girniy.ru 1





Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

Ақтөбе облысының статистика департаменті

Баспасөз хабарламасы

№ 02-11/61

14. 06. 2012ж.




2011 жылға Ақтөбе облысының

шағын кредиттік қызметі

Шағын несие – бұл кәсіпкерлік бастаманы дамытуға арналған несиенің бір түрі, халықтың экономикалық белсенді бөлігін өзін-өзі жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету, жалпы өмір сүру деңгейін өсіру және несиелік мәдениетке бағыттау.


2011 жылдың есебі бойынша облыстық несие беретін мекемелер жалпы сомасы 2 875,9 млн. теңгеге несие берген, бұл 2010 жылдың есепті кезеңіне қарағанда 5 есеге артык .


Жалпы берілген несиелер көлемінің 31,0% (891,9 млн. теңге) қысқа мерзімді несиелер және 69,0% (1 984,0 млн. теңге) – ұзақ мерзімді несиелер құрап отыр.


Кірістіліктің орташа өлшемді ставка сыйақысы жеке тұлғаларға берілген қысқа мерзімді несие бойынша – 14,5%, заңды тұлғаларға – 4,2%. Ұзақ мерзімді несиелер жеке тұлғаларға берілді және кірістіліктің орташа өлшемді ставкасының сыйақысы-8,9%, заңды тұлғаларға 3,9% құрады.


Несиенің жалпы көлемі – 55,4% мүлікті кепілге ала отырып берілгені, 44,6% - кепілгерлікпен қамтамасыз етілген немесе бұйрықпен берілген.


Берілген несие сомасының 86,3% - жеке қаражат және 13,7% - сырттан тартылған қаражат, оның ішіндегі бюджеттік қаражат үлесі – 5,8% құрады.


Берілген несиенің басым бөлігі (10,9% жалпы соммадан) жеке тұлғаларға берілген, оның ішінде 81,9% (256,3 млн. теңге) кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған, тұтынушылық мақсатқа 18,1% (56,6 млн. теңге) берілген.


Заңды тұлғаларға 2 563,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 38,0% өзге де кәсіпкерлік мақсатына бағытталған, 20,3% - айналым қаражатын алуға, 17,1 % - негізгі қорларды сатып алуға. Пайдалану бағытына байланысты несиелерді төмендегідей тәртіпте бөлген: жылжымалы мүлік қызметіне - 44,9%, сауда қызметіне - 18,4%, құрылысқа -15,5%


Несиелердің басым бөлігін Ақтөбе қаласы (95,5% облыстық көлемде) несие беретін мекемелер беріп отыр.


Орындаған:

Департамент бастығы

Мекен-жайы:

Феськова Т.И.

Боранбаева Ә.О.

030020, Ақтөбе қ.

Тел. (7132) 563-041

Тел. 544-347

Әбілқайыр хан д. 25










© Ақтөбе облысының статистика Департаменті