girniy.ru   1 ... 4 5 6 7

Бақылау сұрақтары

1) «Дамыту» ұғымы мазмұнын ашып көрсетіңіздер.

2) Дамытудың қайнар көзі, қозғаушы күші не?

3) Педагогикалық процестегі қозғаушы күштің рөлін ашып көрсетіңіздер.

4) Педагогикалық процестегі негізгі қарама-қайшылықтарға сипаттама беріңдер.

5) Ұжымдық танымдық іс-әрекет мәнін ашыңыздар.

6) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама беріңіздер.

7) Танымдық ұжымдық іс-әрекеттердің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеңіздер.

8) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белсенді оқу топтарының рөлін көрсетіңіздер.

9) Оқушылардың социометриялық статусын, өзін-өзі бағалауын түзету үшін ұжымдық сипаттағы жұмыстар түрлерін пайдаланудың маңыздылығын дәлелдеңіздер.


Әдебиеттер

1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 бет.

2. Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная оценки учения школьников. М.,1984.

3. Виноградов М.Д., Первин И.Б. Коллективная познавательная деятельность и воспитание школьников. Из опыта работы. М.,1977.

4. Дежникова Н.С. , Ревин И.Б. Товарищеская взаимопомощь школьников. М.,1991.

5. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении: О коллективном способе учебной работы. М., 1991.

6. Загвязинский В.И. Движущие силы учебно-воспитательного процесса. Тюмень, 1978.

7. Котов В.В. Организация на уроках коллективной деятельности учащихся. Пособие по спецкурсу. Рязань, 1977.

8. Лийметс Х.Й. Групповая работа на уроке. М., 1975.

9. Маргулис Е.Д. Коллективная деятельность учащихся. Киев, 1990.

10. Совместная деятельность: методология, теория, практика. М., 1988.

11. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997.

12. Цукерман Г.А. Зачем учиться вместе? М., 1985.

13. Чередов И.М. Система форм организации обучения в советской общеобразовательной школе. М., 1987.


Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар

1) Өзіндік жұмыстар түрлері бойынша қысқаша түсініктері бар картотека жасаңыз.

2) Бір пән бойынша сабақтан тыс ұйымдастырылатын ұжымдық танымдық іс-әрекеттер үшін тапсырмалар таңдап жинаңыз.

3) Топтық жұмыстардың оқуға мотивацияны арттырудағы маңызы.

4) Ұжымдық танымдық іс-әрекет элементтері мен оның түрлерін пайдалана отырып қайталау қорытынды сабағының жоспар-конспектісн жасаңыз.

5) топтық жұмыстардың түрлері пайдаланылған сабақтардың фрагменттерін дайындаңыз.

6) Ұжымдағы танымдық іс-әрекет педагогикалық процесс бөлігі ретінде.

7) Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетінің жалпы білімдік, дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктері.

8) Ұжымдық таным іс-әрекетінің мәні.


Реферат тақырыптары

1. Халықтық дәстүрлердегі педагогикалық ынтымақтастық ретіндегі біріккен іс-әрекет.

2. А.С.Макаренко еңбектеріндегі педагогикалық ынтымақтастықтың дамуы.

3. В.А.Сухомлинскийдің ынтымақтастық идеясының іске асырылуы.

4. Шетел педагогикасындағы тәрбиелеу процесіне қатысушылардың біріккен іс-әрекеттері.

5. Жаңашыл мұғалімдердің «ынтымақтастық педагогикасы»идеясын жүзеге асыруы.

6. Ұжымдық танымдық іс-әрекет педагогикалық процестегі ынтымақтастық технологиясы ретінде.

7. Ұжымдық оқу жұмыстарында оқу-танымдық біліктіліктерді қалыптастыру.

8. Ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формалары.


ҚЫСҚАША СӨЗДІК


Атаулы стипендия – тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия.

Аралық мемлекеттік бақылау – білім сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі.


Бірыңғай ұлттық тестілеу – кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен біріктірілген жалпы орта білім беретін оқу орындарында жоғары сатыда білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысандарының бірі.

Білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингетінің білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінің жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау жән болжау.

Білім алушыларды аралық аттестаттау – бір оқу пәнінің оны бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау – мемлекеттің азаматтардың білім алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын және олардан алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған және білім беруді мемлекеттік басқару органдары оны өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылаудың түрлері: 1) аралық мемлекеттік бақылау; 2) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау; 3) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау; 4) білім беру ұйымдарын аккреддиттеу; 5) лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау; 6) білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.

Мемлекеттік бақылау түрлері мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 1) ауызша; 2) жазбаша; 3) бірыңғай ұлттық тестілеу; 4) кешенді тестілеу; 4) тестілеу; 6) тексерулер.

Даму – бұл адамның организміндегі сандық және сапалық өзгерістер, олар әр түрлі факторлардың әсерімен болады. Түрлері. денелік, психологиялық, әлеуметтік.


Дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар: танымдық қызығушылықты дамыту тұжырымдамасы /Г.И.Шукина т.б./, дамытушылық оқыту тұжырымдамасы /Л.В.Занков т.б./, проблемдік оқыту теориясы /М.И.Махмутов, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин т.б./ ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы /П.Я.Гальперин т.б./, білім беру мазмұнының теориясы /Л.Я.Лернер, В.В.Краевский, В.С.Леднев т.б./, мазмұндық жалпылау теориясы /В.В.Давыдов т.б./, оқыту процесін оптимизациялаудың теориясы /Ю.К.Бабанский/, оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендетудің теориясы /Т.И.Шамова т.б./, оқыту әдістерінің теориясы /М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский/, қазіргі сабақ теориясы /М.А.Данилов, В.А.Онищук т.б./, оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастырудың теориясы /О.А.Нильсон т.б./, оқу пәні теориясы /Л.Я.Зорина, И.К.Журавлев т.б./, оқулық теориясы /Д.Д.Зуев т.б./, оқытудың ұжымдық тәсілінің теориясы /В.Дьяченко т.б./ және т.б.

Инновациялық оқу орындары /инновация - жаңарту/ - оқыту және педагогикалық еңбектің жағдайы жақсартылған, жаңашылдық идеяға негізделген, жетілген технология.

Интегралды /кіріктірілген/ сабақтар - /лат.»толық», «тұтас»/ онда бір тақырыптың айналасында бірнеше пәннен материалдары бірігеді. Мұнда пәнаралық байланыс кеңінен қолданылғандықтан құбылысты немесе оқып жатқан пәнді әр жақтан танып білуге болады. Интегралды сабақтың басты мақсатын дұрыс анықтау өте маңызды. Егер жалпы мақсат анықталса, онда әр пәннің мазмұнынан сол мақсатты шешетін жадығаттар алынады.

Кешенді тестілеу – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.

Қабылдау квотасы – І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл /село/ жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін білім беру гранттары мен кредиттерінің шекті саны.


Мемлекеттік атаулы стипендия – Қазақстан Республикасының Президенті және /немесе/ Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық ғылымдағы бағыт, ол өзі педагогикалық жүйе ретінде болып тұлғаны тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін тәсілдер, қадамдар.

Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық нормалары және технологиялық амалдары, олар оның тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау – педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсімі.

Тұлғалық – бағытталған оқу – бұл оқушылардың мүмкіншілігі және қабілеті барынша ескерілетін, олардың жекелік ерекшелігін дамытуға қажетті жағдай жасайтын оқытуды ұйымдастырудың тәсілі.

Штаттағы оқытушы – білім беру ұйымының штат кестесінде көзделген қызметті атқаратын және жеке еңбек шартының негізінде лауазымдық міндеттерін орындайтын оқытушы.

Экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін өз бетінше оқитын оқыту нысандарының бірі.


ТЕСТІЛЕР


  1. Дидактика категориясы: а. тәрбие мақсаты, в. адамгершіліктің дамуы, с. оқыту процесі, д. тұлғаны әлеуметтендіру, е. тәрбие.

2. Оқыту принципіне жататындар: а. ғылымилық, белсенділік, көрнекілік в. коммуникативтік, с. көпшілдік, д. жоғары сыйластық е. мектеп және ата-ана әрекетінің бірлігі.

3. Бес балдық баға мынадай жағдайда қойылады: а. оқушы материалдағы білімін көрсетеді. в. бағдарлама бойынша материалдың барлық көлемін меңгереді. с. жазба жұмыстарында қателік жібереді. д. оқушы меңгерген материалдарының кейбіреулерінен ғана түсінігі бар. е. жауабында салмақты қателер жібермейді.


4. Оқытудың әдіснамалық негізі: а. ғылыми таным теориясы. в. танымдық процестер. с. ой еңбегінің мәдениеті. д. оқытудың ережелері мен әдістері. е. оқыту заңдылықтары.

5. Дидактика «Жалпыға бірдей өнер, барлығын бәріне үйретеді» деп түсіндірген: а. А.Я.Коменский, в. В.Ратке, с.Ж.Ж.Руссо. д. И.Г.Песталоцци, е. П.Ф.Каптерев.

6. Оқытуды, білім берудің құралы ретінде қарастырады: а. дидактика, в. диалектика, с. фонетика, д. тәрбие теориясы, е. мектептану.

7. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың түрлері /формалары/: а. лекция, диспут, в. сабақ, экскурсия, факультатив, с. класс сағаты, жиналыс, д.конференция, әңгіме, е.тақырыптық кеш, олимпиада.

8. Білім, іскерлік және дағды мен ойлау тәсілдерін оқыту процесінде игерілген жүйе – бұл: а. оқу, в. оқыту, с. білім беру, д. тәрбие, е. ғылыми таным.

9. Білім беру жүйе ретінде мынаған саяды: а. қоғамның дамуының жағдайы, тенденциялары және перспективалары немесе онда құрылған стереотиптерді /таптаурындар/ қайталау, бекіту және жетілдіру. в. адамның әлеуметтану практикасы және адамдардың ұрпақтарының өзара байланысы. с. әр түрлі типтегі, деңгейдегі мекемелердің жүйесінің дамуы. д. оқытудың және тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі. е. мемлекеттік үкіметтің құрылымындағы басқа да халық шаруашылығының садасы ретінде дамуы.

10. 5-6 сыныптарда оқушылардың үлгерімі және тәртіптілігі төмендейді: а. балалар оқуға жалықты в. бастауыш мектептің мұғалімдеріне қарағанда сынып жетекшілері оқушыларға аз көңіл бөледі. с. бастауыш мектеп 5 сыныпта оқуға қажетті даярлықты бермейді. д. оқушылар жаңа талаптарға, оқудың өзгерген жағдайына іштей даяр емес, бұған оқушылардың осы жастағы дамуы ерекшеліктерінің де әсері бар.

11. Оқытудың заңдылықтары: а. оқытудың ережелері. в. уағыздамалары. с. оқушылардың біліміне және дағдысына қойылатын талаптар. д. объективті, мәнді, қажетті, белгілі бір жағдайда орнықты қайталанатын өзара байланыстар. е. оқыту процесін ұйымдастырудағы ұсынбалар.


12. «Ұлы дидактика» авторын атаңыз: а. Песталоцци, в. Коменский, с. Локк, д. Руссо, е.Макаренко

13. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтарын ашатын педагогиканың салыстырмалы дербес бөлігі: а. мектептану, в. дидактика, с. педагогика тарихы, д. тәрбиелеу теориясы, е.этнопедагогика.

14. Дидактика – бұл: а. тұлғаның дамуының заңдылықтары туралы ғылым. в. тәрбиелеу процесін қарастыратын педагогиканың бөлімі. с. басқару мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі. д. оқыту теориясын қарастыратын педагогиканың саласы.

15. Қазіргі дидактика бойынша оқыту процесі мына схема бойынша дамуда: а. анықтық, ассоциация, жүйе, әдіс. в. баяндау, бұрын алған білімдермен үйлестіру, жалпылау, қолдану. с. білімді меңгеруге даярлық, танымдық мәселені шешу, алған білімді жалпылау және жүйелеу, практикада қолдану. д. баяндаудың анықтығы, жалпылау, жүйе, әдіс.

16. Оқытудың көрнекілік әдістерін көрсетіңіз: а. бақылау, көрсетілім. в. дәріс, баяндау. с. жаттығу, лабораториялық жұмыстар. д. әңгіме, көрсетілім. е. кітаппен жұмыс, түсіндіру.

17. Сабақта оқушылардың іс-әрекетін белсендетуге болады: а. оқытудың дәстүрлі формаларын қолдану арқылы. в. оқытудың дәстүрлі емес формаларын қолдану арқылы. с. сабақта оқу материалын сұраудың санын көбейту арқылы. д. оқытудың тек қана сөздік әдісін қолдану арқылы.

18. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы: а. үй жұмысы. в. факультатив. с. сабақ. д. экскурсия.

19. Оқытудың топтық формасы – бұл: а. күшті оқушының әлсіз оқушыға көмегі ұйымдастырылады. в. оқушылардың тобы танымдық міндет, нұсқау алады, оқу тапсырмасын талқылайды, жоспарлайды, бөледі, ережесін шығарады, жұмыстың нәтижесін талқылау және хабарлау. с. әрбір оқушы дербес қойылған тапсырманы орындайды. д. қойылған міндетті орындауға сыныптың бүкіл оқушылары қатыстырылады.

20. Оқу бағдарламасында көрсетіледі: а. оқу пәні бойынша білімнің мазмұны және көлемі, белгілі бір тақырыптарды оқуға берілген сағаттардың саны. в. сыныптарға берілген оқу пәндері және оларды оқуға деген сағаттар саны. с. оқу пәндерін оқудың тәртібі, оқу тоқсадарының ұзақтығы. д. әрбір оқушының қызығушылығын және қажетілігін қанағаттандыратын білімнің шеңбері. е. мектептердегі оқу пәндерінің тізімі және оны оқуға деген сағаттың бөлінуі.


21. Оқыту процесінің функциясы: а. тәрбиелеуші. в. оқытушы, коррекциялаушы. в. білім берушілік, қалыптастырушылық, дамытушылық. с. оқытушы, білім беруші, анықтаушы. д. білім беруді, дамытушы, тәрбиелеуші. е. қалыптастырушы, дедактивті, реттеушілік.

22. Уақыты және ұйымдастырылуы тұрғысынан аяқталған оқу процесінің бөлігі: а. сабақ. в. сабақ тақырыбы. с. оқу мекемесі. д. оқу тоқсаны. е. оқу процесі.

23. Оқу материалдарын баяндаудың мына әдісі диалог ретінде қолданылады: а. лекция. в. әңгімелесу, с.әңгіме. д.түсіндіру.

24. Өткен материалды жаңа материалмен байланыстыратын оқытудың дидактикалық принципі: а. оқытудың көрнекілігі. в. бірізділігі. с. жеткіліктігі. д. ғылымилығы. е. саналығы.

25. Сабақ құрылымының негізгі кезеңдері: а. тәрбиелік және дидактикалық міндеттерді шешудің жиынтығы. в. мұғалім мақсатына іске асыру жолының модульдік құрылымы. с. қайталау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бақылау, білімді бағалау. д. оқытудың дәстүрлі түрі. е. балалар ұжымын өзіндік ұйымдастыру әдісі.


Жауаптары: 1 – с. 2 - а. 3 – в. 4 – а. 5 – а. 6 – а. 7 – в. 8 – с. 9 – д. 10 – д. 11 – д. 12 – в. 13 – в. 14 – д . 15 – с. 16 – а. 17 – в. 18 – с. 19 – в. 20 – а. 12 – д. 22 – а. 23 – в. 24 – в. 25 – с.





М А З М Ұ Н Ы:


Кіріспе ........................................................................................................5

Дидактика пәні және міндеттері .............................................................6

Педагогикалық технологиялар және педагогикалық жобалау ...........11

Қазақстан Республикасының қазіргі мектептеріндегі

білім мазмұны ..........................................................................................17

Оқыту процесінің мәні ............................................................................28


Оқу мотивтері ..........................................................................................35

Оқыту заңдылықтары және принциптері ..............................................42

Мектептегі оқыту әдістері ......................................................................47

Оқыту құралдары ....................................................................................58

Мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары ......................................64

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке

алу және бағалау.......................................................................................83

Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің

ұйымдастырушылық педагогикалық негіздері ....................................88

ҚЫСҚАША СӨЗДІК ..............................................................................97

ТЕСТІЛЕР ..............................................................................................100





Мұханбетжанова Ә.

Молдағалиев Б.

Ерниязов О.



ДИДАКТИКА


Дәріс курсы


Автордың

оригиналынан беттелді.




Жауапты редакторы: Кужалиева Р.Р.

Материалдарды компьютерде

беттеген: Нұржанова Р.А.

Техникалық редакторы: Мұстақапова Б.М.

Ахметжанова Д.М.


Көлемі 6,7 б.т. Таралымы 510 дана. Офсет қағазы.

Бағасы келісім бойынша.



М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


университетінің баспа бөлімі

Орал қаласы, Нариманов көшесі, 34.

т.50-76-52












<< предыдущая страница