https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Шығыс Қазақстан облысының


2012 жылғы қаңтар-қазандағы

әлеуметтік-экономикалық даму

қорытындылары


Өнеркәсіп. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 771,1 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі – 120 %.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер игеру облыстың жалпы өндіріс көлемінде 8,7% құрады, есепті кезеңде 67 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Өңдеу өнеркәсібінде – 84,3 %, 649,9 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, ТКИ – 134 %.

Электрмен қамту, газ, бу беру және ауа баптау көлемі облыстағы жалпы өнеркәсіп өндірісінде 5,9 % құрады (45,6 млрд. теңге).

Сумен қамту, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау және қалдықтарды орналастыруға бақылау көлемі тиісінше – 1,1 % құрады (8,5 млрд. теңге)

2012 жылы Индустрияландыру картасы аясында 7 жобаны іске асыру жоспарланған, олардың жалпы құны 40,8 млрд. теңге.

Қазіргі уақытта құны 5,8 млрд. теңге сомасына 3 жоба енгізілді:

– «Өскемен құс фабрикасы» АҚ құс фабрикасының қуаттылығын жылына 20 мың тонна етке дейін кеңейту;

– Егін шаруашылығында тамшылай суаруды енгізу және 500 тоннаға арналған картоп сақтау қоймасының құрылысы, «Мұхамеджанов» ЖК;

- № 1 ТГ қайта жаңғырту және жаңарту, «Согра ЖЭО АЭС» ЖШС.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 168,1 млрд. теңгені құрады. Табиғи көлем индексі – өткен жыл деңгейіне 98,2 %.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары өндірген өнімнің (жұмыс және қызмет) күтіліп отырған көлемі 364,7 млрд. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 5,6 % өсімді құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында қызмет ететіндер саны 233,5 мың адамды құрады немесе 2011 жылдың тиісті кезеңінен 4,5 % артық.

Шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген белсенді субъектілерінің саны 68,3 мың адамды құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңінен 3,5 % артық.


Негізгі капиталға инвестициялар 179 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 15,9 % жоғары.

Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемін – 3,1 %, тау-кен өнеркәсібі және карьерлер игеруді 22,8 %, жылжымайтын мүлікпен операцияларды – 85,4%, электрмен қамту, газ, бу беруді және ауа баптауды – 16,9 %, білімді – 35,4 % ауыл, орман және балық шаруашылығын – 85,9 %, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметті – 2,6 есе ұлғайту есебінен.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 89,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 26,4 % жоғары.

Сыртқы сауда айналымы 2012 жылғы қаңтар – қазанда 2011 жылмен салыстырғанда 1,4 есе өсіммен 3934,1 млн. АҚШ долларын, соның ішінде экспорт – 3138,8 млн. АҚШ долларын (2011 жыл деңгейіне 1,3 есе), импорт - 795,3 млн. АҚШ долларын (2011 жыл деңгейіне 1,5 есе) құрайды.

Сыртқы сауда айналымы сальдосы 2343,5 млн. АҚШ доллары сомасында оң қалыптасты (2011 жылы – 1810,8 млн. АҚШ доллары).

Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы қазанда 2011 жылдың желтоқсанына қарағанда 104,4% деңгейінде қалыптасты, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңіндегіден 1,7 пайыздық тармаққа төмен және 2009 жылдың тиісті кезеңіндегіден ең төменгі көрсеткіш.

Азық-түлік тауарларына бағалар индексі 102,9 %, азық-түлік емес тауарларға – 102,1 %, халыққа қызмет көрсету – 108,8 % деңгейінде қалыптасты.

Халыққа қызмет көрсету 8,8 % қымбаттады, оған тұрғын үй қызметтері (8,6 %), денсаулық сақтау қызметтері (4,1 %), байланыс (9,9%), білім (9,2 %), мейрамханалар және қонақ үйлер (4 %) үлес қосты.

Салық және бюджет. Мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерден 120,8 млрд. теңге түсім немесе болжамға қарағанда 98,6 % түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 71,4 млрд. теңге түсті (94,4 %), жергілікті бюджетке 49,4 млрд. теңге (104,5%) түсім түсті.

Әлеуметтік сала.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала


Тіркелген жұмыссыздардың саны 5,0% құрады.

Жұмыспен қамту органдарына жыл басынан бері барлығы 26,2 мың адам өтініш білдірген, оның ішінде 16,2 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды (өтініш бергендерден 61,8 %). Қоғамдық жұмыстарға 11,2 мың адам қатысты. Кәсіптік оқуға 1,9 мың адам жіберілді.

Нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және жаңа әлеуметтік объектілер енгізу есебінен 16514 жаңа жұмыс орны құрылды.

2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кедейлік шегінен төмен өмір сүретін азаматтар саны 3621 адамға азайды (17,6%) және 16969 адамды құрады.

Орташа айлық жалақы 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 82439 теңге құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 18,0 % артық.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтауды дамытуға 2012 жылы барлығы 33,7 млрд. теңге бөлінді, 2012 жылғы 1 қарашада 27,3 млрд. теңге немесе 81 % игерілді.

Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы, Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы, Семей қаласындағы 300 орындық көпсалалы қалалық ауруханасы, Өскемен қаласындағы облыстық онкологиялық диспансер жанындағы тамақ блогы бар шаруашылық блогы, материалдық-шаруашылық қоймасы бар 22 төсек орынға арналған емдеу корпусы, Глубокое ауданы Глубокое а. аудандық аурухана құрылысы бойынша 5 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 10344,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен 738,0 млн. теңге бөлінді.

Өскемен қаласының Өтепов, 35 көшесіндегі «Ана мен бала орталығы» КМҚК қазандық ғимаратын гараж етіп қайта жабдықтай отырып, қайта жаңартуға облыстық бюджет есебінен 45,9 млн. теңге бөлінді. Денсаулық сақтау нысандарын салуға және қайта жаңарту үшін ЖСҚ әзірлеуге 50,2 млн. теңге бөлінді, Семей қаласында жедел медициналық көмек станциясын және Өскемен қаласындағы облыстық аурухананың хирургиялық корпусын салуға ЖСҚ түзетуге 11,1 млн. теңге бөлінді.

Білім беру

2012 жылы білім беру саласын дамытуға 71,6 млрд. теңге көзделді, 2012 жылғы 1 қарашаға 60,5 млрд. теңге жоспарланған, 58,5 млрд. теңге немесе 96,6 % игерілді.


Білім берудің 9 нысанының құрылысына республикалық бюджеттен 3748 млн. теңге, соның ішінде: Ұлан ауданы Молодежный к. 600 орындық мектеп, Үржар ауданы Қабанбай және Жаңатілек ауылдарында 640 орындық 2 мектеп, Катонқарағай ауданында 250 орындық балабақша құрылысын аяқтауға; Өскемен қаласында 1000 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектеп, Риддер мен Зырян қ. 560 орындық 2 балабақша құрылысын бастауға, Шемонаиха ауданы Шемонаиха қ. 100 орындық интернаты бар 320 орындық орта мектеп пен Өскемен қ. «Арай» балабақшасының құрылысын аяқтауға бағытталды.

Жергілікті бюджет есебінен ЖСҚ әзірлеуге, білім нысандарын салуға және қайта жаңғыртуға 5 748,9 млн. теңге, соның ішінде: апатты мектептер орнына 24 мектеп құрылысын салуға – 4978 млн. теңге, 2 балабақша құрылысына – 295,3 млн. теңге, 4 мектепке жапсарлас құрылысқа – 316,2 млн. теңге, ЖСҚ әзірлеуге – 42,1 млн. теңге және РБ есебінен нысандарды ортақ қаржыландыруға – 98,4 млн. теңге бөлінді.

Білім беру нысандарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға 1,8 млрд. теңге, күрделі жөндеуге 1,6 млрд. теңге бөлінді.