https://electroinfo.net

girniy.ru 1





Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Маңғыстау облысының Статистика департаменті

Хабарлама

№ 04-26/

13.08.2012


Әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары


ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ

2012 жылғы маусым айындағы халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 87567 теңгені құрады. 2011 жылғы маусыммен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 29,7%-ға, нақты 24,0%-ға көбейді.

ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

2012 жылдың шілдесінің соңына жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны
2719 адамды, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 1% құрады.

2012 жылдың маусым айына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 175953 теңгені құрады. 2011 жылдың маусым айына қарағанда көбеюы 20,4% құрады. Осы кезеңде нақты жалақы 15,2% -ға көбейді.

БАҒА

2012 жылғы шілде айында тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,7% құрайды. Азық-түлік тауарларының бағасы 2%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 1,9%-ға, ақылы қызметтер – 4,4%-ға артты. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2012 жылдың шілдесі 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1,2%-ға төмендеді.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА

2012 жылғы қаңтар-шілде айында негізгі капиталға инвестиция көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға көбейді, 187,5млрд. теңгені құрады.

САУДА


Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз)
39,9 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 11,1 %-ға артты.

2012 жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы (ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 4195,2 млн. АҚШ долл. құрап, 2011 жылғы қаңтар-маусымда деңгейінен 9,4% көбейді. Экспорт 3912,8 млн. АҚШ долл. (өсуі 9,2%), импорт – 282,4 млн. АҚШ долл. (өсуі 7,1%) құрады.

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

2012 жылғы қаңтар-шілдесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1268,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 97,5 құрады. Кен өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 97,2% құрады.

Ауыл шаруашылығының ішкі өнімінің көлемі 2012 жылдың қаңтар – шілдесіне 3 826,5 млн. теңгені құрады, НКИ (ИФО) алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 2,8% ға артты.

2012 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 3,9 млрд. тонна шақырымды (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2011 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 25,4%-ға өсті.

2012 жылы 1 тамыздағы тіркелген заңды тұлғалар саны 10299 бірлікті, оның ішінде
50 адамнан аз қызметкерлері бары – 9793 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны
7358 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 6853 бірлікті құрады.

2012 жылғы 1 тамызға облыстағы орта және шағын кәсіпкерліктердегі белсенді заңды тұлғалардың саны 3217 бірлікті құрады.

ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

2012 жылдың I тоқсанында кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі табыс ретінде 89,6 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 10,6% жоғары. Пайдалылық деңгейі 29,3% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорын-дар үлесі 39,6%.

Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымдары 2012 жылғы маусым соңына 162,1 млрд. теңгені құрады. Шетел валютасындағы кредиттердің үлес салмағы 14,1% құрады. Халық депозиттері 62,7 млрд. теңгені құрады.



Орындаушы:

Департаменттің бастығы

Мекен-жайы:

Каналиева Г.А.

Ш.Р.Шакабаева

130000, Ақтау қ.

тел. 8(7292)31-91-63

тел. 8(7292)319160

23 ш/а, 100 үй

© Маңғыстау облысының Статистика департаменті