girniy.ru 1


Әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссиясы
3 хаттама

Қарағанды қаласы 2010 жылғы 9 желтоқсан

Табиғи монополиялардың тарифтерін реттеу механизмдерін жетілдіру жұмыстары туралы және тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін

тиісті уәкілетті органмен шара қабылдау туралы

шешім
Облыстық үш жақты комиссияның келісім шартында тараптар келесідей келісімге келді – Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарық туралы» Заңына және ҚР нормативтік актілеріне сәйкес тарифтік саясат саласында қызметті өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы мүдделер балансының сақталуына сүйену.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті табиғи монополиялардың тарифтерін реттеу механизмдерін жетілдіру шараларын қабылдады.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөлімінде табиғи монополиялардың 120 субъекті тіркелген, реттелетін қызмет түрлерінің саны – 197. Оның ішінде: су шаруашылығы жүйесінің қызметі – 44; канализациялық жүйенің қызметі – 49; жылумен қамтамасыз ету қызметі – 38; электр қуатын беру және тарату бойынша – 47; жол қатынастары – 17; газ тасымалдау – 2.

Бұдан басқа, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС қызметің 40 түрі және «Жезқазған Эйр» АҚ қызметінің 4 түрі реттелуде. Реттелетін қызметтің барлығы – 241.

2010 жылдың 11 айы ішінде Департаментпен табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге арналған 132 өтініші қаралды. Оның ішінде: 51 өтініш қабыл алынбады; 36 өтінішті кәсіпорындар кері шақырды; 45 өтініш бойынша тарифтер бекітілді. Бектілген 45 тарифтің ішінен: 14 тариф қайта құрылды, 2 тариф арзандатылумен есептелді, 29 тариф өсумен есептелді.

Былтырғы жылдың осы кезеңінде Департаментпен табиғи монополиялар субъектілерінің 85 өтініші қаралды, бұл 36 %-ға төмен.


Тауар нарығындағы үстемдік жағдайға ие болған нарықтың субъектілері бойынша энергиямен қамтамасыз ету қызметі құнының алдағы өсуі жөніндегі 20 хабарлама Департаментпен қаралды. Нәтижесінде 7 хабарлама бойынша тариф өсті, 2 хабарлама бойынша сол деңгейде қалды, 9 хабарлама бойынша тарифтің өсуі қабыл алынбады, 2 хабарлама - кәсіпорындар кері шақырды.

2010 жылдың 11 айы ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін бекітуге арналған қаралған өтініштердің шығындарын шартты түрде төмендету сомасы 44 млрд. 769 млн. 094 мың теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 11 есе артық (4 млрд. 090 млн. 127 мың теңге).

Қазіргі кезде табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді бекіту жаңа активтерді құруға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, бар активтерге қолдау көрсетуге, Субъектінің негізгі құралдарын қайта қаруландыруға бағытталған тек қана инвестициялық бағдарламаны ескере отырып іске асырылады.

Тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Департамент келесі шараларды қабылдады:


  • Өндірісті модернизациялау жөніндегі инвестициялық міндеттемелердің олармен орындалуы үшін табиғи монополиялар субъектілерінің есептерін қарастыратын жұмыс тобы құрылған. 8 субъект бойынша инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептер тыңдалды, оның ішінде генерациялық кәсіпорындар бойынша – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Шахтинская ТЭЦ» ЖШС, «Bassel Group LLS» ЖШС, «Караганда Энергоцентр» ЖШС; энергия таратушы субъектілер бойынша – «Қарағанды Жарық» ЖШС, «КРЭК» ЖШС, «ЖРЭК» АО.
  • Табиғи монополиялардың жекелеген субъектілерінің инвестициялық міндеттемелердің орындалуына тексеріс жүргізілді. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нен инвестициялық салымдардың жоқтығынан инвестициялық міндеттемелер «Балқашэнерго» ҚМК, «Су Жылу транс» ҚМК орындалмағаны анықталды. «Жезқазған Эйр» АҚ бойынша инвестициялық міндеттемелердің орындалуы 75,6 %-ды құрады (Балқаш әуежайының жөндеу жұмыстары жасалмаған). Қалған субъектілер бойынша инвестициялық міндеттемелер орындалды.


  • 2009 жылдың қорытындысы бойынша Департамент табиғи монополиялардың 62 субъектісі бойынша 147 тарифтік сметаның орындалуына талдау жасады. Тарифтік сметалардың орындалуын талдаудың қорытындысы бойынша қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негізделмеген табыстың жалпы сомасы 2 млрд. 520 млн. 816 мың теңге көлемінде табиғи монополиялардың 46 субъектісінің орнын өтеуші 74 тарифі енгізілді.

  • Табиғи монополиялар субъектілері жыл сайын нормативтік шығындарды 1-2 %-ға төмендетуге және 5 жыл ішінде нормалық шығындардан тыс шығындарды жоюға міндетті екені ҚР Заңнамасымен қарастырылған.

Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық шығындарын төмендетудің деңгейі Департаментпен бекітілген. 2010 жылы 94 өтініш бойынша нормативтік техникалық шығындар қарастырылып, бекітілді. Оның ішінде: 53 төмендетумен бекітілген; 34 қайта құрылған немесе алдында бекітілмеген субъектілерге бекітілген; 7 бұрынғы деңгейде қалдырылды.

Табиғи монополиялар субъектісінің тарабынан электр, жылу энергиясыныңң судың нормативтік техникалық шығындарын төмендету, нормадан тыс шығындарын жою кестесі мен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

  • Департамент сарапшылар кеңесінің құрамын жаңартты. Сарапшылар кеңесінің жаңа мүшелерінің құрамына Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, экономиканың, ғылымның, техниканың түрлі салаларының практика мамандары, мемлекеттік билік, облыстық басқарма, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен осы Департамент жұмыскерлері қосылды.

Жаңа енгізулердің бірі ұйымдарда сарапшы кеңестерін құру болып табылады. Қарағанды облысының 9 қаласында, 9 ауданында осыған ұқсас сарапшы кеңестері құрылды, оған қалалық, аудандық өкілетті және атқарушы билік органдарының өкілдері кірді.
  • Тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін күшейту, монополист субъектілер қызметінің жариялылығын, айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент алдағы тарифтердің өсуі мен нормативтік техникалық шығындарды бекіту жөніндегі тұрақты түрде көпшілік тыңдауларды өткізеді.


Тыңдаулар депутаттарды, мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, тәуелсіз сарапшылар мен табиғи монополиялар субъектілерін міндетті түрде шақыра отырып өткізіледі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Департамент 137 көпшілік тыңдалуды, оның ішінде: тарифтерді қарастыру жөніндегі 49 көпшілік тыңдалуды және нормативтік техникалық шығындарды бекіту жөніндегі 88 көпшілік тыңдалуды өткізді. Көпшілік тыңдалу барысында 1000 аса мәселе қарастырылған болатын.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап барлық көпшілік тыңдалулар субъектілер қызметінің орындалу орны бойынша облыстың қалалары мен аудандарына барып өткізіледі.

Талқылау барысында комиссия мүшелері департаментке көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауға ерекше көңіл аудару туралы ұсыныстарын айтты.

Аталған мәселені талқылау нәтижесінде әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Қарағанды облысының үш жақты комиссия мүшелері шешім етті:

  1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ақпараты назарға алынсын – табиғи монополиялардың тарифтерін реттеу механизмдерін жетілдіру және тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін шара қабылдау туралы.

  2. Комиссияның жұмыс тобы (Н. Крюкова) аталған шешімді облыс әкімінің сайтына орналастырсын.


Тараптар:

Үш жақты комиссияның төрағасы


Облыстың кәсіподақтар федерациясының төрайымы

Облыстың жұмысберушілер кеңесінің төрағасы

Т. Рақымбеков

А. Мадиярова

Д. Павлов





Қазақстандық кәсіпкерлер ассоциациясының президенті


Қарағанды облысының тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының президенті

Т. Доскенов


С. Белкин

Қарағанды облысының кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры

Еуразиялық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы

Г. Құрбанбаева

Ж. Алданғаров