https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі “ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу” деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие туралы тұжырымдамасында.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке - бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуын, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарауды, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Отан отбасынын басталады.

Кез-келген адам өмірге келгеннен кейін өзі өмір сүріп жатқан ортаға үйреніседі. Ол орта - сол адамның жақындары. Жақыны дегеніміз қаны бір, ұлты бір туыстары. Осы үлкен қоғам оған қскен сайын ыстық болады. Неге дейсіз бе? Өйткені олардың қаны бір, ұлты бір, ең бастысы Отаны бір! Әр адам өзі өмір сүріп жатқан елін, Отанын жақсы көре білуі қажет, сүйіспеншілік,патриоттық сезімдерін сөзбен емес, өз білімімен, өз ісімен дәлелдеуі қажет.