ақтөбе қаласы

Жобаның мақсаты Ақтөбе қаласындағы еркеше қажеттіліктері (ЕҚ) бар туғаннан 18 жасқа дейінгі 25 балаға әлеуметтік және педагогикалық түзету-дамыту қызметін көрсету болып табылады. Грант алушы Астана қаласындағы Республикалық балаларды сауықтыру орталығында Мария Монтессори әдістемесі бойынша оқытушыны оқытады, Монтессори әдістемесі бойынша оқытушы, психолог және қолданбалы өнер бойынша оқытушының балалар мен жастарға тұрақты түрде қызмет ұсынуын қамтамасыз етеді. Грант алушы ата –аналарға 3 екі күндік семинар ұйымдастырады, онда олар балаға дұрыс күтім жасау білімдерін меңгереді, сондай-ақ оларға заңгердің қызметі ұсынылады. Жобаның нәтижесінде 25 бала мен жастар түзету қызметтін алады, шығармашылық әлеуетін жетілдіреді, өзіне-өзі қызмет көрсету, қарым-қатынас жасауды үйренеді, ал олардың ата-аналары балаға күтім жасауға машықтанады.

























следующая страница >>