https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Назарбаев Зияткерлік мектебі


БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ

Білімділер сайысы өту үшін 8 сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топтың аты, өсиеттері, эмблемалары болады.

Қазылар алқасы тағайындалып, таныстырылады.

            Сайыстың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

1-топтық аты: «Білімділер»

өсиеттері: «Білімділер мен дос бол – тарыққанда ақыл береді. адамшылығыңды біледі»

2-топтық аты: «Білгіштер»

өсиеттері: «Білгіштермен дос бол –  адамшылығыңды біледі»

1-сайыс: «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»

Мақалдың мағынасы түсіндіріледі де, қызықты сұрақтар қойылады?  

  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

  3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  4. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

  5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

  6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

  7. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

  8. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  9. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  10. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)

  11. Теңіз тереңдігін зерттеуге арналған аппарат, оны теңіз түбіне тростар арқылы судналардан түсіреді (батисфера)

  12. Берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы (лездік)

  13. Үйкелісті азайтуға арналған техникалық қондырғы (подшипниктер)

  14. Дененің үдеуін өлшеуге арналған аспап (акселерометр)

  15. ХБЖ-дегі негізгі механикалық өлшем бірліктер (метр, килограмм, секунда.)
  16. Бөлменің қабырғасына тиіп еденде тұрған ішінде шегелері бар массасы 10 кг жәшіктің қабырғаға түсіретін қысым күші? (0.)


2-сайыс: «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!»

Осы мақалды әдеби тілмен түсіндірген соң, жұмбақтар шешіледі. Жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі керек.

  1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)

  2. Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)

  3. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)

  4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)

  5. Жылдың 4 мезгілінде де,  мазасызданады ол неге? (жел -  конвекция)

  6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)

  7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)

  8. Қармен бір жүргенде, сықырлайды ол неге? (Сынады – қатты дене)

  9. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)

  10. Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)

3-сайыс: «Ақылдассаң шешерсің, Ақылдаспасаң кем көсерсің!»

Әр топ оқушылары ақылдаса отырып, әрбір суреттің дұрыс жауаптарын тауып, қазылар алқасына табыс етеді, бағаланады. Екі топ дайындалып болғанша жақтаушылармен ойын ұйымдастырылады.

1. Бірінші қабатта тұрған адам екінші қабатта тұрған адаммен сөйлесіп тұр. Екеуі бір мезгілде сөйледі. Қайсысы екіншісінің дауысын бірінші болып естиді? (Жауабы: төмендегісі, себебі h1 < h2)

2. Салатты дайындау үшін сірке суы пен сұйық майды пайдаланады. Қала сыртына достар серуенге шығар кезде бір физик екі бөтелкені (май, сірке суы) арқалап жүрмеу үшін екеуін бір флаконға құйып алды. Ол сірке суы қосылған немесе тек май қосылған салатты жақсы көретін достарынын көңілінен қалай шықпақшы?





Ойын. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Жер», «Теңіз», «Ауа». Жақтаушылар сәйкес 3 топқа бөлінеді. Сұрақ: осы үш сөз туралы физика, биология, химия, әдебиет тілінде  не айта аласың?

Мысалы: «Теңіз»

Физика тілінде: Су - сұйық күйде,

Биология тілінде: Су –тіршілік көзі, балықтар

Химия тілінде: 2Н22=2H2O,

Әдебиет тілінде: Сусыз өмір жоқ. т.б.

4-сайыс: «Ойнап сөйлесең де, Ойлап сөйле ! »

Үй тапсырмасы:  «Физикалық көріністерін тамашалау»

1-топ –«Егер Антарктиданың суы ерісе, ... »

2-топ-«Егер Жер өз осінен кері айналса, ... »

5-сайыс. «Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар!»

 

Топ басшыларымен сайыс

1-сайыс

А) «Білімділер» басшысы

Қысым деген не? Деген сұраққа жауап береді.

Сөзінің соңында қысым деген шамаға анықтама береді.

Б) «Білгіштер» басшысы

Күш деген не? деген сұраққа жауап береді де аяғында күш деген шамаға анықтама береді.

2-сайыс

Топ басшылары кезекпен ғалым физиктердің фамилияларын айтады.

           Мысалы         1-топ                         2-топ  

                                   Ом                       Ньютон

                                   Ватт                     Архимед      

                                   Ампер                  Бор т.б

       Қорытынды .  Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша мақтау қағаздарымен

марапатталады.    �