girniy.ru 1

Оқушының мектепке әлеуметтік-психологиялық икемделуінің

Эксперттік бағалау кестесі (ата-аналар үшін)

р/с

Көрсеткіштері

ұпай




І. Мектеп тапсырмаларын орындауда табыстылығы




1.

Барлық пәндерден бағдарлама материалдарын нашар меңгереді

1

2.

Негізгі пәндердің біреуін нашар меңгеріп, қателер көп жасайды, тапсырмаларды тиянақсыз орындайды

2

3.

Анда-санда қателесіп, әріптерді қалдырады немесе ауыстырады

3

4.

Бірен-саран қателесіп, жазуын шамалы кірлетеді

4

5.

Мектепте берілген тапсырмаларды қатесіз, дұрыс орындайды

5




ІІ. Мектеп тапсырмаларын орындауда баланың тырысу деңгейі



1.

Бала жұмыс істеуден бас тартып, жылап, айқайлап, агрессия білдіреді


1

2.

Мектеп тапсырмаларын орындау баладан нақты деңгейде күш салуды талап етеді

2

3.

Тапсырмаларды кейде жеңіл орындап, басқа уақытта қыңырланып, оларды аяқтау үшін біршама күшін салуды талап етеді

3

4.

Мектеп тапсырмаларын орындау балаға аса ауыр тимейді

4

5.

Бала тапсырмаларды жеңіл және еркін, аса күшін салмай орындайды

5




ІІІ. Мектеп тапсырмаларын орындауда баланың дербестілігі




1.

Мектеп тапсырмаларын орындау үшін бала үнемі ынталанып, ересек адамның көмегі мен бақылауын талап етеді

1

2.

Бала тапсырмаларды өздігінен орындай алса да, ересек адамның көмегін қалайды

2

3.

Бала кейде ересек адамнан көмек сұрайды, бірақта, тапсырмаларды өзі орындайды

3

4.


Жұмысты өздігінен орындап, ересек адамның көмегіне жүгінбейді

4

5.

Мектеп тапсырмаларын бала өзі орындайды

5




ІҮ. Баланың мектепке келуге талпынысы




1.

Агрессиялық (ашулану, ызалану) және депрессиялық күйде болатын жағдайлары басымды

1

2.

Қолайсыз эмоциялар көрінетін жағдай болады:

  • Қобалжу, ренжу, кейде қорқыныш;

  • Өкпелеу, шамданғыштық, күйгелектік

2

3.

Кейде көңілі түсіп кететін жағдайлар байқалады

3

4.

Байсалды, тындырымды, көңілі түскені көрінбейді

4

5.

Бала күлімдеп, мектепке жақсы көңілмен келеді

5




Ү.Сыныптастарымен өзара қарым-қатынасы



1.


Тұйық мінезді, басқа балалардан бөлектеніп, жалғыз жүргенді қалайды.

Қарым-қатынасқа ынтасы бар, бірақта, кей жағдайда басқаларға келеңсіз мінезін көрсетеді: араздасып, келемеждеп, төбелеседі



1

2.

Балалардың қасында жүргенді қалайды, бірақта олармен араласпайды.

2

3.

Қарым-қатынаста шектеленеді, кейбір балалармен ғана қатынасады

3

4.

Ынтасы шамалы, бірақта оған көңілін аударғандармен жеңіл қатынасады

4

5.

Ынталы, көпшіл, балалармен жеңіл қатынасады, құрбы-құрдастары, достары көп

5




ҮІ. Икемделген баланың жалпы бағалануы




1.

Икемделу деңгейі төмен

1

2.

Икемделу деңгейі орташадан төмен

2

3.

Орташа деңгейде икемделген

3

4.

Икемделуі орташадан жоғары


4

5.

Икемделу деңгейі жоғары

5






Нәтижелерін өңдеу

Ұпайлар саны қосылып, баланың әлеуметтік-психолгиялық икемделу деңгейі анықталады:

Икемделуі қалыпты-19-30 ұпай

Толық икемделмеген-13-18 ұпай

Икемделмеген (дезадаптация)-0-12ұпай