https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Күні: 17.10.2011ж.

Пәні: математика

Сыныбы: 5 «В,Г»

Тақырыбы: Үлестер. Жай бөлшектер.

Мақсаты

-білімділік: үлес, жай бөлшек ұғымдарымен таныстыру, үлестер мен жай бөлшектерді есептер шығаруда қолдануға үйрету

дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жаңа материалды түсіндіре отырып дамыту

-тәрбиелік: оқушыларды шыдамдылық пен төзімділікке баулу


Оқыту құрал-жабдықтары: оқулық, интерактивті тақта, презентация

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: нақтылы индуктивті


Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі:

-сәлемдесу

-түгендеу

-сабақ тақырыбы мен мақсатына қысқаша тоқталу арқылы оқушылардың назарын өзіме аударту


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-оқушылар, үйге берілген тапсырмаларыңды орындадыңдар ма?

-сұрақтарың болса, сұраңдар.

ІІІ. Өтілген материалдарды жандандыру сұрақтары:


  1. Натурал сан деп қандай сандарды атаймыз?

  2. Шеңбер дегеніміз не?

  3. Шеңбер радиусы деп ...

  4. Дөңгелек пен шеңберді салыстырыңдар?



IV. Жаңа материалмен таныстыру

  1. Тең бөліктер үлестер деп аталады.






2. Жай бөлшек

Әркімнің дәптер бетінен

Көреміз бөлшек сызығын

Үстіндегі алымы, білсеңіз

Астыдағы бөлімі

Бөлшекті біз әрқащан

Жай бөлшек деп атаймыз

3. Екі натурал санның бөліндісін бөлшек түрінде жазғанда, бөлшектің алымына бөлінгіш жазылып, бөліміне бөлгіш жазылады.


- алымы, - бөлімі, ортасындағы бөлшек сызығы

V. Пысықтау есептері:

Кітаппен жұмыс

392 бөлшектің әрқайсысын оқып шығып, олардың әрқайсысының бөлімі мен алымын атаңдар, олар нені білдіретінін түсіндіріңдер.

Төрттен үш; 3 саны алым, 4 саны бөлімі, мұндағы 3 саны бөлінгіш, ал 4 саны бөлгіш сан.

; ; ; ;;


393 Суреттегі фигуралардың:

1) Қандай бөлігі боялған.

2) Қандай бөлігі боялмаган



Шешуі: ; ; ; боялмаған бөліктері

; ; ; - боялған бөліктері


№396 жай бөлшегі түрінде жаз:


    1. жетіден екіні

    2. бестен үшті

    3. алтыдан бірді

    4. сегізден бесті

    5. онна тоғызды

    6. жүзден үшті

Шешуі :

№399

  1. бақтаы 120 ағаштың -і шырша ағаштары. Бақта неше шырша ағашы бар?

  2. Көрмедегі 57 суреттің -і бояулы суреттер. Көрмеде неше бояулы сурет бар?

Шешуі: 1) 120*1=120

120/5=24

  1. 57*1=57

  2. 57/3=19

Жауабы: 24 шырша ағашы мен 19 бояулы сурет бар

VI. Бекіту сұрақтары:

  1. Үлестердің анықтамасын тұжырымдаңыз.

  2. Бөліндіде, бөлшек алымы мен бөлімі нені білдіреді?

  3. Бөлшекті бөлінді түрінде жазуға болама?

  4. Керісінше, бөліндіні бөлшек түрінде жаза аламыз ба?

  5. Жай бөлшекке мысалдар келтіріңдер.



VII. Үйге тапсырма:

Ережелерді жаттау

№397

№403



VIII. Қорытындылау

Сабақ мақсатына жеттік пе?

Сабақты қорытындылыңыз.

Бағалау