https://electroinfo.net

girniy.ru 1

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ

ӨКІМІ





РАСПОРЯЖЕНИЕ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА

РЕСПУБЛИКИ

КАЗАХСТАН


2


012 жылғы Астана, Үкімет Үйі от « » 2012 года















№ исх: 22-р от: 01.02.2012



2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы берген

тапсырмаларды орындау жөніндегі

іс-шаралар жоспарын бекіту туралы


1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағалары Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.


3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары Іс-шаралар жоспарында көзделген бекітуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен тікелей өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


Премьер-Министр К. Мәсімов


18.10.2012 9:16:44 00000000