girniy.ru 1

БЛАЛИЕВ Тоқтасын Амантайұлының

сайлауалды бағдарламасы


Туған еліміз - Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін қызмет ету әрбіріміздің парызымыз. Соның ішінде халық қалаулысы болып қызмет ету жауапкершілікті екі еселейтіні сөзсіз. Алдағы мақсат сайлауында депутат болсам ел мүддесі үшін ерінбей еңбек етіп, сайлаушылырымның сенімін ақтауға бар күш жігерімді жұмсаймын. Халық қалаулысы атанған жағдайда төмендегі бағдарламаларды алға тарта отырып, ел еңсесін – көтеруге атсалысамын.


  1. Аудандағы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларды дамытуға арналған бюджеттік қаржының дұрыс бөлінуіне ықпал жасау, оның ішінде Саудакет ауылы бойынша бюджеттік мекемелерге тиісті қаржылардың қажеттілігіне қарай дұрыс бөлінуін басты назарда ұстауға.

  2. Кәсіпкерлік жұмысы аясын кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал жасау, бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін, отбасында бірде бір адам жұмыс істемейтін азаматтарды жұмыспен қамту, қолдау көрсету, сондай-ақ ауылдық аймақ бойынша кедейшілік, жұмыссыздық деңгейін түсіруді басты мақсат етуге.

  3. Көктемгі егіс, күзгі жиын терін науқанында ауылдық аймақтағы егін егуші, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына арзан жанар – жағар маймен көмек көрсетуге.

  4. Адамбаев атындағы орта мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу, мектептің жабдықталуына ықпал жасау;

  5. Ауданның ауылдық аймақ көлемінде жастар арасында өткізілетін мәдени, спорттық, мерекелік шараларға және ардагерлер мен аналарға, балаларға арналған шараларға қатысу, демеушілік көрсетіп отыруға.

  6. Саудакент ауылының көшелеріне ауыз су жүйелерінің тартылуына бюджет қаржысының бөлінуіне ықпал етуге.

Аудандағы және ауылдық аймақтағы өткір мәселелердің бірі денсаулық сақтау саласына дәрігер мамандардың жетіспеуі.

Сондықтан осы салаға сырттан келетін дәрігер мамандарды тұрақтандыру мақсатында өз тарапымнан оларға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету және ұйымдастыруға ықпал етемін.