girniy.ru 1







Диссертацияның құрылымы: Диссертациялық жұмыс 85 бетте, машинада басылған мәтінде баяндалған. Магистрлік жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі 60-қа жуық.

Негізгі терминдер банк ресурстары, міндеттеме, актив, пассив, капитал, пайда, шығын, тартылған қаражаттар, салымдар, банкаралық несие.

Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:


  1. банктердің ресуртарын басқару жүйесін жетілдіруге қатысты әдістемелік ұсыныстар;

  2. дағдарыс жағдайында банктің пайдасы мен шығындарын басқарудың моделі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

ҚР Президентінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы халыққа жолдауында қаржы жүйесі, оның ішінде банк секторына байланысты елбасы мыналарды атап өтті: «Қаржы жүйесінің тұрақты да орнықты жұмысын қамтамасыз ету маңызды. 2020 жылға қарай ТМД мен Орталық Азиядағы аймақтық ислам банкингі орталығына, Азиядағы үздік ондық сапындағы қаржы нарығына айналуы үшін отандық қор нарығын жұмыс істету керек. Отандық қаржы нарығын реттеу дағдарыстан кейінгі әлемдегі қиындықтар мен қауіп-қатерге қарсы тұра алатындай болуы керек. Қаржы нарығын реттеуші орган банк секторының сыртқы борыштарын азайтып, сыртқы міндеттемелердің басым бөлігі тиімді бәсекеге қабілетті өндіріс құруға жұмсалып, банктерді жасырын және айқын байланысқан құрылымдардан ажырату қажет. Өйткені банктер тек банктік қызметпен айналысып, есеп-қисабын жария түрде жүргізулері тиіс. Өткен істен сабақ алып, бәрін орын-орнына қоюымыз керек. Біз дағдарыс кезінде банктерге қол ұшын создық, енді олар экономиканың қалпына келуі мен дамуына көмектесулері қажет».


Дағдарысқа байланысты қазақстандық ірі банктеріміздің сырттан қарыз алудағы мүмкіндіктері шектелді, сөйтіп дәл осы уақыттары қайтару мерзімі жеткен сыртқы қарыздарды қайтаруда олардың өтімділігіне қатысты мәселелер орын алды.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

Банктің ресурстарын басқаруды қаржы менеджментінің құрамдас бөлігі ретінде ресейлік ғалымдардың: И.В. Ларионова, О.И. Лаврушин, В.М. Усоскин, К.Р. Егорова, И.Т. Балабанов, И.А. Бланк, Е.С. Стоянова, В.В. Ковалев, В.И. Колесников, О.М. Марков, Е.Ф. Жуков, Э.А. Уткин, Е.Б. Ширинская, О.В.Ефимова және тағы басқа еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақстанның қазіргі экономикалық даму жағдайында банктердің ресурстарын басқарудың теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: С.Б. Мақыш, Ғ.С. Сейітқасымов, О.Б. Баймұратов, Н.К. Кучукова, Ш.Р. Әбділманова, К.Ш. Дүйсенбаев, А.Б. Зейнелғабдин, Ұ.М. Искаков, Р.Е. Елемесов, С.Ж. Интыкбаева, С.С. Арыстанбаева, Н.Н. Хамитов, З.Д. Искакова, Ә.Д. Шелекбай, Г.Т. Абдрахманова, А.А. Мусина, Т.Ж. Демесинов және т.б. еңбектерінде кездеседі.

Банктің ресурстарын басқаруға бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, банктің өтімділігі мен табыстарын қамтамасыз етуде ең бастысы банк балансының құрылымын үйлесімді немесе теңгерімді басқаруға қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеудің мақсаты ҚР банк ресурстарының өтімділігі мен табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банк ресурстарын теңгерімді басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:


  1. банк ресурстары түсінігінің теориялық негіздерін қарастыру;

  2. коммерциялық банк ресурстарының құрылу және жұмсалу көздерінің ерекшеліктеріне тоқталу;

  3. қазіргі заманғы банк ресурстарын басқару процесінің жіктемесін, әдіснамасын және оның шетелдік тәжірибесін қарастыру;

  4. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі ресурстарды басқаруды бағалау;

  5. «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ қаржылық-экономикалық жағдайын және ресурстарды басқару үрдісін талдау;

  6. интеграциялау процесінде банк ресурстарын басқаруда қалыптасқан проблемаларға тоқталу;

  7. банк ресурстарын жоспарлау және болжаудың математикалық моделін қарастыру;

  8. банк ресурстарын басқару механизмін жетілдіру жолдарын айқындау және ұсыныстарымды көрсету;

  9. банк ресурстарын басқаруды жетілдірудің отандық банк жүйесі үшін преспективаларын анықтау.

Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ң заңдары мен нормативтік актілері, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР екінші деңгейлі банктердің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банктің ресурстарын басқару жайлы сұрақтарды қамтитын басылымдардағы мақалалар және тағы сол сияқтылар пайдаланылды.

Зерттеу обьектісіне ҚР банктері ресурстарын басқару қызметтері жатады.

Зерттеу пәніне ҚР банктерінің ресурстарын басқару үдерісі жатады.

Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері. Салыстыру, көлденең, тігінен талдау; сипаттау, жүйелеу, қорытындылау және аналитикалық талдау.

Зерттеу барысында мынадай ғылыми нәтижелер алынды:


А) банктің ресурстарын кешенді басқарудың теориялық-әдістемелік тәсілдері негізделді;

Ә) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ресурстарының қалыптасуы мен орналасуы жағдайына кешенді талдау жүргізу нәтижесінде банктердің оңтайлы саясаттың іске асырылу қағидаттары мен ресурстарын басқару тиімділігін бағаланды;

Б) банктердің активтерінің құрамы мен сапасына талдау жасау барысында проблемалық активтер айқындалды;

В) банктердің несиелік қызметіне баға беріліп, ресурстарын басқару әдістерін жетілдірудің жолдары қарастырылды.

Ғылыми жаңалығы. Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциясының негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

Банк ресурсы банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады.

Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.

Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» терминіне қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.


Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктер ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

«Банк ісі» оқулығының авторы С.Б. Мақыш банк ресурстарына мынадай анықтама беріпті, банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. Ал Н.Н. Хамитов банк ресурстары – банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражаты деген анықтама берген екен.

Ресей авторы, оның ішінде В.М. Усоскин былай дейді: банк несие беру үшін, құнды қағаздарды инвестициялау үшін және т.с.с үшін банк балансының пассивінде банк ресурстарын қалыптастыратын барлық көздер жиналған. Банк пассивтерін екі топқа бөліп қарастыруға болады:


  1. Банктік капитал.

  2. Тартылған қаражаттар – депозиттік және депозиттік емес деп

екі топқа бөлген.

Ал Ресейлік «банк ісі» оқулығының авторлары В.И. Колесников және Л.П. Кроливецкой былай жазыпты: банк ресурстары банктің пассивтік операцияларды жүзеге асырылғанда пайда болады. Банк ресурстары дегеніміз активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын банктің меншікті капиталы, қарыз және тартылған қаражаттары деген анықтама берген.


«Ақша, несие, банктер» оқулығынаң авторы Г.И. Кравцовой пікірінше банк ресурстары дегеніміз – банктің меншігіндегі кредиттік және активтік операцияларды жүзеге асыру үшін қажет қаражаттар жиынтығы деген. Ол қаражаттарға меншікті және тартылған қаражаттарды жатқызған.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктер ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:


  1. Банктің меншікті капиталы.

  2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

2012 жылдың 1 наурызына берілген мәліметтер бойынша Қазақстандық екінші деңгейдегі банктердің пассивтері, олардың құрылымы мен шамасына қарай топтастырылған.

2012 жылдың 1 наурызына берілген мәліметтер бойынша екінші деңгейдегі банктердің барлық пассивтерінің сомасы 13 127 188 068 мың. теңгені құраған. 2011 жылдың 1 наурызына берілген мәліметтермен салыстыратын болсақ екінші деңгейдегі банктердің пассивтері 12 143 383 204 мың.теңгені құрап, 2012 жылы бұл көрсеткіш 7,49 % артқан.

Міндеттеменің ішінде жеке тұлғалардың салымдары 2 824 695 078 мың. теңгені құраған. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстыратын болсақ, 18,44 %-ға жоғарылаған. 2012 жылдың 1 наурызына берілген деректер бойынша екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталының мөлшері 7,66%-ға төмендеп, 1 211 314 514 мың. теңгені құраған.


Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.

Соңғы жылдардағы Қазақстан екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталы мен активтерінің өсу динамикасы 1 суретте берілген.

Суреттен көріп отырғанымыздай, 3 жылда екінші деңгейдегі банк активтері мен меншікті капиталдарының мөлшері қарқынды өскен. Оның себебі, экономикалық өсумен байланысты кәсіпорындардың және халықтың табыстары артып, нәтижесінде банк ресурстарының ұлғаюына әкелген. Банк ресурстарының өсуі, банк активтерінің, соның ішінде табысты активтерінің артуына септігін тигізді.



Сурет 1 - Екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталы мен

активтерінің динамикасы (мың. теңге)

Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталында 2012 жылдың 1 наурызына берілген мәліметтерін 2011 жылдың 1 қаңтарына берілген мәліметтермен салыстыратын болсақ 9,1%-ға төмендегенін байқауға болады.


Кесте 1 - Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің құрылымы


Көрсеткіштің атауы / күні

1.01.11

1.01.12

1.04.12

Өсімі, (%-бен)

млрд.

теңге

жиынтығы

%-бен


млрд.

теңге

жиынтығы

%-бен

млрд.

теңге

жиынтығы

%-бен

Банкаралық салымдар

215,0

2,0

106,5

0,9

131,5

1,1

-38,8

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен басқа

банктерден алынған займдар

548,5

5,1

491,3

4,3

468,6

3,9

-14,5

Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған займдар

58,4

0,5

72,2

0,6

70,7

0,6

21,06

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған займдар

77,8

0,7

54,9

0,5

51,8

0,4

-33,4

Заңды тұлғалардың салымдары

4 574,4

42,7

5 033,4

43,7


5 461,70

45,0

19,3

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары

25,4

0,2

1,5

0,0

1,2

0,0

-95,2

Жеке тұлғалардың салымдары

2 250,9

21,0

2 764,1

24,0

2 876,40

23,7

27,7

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар

1 577,2

14,7

1 498,1

13,0

1 446,30

11,9

-8,2

Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары

577,2

5,4

497,0

4,3

612

5,0

6,02

Басқа міндеттемелер

810,4

7,6

995,7

8,6

1 015,80

8,4

25,3

Міндеттемелердің барлығы


10 715,2

100,0

11 514,6

100,0

12 136,00

100,0

13,2

Ескерту: ҚКАмəліметі бойынша








Нақты қолда бар ресурстар шегіндегі жұмыс коммерциялық банктің өзінің ресурстары мен кредиттік салымдарының арасындағы сандық сəйкестікті қамтамасыз етуге тиістігі ғана емес, сонымен бірге банк активтері сипатының ол жұмылдырған ресурстардың ерекшеліктеріне сəйкестікке қол жеткізуін де білдіреді. Ең алдымен бұл қайсысының болмасын мерзімдеріне қатысты. Мəселен, егер банк қаражатты негізінен қысқа мерзімдерге тартса, жəне оны негізінен ұзақ мерзімді несиелерге салса, онда оның өтімділігіне қауіп төнеді. Банк активтерінде жоғары тəуекелдері бар несиелердің көп мөлшерде болуы банктен оның ресурстарының жалпы көлемінде өз қаражатының үлес салмағын ұлғайтуды талап етеді. Келесі кестеден байқап отырғанымыздай, онда банк секторының жиынтық міндеттемелерінің құрылымы көрсетілген (1 кесте).

Мұнда ҚР екінші деңгейлі банктерінің жалпы міндеттемелерінің жекелеген мөлшері қарастырылған.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің жиынтық міндеттемелерінің құрылымын талдау барасында базалық жыл ретінде 2011 жылдың басын алдық. Сонын ішінде банкаралық салымдарды алатын болсақ, ол 2012 жылдың сәуірінде 83,5 млрд. теңгеге немесе 38,8%-ға азайған. Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған займдар 12,3 млрд. теңгеге көбейген. Жалпы міндеттемелер 1 420,8 млрд. теңгеге көбейген екен.


Кесте 2 - ЕДБ-дің меншікті капиталының жеткіліктілігінің динамикасы

(млрд.тг.)

Көрсеткіштер


2008 ж.б.

2009 ж.б.

2010 ж.б.*

2010 ж.б.**

2011 ж.б.

2012 ж.б.

Активтер

11684,6

11899,3

11554,9

11554,9

12038,1

12817,8

Меншікті капитал, млрд. теңге, оның ішінде:

1780,2

1953,9

-917,0

1271,0

1832,5

1303, 2

І деңгейлі капитал, млрд. теңге

1284,0

1525,0

-1057,3

958,5

1424,9

1491,8

ІІ деңгейлі капитал,млрд. теңге

558,9

501,2

311,8

311,8

456,3

520,4

І деңгейлі капиталдың барлық активтер сомасына қатынасы (k1)

0,11

0,12

-0,11

0,10

0,11

0,11

Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге және баланстан тыс міндеттемелерге қатынасы (k2)


0,14

0,15

-0,08

0,16

0,18

0,17

Ескерту:

* есептелген меншікті капиталдың теріс мəні «БТА Банк»АҚ мен «Альянс Банк» АҚ меншікті капиталының азаюымен байланысты

** жүйе бойынша деректер «БТА Банк» АҚ жəне «Альянс Банк» АҚ есепке алусыз берілген

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі ҚР агенттігінің есептік материалдарынан



Соңғы жылдары отандық банктердің жиынтық активтері жоғары қарқынмен өскенімен, олардың капиталдары жеткілікті мөлшерде қалып отырғандығын 2-кестеден көруге болады.

2007 жылдың 1 қаңтарындағы ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің есептік мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффицентінің нормативтерге сай орындалысы сақталған. 2010 жылдың 1 қаңтарына берілген мәліметтерге назар аударсақ, теріс мәнді екенін байқауға болады. Оның негізгі себебі, «БТА Банк» және «Альянс Банк» АҚ меншікті капиталының азаюымен байланысты болып отыр екен. Жалпы алғанда 2010 жылды санамаған жағдайда, ҚР банктерінің капитал мөлшеріне байланысты көрсеткіштері орташа алғанда нормаға сәйкес келгенін байқауға болады.

Халықтың жинақ ақшасын банк депозиттеріне тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында 1999 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленгендерге сəйкес банк мəжбүрлеп таратылған жағдайда жеке тұлғаларға олар теңгемен немесе шетелдік валютамен (АҚШ доллары немесе евро) екінші деңгейдегі банктерге салымға (депозиттерге) орналастырған ақша қаражатын өтеу қоры – Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік берудің қазақстандық қоры құрылды. 3-кестеде Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктер клиенттерінің салымдары, оның ішінде шетел валютасындағы салымдар жайлы мәліметтер көрсетілген.



Кесте 3 - Екінші деңгейдегі банктер клиенттерінің салымдары, оның ішінде шетел валютасында (млрд.тг.)


Көрсеткіш-тің атауы /күні

1.01.09

1.01.10

1.01.11

1.01.12

1.04.12*




барлығы

оның

ішінде

шетел

валютасында

барлығы

оның

ішінде

шетел

валютас

ында

барлығ

ы

оның

ішінде

шетел

валюта

сында

барлығы

оның

ішінде

шетел

валютасында

барлығы

оның

ішінде

шетел

валюта-

сында

Салымдар-дың барлығы, о.і:

6 872,6

4 135,3

6 003,8

2 863,5

6 825,3

2 541,1

7 797,5

2 552,5


8 338,2

2 958,6

Заңды тұлғалар-дың салымдары

3 087,8

1 269,1

4 066,4

1 767,1

4 574,4

1 539,8

5 033,4

1 387,0

5 461,8

1 756,7

Арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдар-дың салымдары

2 284,5

2 238,1

-

-

-

-

-

-

-

-

Жеке тұлғалар-дың салымдары

1 500,3

628,1

1 937,4

1 096,4

2 250,9

1 001,3

2 764,1

1 165,6

2 876,4

1 201,9

Ескерту:

ҚҚА мәліметі бойынша


















*01.04.2012 жылғы мәліметтерді пайдаланған себебіміз ағымдағы жыл аяқталмағандықтан, дәл қазіргі кездегі жағдайды сипаттау қажет болды.



Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтың сенімінің артуын - соңғы жылдардағы банктердегі депозиттердің көлемінің артуынан байқауға болады.

Жалпы 2011 жылдың басынан салымдар 2012 жылдың 4 сәуіріне берілген мәліметтер бойынша 1512,9 млрд.теңгеге немесе 22,1% өскен. Оның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 887,4 млрд.теңгеге (19,3%), жеке тұлғалардың салымдары 625,5 млрд. теңгеге (27,7%) көбейген.

2011 жылдың шілде айына берілген мәліметтерге сай банктердің экономиканы несиелеу процесі бір­қатар алға жылжыды. Оның жалпы көлемі 8184,3 млрд теңгені құрап, 3,2 па­йызға көтерілген.




Сурет 2 - Екінші деңгейдегі банктер клиенттерінің барлық

салымдарының динамикасы


Әйтсе де республикамыздың бас қаржыгері, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Г.А. Марченко банк­тердің экономиканы несиелеуіне өзінің көңілі тола қоймайтынын айтты. Оның себебі мынада екен: несиенің басым бөлігі әдеттегідей сауданың үлесінде - 20,5 пайыз тек сауда саласын несиелеуге бөлініп отыр. Өнеркәсіпке - 11,5, құрылысқа - 18,4, ауыл шаруашылығына 3,7 пайыз үлес берілген. Төлем қабілеті жоғары клиент табу қиын дегенді банктер әлі күнге дейін айтумен келеді. Отандық бизнестегі кәсіпорындардың 65 пайызы банктерге жоламауда. Олар көбіне өз қаржыларын немесе кішігірім серіктестіктерден қаржыланады. Ал олардың бәрін бүгінде төлем қабілеті артқан толыққанды кәсіпорындар деуге болады. Ал коммерциялық банктердің жүргізіп отырған саясатына және мамандарының біліктілігіне байланысты бұл мүмкіндіктер әлі күнге дейін ұтымды пайдаланылмауда. Кәсіпорын­дар да банкке қарай аяқ баспайды. Сондықтан банктер тәуір клиент жоқ дей бер­мей, оны отандық ішкі нарыққа жұмыс істеп жатқан кәсіпорын­дар­­дан іздестіргені жөн болар.

Қазіргі

таңдағы ҚР екінші деңгейдегі банктерінің тағы бір шешілмеген мәселелерінің бірі банк секторының дамуына кері әсерін тигізетін несие портфелінің төменгі сапасы және банктік несиелеудегі стагнациялық процесстер.


Бұл кемшіліктер екінші деңгейдегі банктердің капиталына қысым түсіруі мүмкін, ал ол өз кезегінде банк секторының табысына кері ықпалын тигізеді. Сондықтан қазіргі таңда банк секторының алдына қойылған міндеттердің бірі банк балансындағы жұмыс істемейтін активтердің санын азайту. S&P агенттігінің болжауына сенсек, қалыпты макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде активтердің сапасын қалыпқа келтіру үшін 2 жылдан 5 жылға дейінгі уақыт қажет.

2011 жыл банк секторында кредит портфелінің өсуі байқалған дағдарыстан кейін­гі бірінші жыл болды. Егер де Қазақстан­ның қаржы секторы 30%-дан астам бөлігін құ­рай­тын жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары үлесіне ауыртпашылық салмағанда, кредиттеу одан да үлкен қарқынмен өсетін еді. Осы проблеманы шешу үшін жағдайлар жасау мақсатында 2011 жылы банктердің кредит портфельдерін сауықтыруға бағытталған шаралар кешені әзір­леніп, қабылданды. Алайда ол шаралардың нәтижесі ағымдағы жылдың соңында ғана белгілі болады, сондықтан олардың тиімділігі туралы қандай да бір қорытынды шығару әлі ерте.

Қазіргі таңда банк секторының несие портфелінің сапасын келесі кестеден көруге болады:


Кесте 4 - ҚР банк секторының несие портфелі сапасының динамикасы


Көрсеткіштің атауы / күні

1.01.09

1.01.10

1.01.11

1.01.12

негізгі борыш

сомасы,млрд.

теңге

жиынтығына

%-бен

негізгі борыш

сомасы, млрд.

теңге


жиынтығына

%-бен

негізгі борыш

сомасы, млрд.

теңге

жиынтығына

%-бен

негізгі борыш

сомасы, млрд.

теңге

жиынтығына

%-бен

Несие портфелінің барлығы

9 238,4

100

9 638,9

100

9 065,9

100

10 472,8

100

Стандартты

4 000,7

43,3

2 449,2

25,4

2 389,4

26,4

2 686,7

25,7

Күмəнді

4 835,6

52,3

4 241,9

44,0

4 858,2

53,5

5 479,3

52,3

1-санатты күмəнді – төлемдері толық және уақтылы төленген кезде

2 214,5

24,0

1 678,8

17,4

1 598,8

17,6

1 599,5


15,3

2-санатты күмəнді – төлемдері кешіктірілген немесе толық төлемеген кезде

588,0

6,4

376,3

3,9

573,3

6,3

685,7

6,5

3-санатты күмəнді – төлемдерді толық және уақтылы төлеген кезде

1 582,9

17,1

1 266,4

13,1

954,3

10,5

1 301,1

12,4

4-санатты күмəнді – төлемдерді кешіктірген немесе уақтылы төлемеген кезде

206,0

2,2

225,5

2,3

486,4

5,4

430,5

4,1

5-санатты күмəнді

244,2

2,6

694,9

7,2

1 245,4

13,7

1 462,5

14,0

Үмітсіз

402,1

4,4

947,8

30,6

1 818,3


20,1

2 306,8

22,0


ҚР екінші деңгейдегі банктерінің несие портфелі 2011 жылдың басынан бастап 1 406,9 млрд. теңгеге немесе 15,5%-ға ұлғайды. Стандартты қарыздар 297,3 млрд. теңгеге (12,4%) ұлғайды, күмәнділері 621,1 млрд. теңгеге (12,7%) көбейді, үмітсіздері 488,5 млрд. теңгеге (26,8%) ұлғайды.

ҚР екінші деңгейлі банктерінің негізгі мәселелеріне мыналарды жатқызуға болады:


  • ҚР екінші деңгейлі банктерінің әлемдік дағдарыс салдарынан туындаған қаржылық мәселелерге төтеп бере алмау тәуекелінің болуы;

  • қазіргі таңда банк ресурстарының жеткіліксіздігі; шағын және орта бизнесті несиелендірудегі жоғары пайыздық мөлшерлеме;

  • банктердің шағын және орта кәсіпорындарға жоғары деңгейде сенімсіздік танытуы;

  • несие алуға берілген өтініштердің ұзақ мерзімді қарастырылуы

  • ҚР екінші деңгейдегі банктерінің несие портфелінің төменгі сапасы және банктік несиелеудегі стагнациялық процесстері.

Қазіргі таңда мемлекетпен банктерге қатысты жүргізіліп жатқан шараларға қоса мынадай ұсыныстар жасауға болады:

1) Бүгінгі күні қазақстандық банктердің ресурстарын басқару жүйесі мынадай элементтер есебінен жетілдіруді қажет етеді: депозиттік операциялармен байланысты тәуекелдің түрлерін бағалауды жетілдіру. Банктің ақпараттық базасына қойылатын талаптарды күшейту, депозиттік операциялар бойынша жүргізілетін депозиттік саясатты оңтайландыру. Коммерциялық банктер депозиттер бойынша туындайтын тәуекелдерді бағалау барысында сандық және сапалық бағалау әдістерін пайдалануға тиіс. Сандық және сапалық бағалауда құрылымдық талдау, ҚҰБ пруденциялдық нормативтік коэффициенттерін пайдалану, депозиттердің тұрақтылығын бағалау, факторлық талдау, ақша ағымын талдау әдістерін пайдаланумен қатар, депозиттік операциялар бойынша тәуекелдерді кешенді түрде бағалауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамсыздандырулар жасауы қажет.


2) Қазіргі таңда әлемдік дағдарыстатың негізгі толқынынан кейінгі, яғни экономикалық және қаржылық нарық әлі де стагнацияда болғандықтан, көптеген қаржы институттары бойынша өтімділіктің артуы жағдайы туындап тұр. Соның ішінде Халық банк тобының жағдайы да кіреді.

Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде көрсетілгендей, банк ресурстарын басқарудың бірнеше стратегиялары бар. Солардың бірі активтерді басқару стартегиясы.

Сыртқы факторлардың ішінде активтердің орналасуына кері әсерін тигізген Базель Комитетінің банктік қадағалауы және халықаралық екінші деңгейдегі банктерге арналған нормативтердің талаптары болып табылады. Өткен бөлімдерде айтылғандай, жалпы талаптардың қатаңдануы нәтижесінде, ҚР екінші деңгейлі банктері бұрынғыдай агрессивті несие қоржынын қалыптастыра алмайды.

Базель комитетімен екінші деңгейлі банктердің дамуына ағымдағыға альтернативті нұсқаларын талдау қажеттігі айтылған. Альтернативті нұсқалардың саны шектеусіз және ол банктің мүмкіндігіне байланысты, олардың ішінде келесілерді қарастырған жөн:

а)негізгі нұсқа;

ә)банктегі дағдарыс жағдайында қызметі;

б) қаржы нарығының жалпы дағдарыс жағдайындағы қызметі;

Соған байланысты біз банк ресурстарын жалпы қаржы нарығының дағдарысы кезінде басқаруды қарастырайық, яғни үшінші нұсқа бойынша. Бұл бағыт бойынша «Халық Банкі» АҚ жоғарыдағыны есепке ала отырып жеке тұлғалардың салымдарын тартуды қамтамасыз ететін депозиттік саясатын қайта қарастыруды ұсынамыз.

Нәтижесінде банк ресурстарын басқаруды жетілдіру бұл банктің пайдасын арттыру болып табылады. Бірақ үшінші нұсқа бойынша соңғы мақсат шығынсыздықты қамтамасыз ету, яғни банк шығындарын жабатын көлемдегі табыс табу (сурет 3).

Банк ресурстарын басқарудың бұл сызбасында үрдісті соңғы қажетті нәтижесінен бастаймыз, ары қарай активтер мен пассивтердің құрылымына тоқталамыз.

1) Табыстың қажетті және жеткілікті мөлшерін анықтау. Сонымен үшінші нұсқа бойынша соңғы мақсат шығынсыздықты қамтамасыз ету, яғни банк шығындарын жабатын көлемдегі табыс табуды ескерейік. Сәйкесінше біршама шығындар қатарын азайту қажет:


а) капитал салымдарын азайту (0 дейін);

ә) қайырымдылық және демеушілік шығындарды азайту;.

б)қызметкерлердің жалақысын (немесе қызметкерлерді қысқарту), жөндеу жұмыстарының шығындарын, МЕА сатып алуды, кеңселік және басқа да шығындарды азайту.

Бұл шаралардың нәтижесінде табыстың төмен деңгейін алдын алу.

2)Меншікті қаражаттарды және активті операциялардың көлемін жоспарлау. Қаржылық дағдарыстың шарттарына сәйкес меншікті қаражаттардың азаюы көрініс табады. Халық банкі жағдайында «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қорынан демеу көрсетілді. Соған байланысты банк алдыңғы қатарларда орналасты. Егер 2008 ж.с. Банктің жарғылық капиталы 65,531 млн теңгені құраса, 2009 ж.с. мен 2010 ж.с. бұл көрсеткіш 143,365 млн.теңге, 2011 ж.с. да өзгеріссіз 143,365 млн.теңгені құраған. Бұл көптеген қаржылық институттардың банкротқа жақындығында немесе банкроттығында.

3) Пайыздық кірістерді талдау және жоспарлау. Активтердің орташа пайдалылығын есептеу. Пайыздық кірістің төмендеуі шығыстардың біршама қатарын азайтудың қажеттігін көрсетеді.

4) жол берілетін пайыздық шығыстар келесі формуламен анықталады:

пайыздық шығындар = пайыздық шығындар – жеткілікті табыс. (1)

Табыстардың азаюы шығыстарды төмендетеді. Шығыстарды калькуляциялау бойынша шараларды қолданамыз.

5) пассивті операциялардың құрылымын жоспарлау және ресурстардың орташа құнын есептеу. ҚР ҰБ жанындағы ҚҚК-нің ақша-несие саясаты шегінде екінші деңгейлі банктердің тартылған ресуртар бойынша пайыздық мөлшерлемелері азайтылды. Бұл шара жүзеге аспағанда ҚР ЕДБ-нің кейбіреулері дағдарысқа төтеп бере алмас еді. 2011 жылы ресуртардың орташа құны 5,4%-ды құрады.

6) қажетті пассивті операциялардың көлемін есептеу.

Қажетті пассивтер = (пайыздық шығындар) / (ресурстардың орташа құны). (2)

86379/0,054= 1 599 611 млн.тг.

1 599 611 < 1 780 051 жағдайды қанағаттандырады.

  1. Бұл кезеңде есептемелердің қорытындысын шығарамыз:


Есепті меншікті қаражат =(Активтер көлемі) – (Қажетті пассивтер). (3)

Меншікті қаражаттар= 317 884 млн тг

Есепті меншікті қаражаттар =2 097 935 - 1 599 611 = 498 324 млн тг.

498 324 ≠ 317 884 , яғни көрсеткшітер тең емес, бұдан шығатыны, Халық банктің ресурстарын басқару қажетті деңгейде емес. Осы алгоритм негізінде көрсеткшітерді қайта қарастыру қажет.

Сонымен біз дағдарыс жағдайында банктік ресурстарды басқарудың басқа жағынан қарастырдық.

Қорыта келгенде, 2030 даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосылу мақсатын қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2030 саратегиясын барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік секторда реформаларды жүзеге асыру арқылы жете аламыз.

Қазақстан экономикасы дамуының жаңа кезеңі нарықта қызмет көрсетілетін жоғары деңгейлі сенімділікпен және коплекстеумен байланысты болатын әр түрлі қаржылық институттардың алдына қиын мәселелерді қоюмен байланысты. Республиканың қаржы нарығының қызметі жеткілікті түрде тиімді қолданылуда, оның сегменттері бір-бірімен қажетті байланыстылықты көрсетеді. Дегенмен қазірде шешілмеген сұрақтарды шешу үшін көптеген атқарылатын жұмыстар бар.

Қазақстан экономикасын трансформациялауда екінші деңгейлі коммерциялық банктер негізгі рөлді атқарады. Нарық субъектілерінің жаңа жағдайларға бірқалыпты бейімделуіне қарамастан, көпшілік несиелік ұйымдардың қиын жағдайда қалуы әлі де сақталуда.

Нарықтық жағдайда тек экономиканың әр түрлі секторына және әр түрлі бизнес саласына салынған қаражаты бар әмбебап коммерциялық банктер ғана өмір сүре және дами алады. Олар негізгі орынды банктік маркетингтік стратегия алатын қатаң бәсекелестікте күресулері қажет. Дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы, мемлекеттік реттеу негізін қайта құру және ақпараттық технологияның революциялық мінезінің өзгерісі нарықтық экономикалы мемлекеттердің қаржылық жүйесінде терең құрылымдық қозғалысты әкелді. Мұның бәрі банк саласында бәсекелестік күрестің күрт күшеюіне әкеледі.


Кейбір банктер мен республиканың барлық банктер жүйесінің өтемпаздығын, рынок арқылы кредит ресурстарын жұмылдыруды және банк қызметтерін эмиссиялық басқаруды қолдауға бағытталған қызметті пассивтерді басқару деп түсінген абзал.

группа 1


Сурет 3 - Банк пайдасын басқарудың блок-сызба


Экономиканы және қаржылық секторды тұрақтандыру бойынша мемлекеттің дағдарысқа қарсы бағдарламасының арқасында банктерге қосымша өтімділікті беру мен капиталдың сайма-сай деңгейін қалыптастыру арқылы банк секторының көзделген тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Сыртқы нарықтан ресурстарды тарту мүмкіндігінің болмауы ресурстық база ретінде ішкі депозиттердің әлеуетті тартымдылығын елеулі арттырды.

Зерттеудің мақсаты ҚР банк ресурстарының дағдарыс жағдайында банктің пайдасы мен шығындарын басқарудың негізінде табыстылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банк ресурстарын теңгерімді басқаруға байланысты теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу жүзеге асты. Осы мақсатқа жету барысында қойылған міндеттер, яғни банк ресурстары түсінігінің теориялық негіздерін қарастыру; коммерциялық банк ресурстарының құрылу және жұмсалу көздерінің ерекшеліктеріне тоқталу; қазіргі заманғы банк ресурстарын басқару процесінің жіктемесін және оның шетелдік тәжірибесін қарастыру; Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі ресурстарды басқаруды бағалау; «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ қаржылық-экономикалық жағдайын және ресурстарды басқару үрдісін талдау; банк ресурстарын жоспарлау және болжаудың математикалық моделін қарастыру; банк ресурстарын басқару механизмін жетілдіру жолдарын айқындау ойдағыдай жүзеге асты.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің банктердің ресурстарын басқарудағы орын алатын мәселелері туралы және өтімділікті басқарудың банктің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.


Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста жасалған ғылыми нәтижелер Қазакстанның банктік секторындағы банк ресурстарын басқару жағдайы мен дамуын объективі түрде бағалауға мүмкіндік жасайды.

Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Диссертациялық жұмыстың негізгі мазмұны, қағидалары 2 ғылыми мақала түрінде баяндалды.

1. Бидельманова С.Д., Демесинов Т.Ж. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру барысында отандық банк жүйесінде туындайтын мәселелер //«Ғылым мен білім дамуының инновациялық бағыты» атты жас ғалымдар мен магистранттардың университетішілік ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы – Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012, 517- 520 Б.

2. Бидельманова С.Д. Банк ресурстарын басқару процесінде қалыптасқан негізгі проблемалар//«Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ХІІ Республикалық ғылыми-техникалық конференциясының материалдары – Өскемен: Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ , 2012. - V б. – 39-40Б.


Бидельманова Салтанат Дулатовна


Совершенствование управления банковскими ресурсами:теория, методология, практика

6М050900 - Финансы

РЕЗЮМЕ

Актуальность исследования.

Актуальность выбранной нами темы обусловлена тем, что ресурсная база банка имеет важнейшее значение и является основополагающим фактором успешной его деятельности.

В современных условиях возрастает роль территориальных аспектов развития банковской системы Республики Казахстан.

Это вызвано диспропорциями в региональном развитии, которые особенно остро проявляются сейчас, во время формирования рыночной экономики.

Предмет исследования.

Предметом исследования является процесс управления банковскими ресурсами.
Объект исследования.

Объектом исследования являются функции управления банковскими ресурсами.


Целью исследования являeтся обоснование с теоретико-методологической стороны механизма современного управления банком, с целью его безубыточности и доходности.

Задачи исследования.

-изучение теоритических основ понятия банковские ресурсы;

-рассмотрение особенностей формирования и распределения ресурсов коммерчиского банка;

-определение современной структуры, методологии и зарубежной практики процесса управления банковскими ресурсами;

- оценка управления ресурсами в банковской системе РК;

-анализ финансово-экономического состояния и управления ресурсами АО «Народный банк Казахстана»;

-определение проблем в управлении банковскими ресурсами в процессе интеграции РК;

-усовершенствование процесса управления банковскими ресурсами;

-определение перспектив усовершенствования управления банковскими ресурсами в отечественной банковской системе.

Научная новизна диссертационной работы заключается в следующем:


  • Определены внутренние системы и составные элементы системы комплексного управления банковскими ресурсами с точки зрения теории управления;

  • При комплексном анализе АО «Народный банк Казахстана» были оценены оптимальная полтитика и управление ресурсами банка;

  • Сделаны предложения в обеспечении безубыточности, то есть в получении дохода, покрывающего совокупные затраты банка (на примере АО «Народный банк Казахстана»);

Bidelmanova Saltanat Dulatovna

The development of administrating bank resources: theory, methodology, practice

6М050900-Finance

SUMMARY

The need for research.

The urgency of the chosen subject is caused by that the resource base of the bank is essential and is a fundamental factor of its successful activity.


The role of territorial aspects of a banking system development of the Republic of Kazakhstan increases in modern conditions.

It is caused by disproportions in regional development which are especially sharply shown now, during forming of market economy. Content of regional bank management as sets of principles, methods, forms and funds of purposeful impact on the social and economic processes proceeding in the region is difficult and versatile.

The subject of the research.

The subject of the research is management of bank resources.

The object of the research.

The object of the research are management functions by bank resources.

The purpose of this dissertational work are reasons from the teoretiko-methodical part of the mechanism of the modern bank management providing breakeven and profitability of RK banks.

Research problems:

- studying of Theoretical bases of concept bank resources;

- feature consideration forming and resource allocation of commercial bank;

- determination of modern structure, methodology and foreign practice of management process of bank resources;

- a resource management assessment in a RK bank system;

- analysis of financial and economic conditions and JSC «Halyk Bank of Kazakhstan» resource managements;

- problem determination in the bank resources management in the course of RK integration;

- enhancement of management process of bank resources;

- prospect of enhancement determination of bank resources management in a domestic bank system.

Scientific novelty of dissertational work consists in the following:

• Internal systems and components of system of integrated management of bank resources from the point of view of the determined management theory;

• In the complex analysis of JSC «Halyk Bank of Kazakhstan» were estimated optimum policy and bank resource management;

• Proposals in ensuring profitability, that is in the income acquisition, bank covering total costs (on JSC «Halyk Bank of Kazakhstan» example) are made.


Принтерде басып шығарылған

Өскемен қаласы, 2012 ж.

0,9 б.п.