girniy.ru 1



Ашық конкурс тәсілімен видео, дауыстық байланыс және конференциялар ұйымдастыру үшін біріккен коммуникацияларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты

өткізілмеген деп тану туралы


«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабының 1 тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 124 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Ашық конкурс тәсілімен видео, дауыстық байланыс және конференциялар ұйымдастыру үшін біріккен коммуникацияларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өткізілмеген деп танылсын.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы–Ішкі әкімшілік департаменті (Б.Асылова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік сатып алуды өткізілмеген деп тану туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің веб-сайтында орналастырсын ;

2) видео, дауыстық байланыс және конференциялар ұйымдастыру үшін біріккен коммуникацияларды мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық шыққан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Жауапты хатшы Ю. Шоқаманов


О признании государственных закупок системы

объединенных коммуникаций для организации видео, голосовой связи и конференций способом открытого конкурса несостоявшимися


В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 28 Закона Республики Казахстан «О государственных закупках» от 21 июля 2007 года № 303-III, подпунктом 4) пункта 124 Правил осуществления государственных закупок, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301, ПРИКАЗЫВАЮ:

1. Признать государственные закупки системы объединенных коммуникаций для организации видео, голосовой связи и конференций способом открытого конкурса несостоявшимися.


2. Организатору государственных закупок - Департамент внутренней администрации (Б. Асылова) в установленном законодательством порядке:

1) разместить информацию о признании государственных закупок несостоявшимися на веб-сайте Агентства Республики Казахстан по статистике;

2) обеспечить осуществление государственных закупок системы объединенных коммуникаций для организации видео, голосовой связи и конференций способом из одного источника.

3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

4. Настоящий приказ вступает в действие со дня издания.

Ответственный секретарь Ю.Шокаманов