girniy.ru 1

Назар аударыңыз! Газ баллон!


Өскемен қаласында жыл сайын газ пештерімен байланысты ТЖ жалғасуда. Азаматтар газ құбырын өздігінен қосуға немесе оны орнынан жылжытуға тырысады, ал газ баллондарын қауіпсіздік ережесін сақтамай пайдаланады. Газ құралдарын өшірмей қалдыру жағдайлары да жиі кездеседі.




Өскемен қаласының ТЖ бойынша Басқармасы ескертеді: Газдың жарылуын алдын алу үшін тыйым салынады:


  1. Қосылып тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыру.

  2. Газ құралдарын өздігінен орнынан қозғалту, газ құралдарының құрылымына өздігінен өзгерістер енгізу.

  3. Газқұбырларына жіп байлау және газ құралдарына жүк арту.

  4. Мектепке дейінгі жастағы балаларды, сондай-ақ өзін-өзі ұстай алмайтын және газбен пайдалана білмейтін тұлғаларға газ құралдарымен және газбаллонды құрылғылармен пайдалануға жол беру.

  5. Өздігінен үйге (пәтерге) газ орнату, газ құралдарын қайта орнату, алмастыру және жөндеу.

  6. Газ құралдары орнатылған ғимаратты қайта жобалау.

  7. Газ құралдарының істен шыққан жағдайда газбен пайдалану.

  8. Желкөздер, желдеткіш торлар жабық жағдайда газ құралдарымен пайдалану.

Газ құралдары орнатылған ғимараттарды демалу үшін пайдалану.

  1. Газ және газ құралдарын басқа мақсаттарға пайдалану.

10. Бөлмені жылыту үшін газ пештерімен пайдалану.

11. Газдың кемуін анықтау үшін отты пайдалану.

Бөлмеде газдың иісі пайда болса, тез арада газ құбырларымен пайдалануды тоқтату қажет, бөлмені желдету үшін терезелерді ашу, отты жақпау, темекі шекпеу, электр жарығын өшіріп-қоспау және элект құрылғыларын өшіру қажет. Барлық газ құралдарындағы шүмектері жабық екеніне көз жеткізіп, апаттық қызметті шақыру қажет.


Өрт қауіпсіздігін сақтай отыра, Сіз өрттен сақтандырыласыз!


Өскемен қаласының ТЖ бойынша Басқармасының ақпараты