https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4


Химия сабағында негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру


Аралбаева Жанар Амамбай қызы

Химия, биология мұғалімі

11 ЖОББМ

Екібастұз қаласы


Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Мектеп мұғалімдерінің міндеттері: қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларымен қаруланып, оқушының білім деңгейін көтеру, сабақтан тыс және сабақ негізінде оқушылардың шығармашылық деңгейін дамыту, ұлттық салт -дәстүрлерді өз бойына сіңірген, рухани дүниесі бай жоғары мәдениетті оқушы тәрбиелеу; оқушы жастардың ұлттық санасының азаматтығының негіздерін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай әлемдік білім кеңістігіне шығу жолын қарастыру, жоғары оқу орындарымен үзбей байланыста болу, танымал мектептердің озық тәжірибелерін зерттеп үйрену,оқушының дамуы үшін жаңа нәтижелі технологиялар, оқыту әдістемесін, тәрбие әдістемесін жасау. Міндеттерді шешуде қолданатын әдіс -тәсілдер: Озық педагогикалық технологияларды насихаттау, ендіру; қазіргі замандық жаңа ақпараттық технологияларды (компьютер, интернет, қашықтықтан оқыту, мультимедия және электронды оқулықтар) сабақ үрдісінде тиімді қолдану арқылы оқушы білімінің сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатындағы курстардан өтуін жоспарлы жүзеге асыру, Әдістемелік жұмыстар: -диагностикалық зерттеу жұмыстарын алып бару; -оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізіп отыру; -оқушылар білімінің сапасын пәндік олимпиадалар мен интеллектуальдық байқауларға қатыстыру арқылы қадағалап отыру ,оқушылардың ғылыми жоба байқауларына дайындау , қатыстыру арқылы шығармашылығын қалыптастыру; Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Осы міндеттерді мұғалім мен оқушы құзіретті болуын талап етеді. Жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне компетенттік тәсілді алу ұсынылып жүр .В.Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-төжірибелік дайыңдық ретінде анықтама береді. Компетенция — оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобилъділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер. Демек, компетенттілік ұғымы "білім", "білікгілік", "дағды" сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Компетенттілік оқу нөтижелерімен қатар, оқушылардың шығармащылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді." Білім,білік,дағды қасиеті өзінің даралығымен сипатталып,өз бетімен жетілдіріліп отырған жағдайда ғана құзіреттіліктің негізі бола алады.


Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе 12 жылдық білім беру де педагог төмендегідей құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.

1. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет

2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті

3. Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу)

Коммуникативті құзіреттілік (адмдармен өзара қарыс-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болу)

Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті)

Аталған құзіреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзіреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсыналатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.

Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде топпен деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданамын. Осы технологияны қолдану кезінде

-ойлау қабілетін дамытатын есептер беру


-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру

-оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.



Бұл технологияның тиімділігі сол,оқушының әсерлену жүйесі қалыптасады.

оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру

Коммуникативтік құзыреттілік. -нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; -әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; -өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқада көзқарас пен бағыттарды ұстанатын басқа ұлт өкілдерімен қарым- қатынас диологына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға ; -жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Коммуникативтік құзыреттілік іске асыру үшін берілетін тапсыпма. Мысалы:

жұппен оорындауға берілетін тапсырмалар: мысалы химия пәні бойынша 11 сыныпта «Изотоптар» тақырыбында

Радиоактивтілік - бұл_________________________________


__________________________________________________________


______________________________________________


Ыдыраудың жалпы сызбанұсқасын құр____




И(и) → + И(к)


ядерлық теңдеулер реакциясын аяқта


Ra226 → He + ____


Ыдыраудың жалпы сызбанұсқасын құр____





И(и) → + И(к)

Ядерлық теңдеулер реакциясын аяқта

Cs138 → e + ____


Проблеманы шешу құзіреттіліктілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалар

Лабораториялық тәжірибе

Лабораторлық тәжірибені орындасаң, изотоп атомдарының ыдырау үрдісінде изотоптар санының уақытқа тәуелділігін анықтай аласың

  1. Қорапшаны сілкіле ( ол уақыт аралығы шартына сәйкес


  2. Аш және сана қанша күміс аударылды, жаңа өзгерістер байқалды.

  3. Нәтижесін кестеге сал




Ыдырау үзілістері

Ыдыраудан кейін «аударылғандар»саны


Ыдырау кезінде «Жаңа өзгерістер» саны




40

0

I







II







III










  1. Барлық іс әркеттерді екі рет қайтала.

Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін “Дөңгелек үстел” “Бреин-ринг “ .“Бұл неліктен”. ‘Қарлы кесек”, «Кім көп біледі», «Көңілділер мен тапқырлар» оқыта үйрету ойындарын қолданамын. Ойын элементтерін пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық қызығушылығын арттыруға өткізген сабактарым:

8 класс бойынша «Бейорганикалық қосылыстары», « Оксидтер» т.б өткен тақырыпты пысықтау, үй тапсырмасын тексеру кезінде пәнге қызығушылығын арттыру үшін сұрақ-жауап ретінде миға шабуыл, кім жылдам, біліміңді байқап көр, ойын элементтерін қолданып белсенділігін арттырамын. Тірек сызба, семантикалық карта толтыру,эстафеталық сұрақтар, лото ойындарын шештірту арқылы, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытамын.



Әр тарауды өткен соң, өздік жұмыс,тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп,тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар,сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін.Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға,жүйелеуге мумкіндік береді.Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды.Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын.Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін,шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім.

Соның ішінде химия сабағында жаңа ақпараттық – компьютерлік технологияларды пайдаланып флипчарт жинағын жасадым, 8 сыныпта «Химия тұрмыста»элективті курсы, және 10-11 сыныпта «Химия және экология таңдау курсы» бағдарлама жасап,қолданамын. Аталған жұмыстар оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру,алған білімдерін тиянақты болуына қажет. Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін,ойлауға икемділігін,өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға бағытталған

Қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін,шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра,оқушының білім сапасын көтеремін,алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.Соның нәтижесі жыл сайын химиядан оқушылар ҰБТ -100% сапа көрсетіп келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т. Акитбаев.,2006.15бет

2«Вестник оброзавания» №6 2002 ж,55бет

3«Педогогический менеджмент» В.П.Симонов – м,1997

4Компетентностно деятельностны подход общего образования №1 2003ж,44-45бет

5 Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу.Қ.Жүнісханов.2008.3бет,39бет.

негізгі бет



следующая страница >>