https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 7 8

Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Иксатова С. Т.


АДАМГЕРШІЛІККЕ ҚАРСЫ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ


Павлодар

УДК 343.5 (075.8)

ББК 67.408(5Каз)я73

И 38


«Құқық» мамандықтары тобы бойынша

оқу - әдістемелік секциясының

ШЕШІМІ

2007ж.25 мамыр

Рецензенттер :


А. Н. Ағыбаев - заң ғылымдарының докторы, профессор.

А.А. Исаев - заң ғылымдарының докторы, профессор.

Г.Р. Рүстемова - заң ғылымдарының докторы, профессор.


И 38 Иксатова С.Т.

Адамгершілікке қарсы жасалатын қылмыстардың түрлері: оқу

құралы. – Павлодар , 2007. – 135 б.


ISBN 9965-439-91-5


Оқу құралында қылмыстық құқықтағы адамгершілікке қарсы қылмыстардың құқықтық және теориялық мәселелері жан -жақты қарастырылып, ғылыми тұрғыдан талданып сипатталған.

Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, сондай -ақ сот, прокуратура, ішкі істер және тағы басқа тәжірибелік қызметтегі заңгерлерге арналған.


ISBN 9965-439-91-5


УДК 343.5(075.8)

ББК 67.408(5Каз)я73


© Иксатова С. Т., 2007

© С. Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекетік университеті, 2007

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында сапалы білім беру мәселесіне ерекше тоқталып, мемлекетіміздің жоғары оқу орындары түлектерінің, яғни келешек жас мамандардың біліктілік деңгейі әлемдік стандартқа сай болу керектігін атап көрсетуде. Демек, құқық қорғау органдарының болашақ кадрлары да жоғары, орта арнаулы оқу орындарының қабырғасында жүргенде-ақ біліміне біліктілігі сай, мемлекетшіл, отаншыл, әділдіксүйгіш, заң бұзушылыққа төзбейтін парасатты азамат, білімдар маман болып қалыптасуы керек.


Қазіргі кезеңде, біздің қоғамда да жеке тұлғалардың дүниетанымын, әлеуметтік бағытын қалыптастыру үшін идеологиялық, құқықтық тұрғыда тәрбие беру мәселесі туындады. Әсіресе жас буынның санасына қоғамдық адамгершілікті құрметтеу сезімін сіңіріп, орнықтыру мақсатында мәдени құндылықтармен үйлесетін жаңа тәрбиелік жүйені жасау, заңнаманы жетілдіру және нығайту қажеттілігі байқалады.

Алайда, адамгершілікке қарсы жасалатын қылмыстарға байланысты республика көлемінде жарық көрген санаулы ғылыми мақалалардан басқа, аталған қылмыстылықтың заңдылық табиғатын айқындайтын сүбелі, іргелі ғылыми-теориялық арнайы зерттеу еңбектер жоқтың қасы. Оның үстіне адамгершілікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық заң әдебиеттерінде көбіне жалпылама жазылған. Бұл тақырып Қазақстан Республикасында арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылмады. Адамгершілікке қарсы қылмыс ұғымы туралы түрлі көзқарастар, пайымдаулар әлі бір ізге түсе қойған жоқ.

ХХI ғасырдың басында, Қазақстанның криминология саласында С.Я.Булатов, Е.І. Қайыржанов, Ү.С.Жекебаев, Н.М.Әбдіров, А.Н.Ағыбаев, Е.О.Алауханов, З.О.Ашитов, Б.С.Бейсенов, Н.О.Дулатбеков, Б.Ж.Жүнісов, М.С.Нәрікбаев, И.И.Рогов, Д.С.Чукмаитов, К.А.Бегалиев, К.Ш.Курманов, Л.Ч.Сыздықова және тағы басқа ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.

Ресейлік оқымыстылар Ю.И. Ляпунов, В.Я. Таций, М.А. Гольфер, В.П. Степашин, В.В. Стешис, А.В. Галахова, А.В. Гуличенко т.б. зерттеулерінде адамгершілікке қарсы қылмыстарға байланысты кейбір мәселелер біршама зерттеліп, талқыланды. Бұл еңбектердің өзектілігі мен пайдалылығына қарамастан, көтерілген тақырып әсіресе қазақстандық оқымыстылардың тарапынан жан-жақты зерттелуін қажет етеді. Өйткені, бұрынғы кеңестік заңдар жүйесіне негізделген ғылыми еңбектер жаңа қылмыстық заңдарға, сот-тергеу тәжірибесіне сәйкес келе бермейді, сондықтан заманауи талапты қанағаттандыра алмайды.

Адамгершілікке қарсы қылмыстарды тудырушы факторларға зерттеулер жүргізілгенімен, оларға байланысты проблемалар толық шешімін тапты деп айту қиын. Заман өзгерген сайын, заң да, қоғам да өзгерді, адамгершілікке қарсы қылмыстардың құрылымы да өзгеріске ұшырады. Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдық базасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясына да толықтырулар енгізілді. Енді адамгершілікке қарсы қылмыстардың құрылымын жаңаша бағалау, саралау қажеттілігі туындады. Мұның өзі қылмыстық құқық теориясында өзекті мәселеге айналды.


Қазақстан халқы құрамының ширегін жасы 18-ге дейінгі тұлғалар құрайтынын ескерсек, оларды отаншылдық рухында тәрбиелеу ісі көкейкесті проблемаға айналғанын сезінеміз. Қазақстандық қоғамның ертеңгі экономикалық өрлеуі және әлеуметтік гүлденуі бүгінгі балалар мен жасөспірімдердің болмыс-бітімінде адамгершілік қасиеттермен қатар құқық тәртібін де құрметтеу сезімдерінің қалыптасып, орнығуына байланысты екені мәлім.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы Жолдауында құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту жөнінде былай деп атап көрсетті:

- Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі – ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет.

Біріншіден, құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс-қимылын үйлестіруді күшейту керек.

Екіншіден, өз назарымызды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет.

Үшіншіден, өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен еларалық қылмыс секілді қатерлерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.

Төртіншіден, елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек.

Сондай-ақ Елбасы Жолдауында құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайту жолдарын айқын атап көрсетті:

- Ашық, демократиялық қоғамның іргесін дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі – ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірінің өмір сүре алмайтынын естен шығармауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет.


Біріншіден, құқық қорғау мен басқа мемлекеттік органдардың құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдық және заңнамалық шараларын жетілдіру жөніндегі іс-қимылын үйлестіруді күшейту керек.

Екіншіден, өз назарымызды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет.

Үшіншіден, өзіміздің құқық қорғау органдарымызға есірткі қылмысы мен еларалық қылмыс секілді қатерлерге қарсы күресу үшін қосымша ресурстар мен құралдар беруіміз қажет.

Төртіншіден, елімізде құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпымемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек.

Елбасы атап көрсеткен міндеттерді жүзеге асыру барысында заңдық ғылыми және арнайы әдебиеттердің, оның ішінде мемлекеттік тілде дайындалған оқу құралдарының да атқарар рөлі елеулі деп білеміз. Қылмыстық құқықтың қазіргі ерекшеліктері, өзіндік мазмұны, өзгешелік белгілері мен принциптері ескеріліп, мемлекеттік тілде жазылған бұл оқу құралының көтерер жүгі ауыр.

Оқу құралында адамгершілікке қарсы қылмыстардың құқықтық табиғатын, тарихи, әлеуметтік, криминологиялық қырларын кешенді түрде зерттеу нәтижелері кеңінен пайдаланылды [1].

Автор адамгершілікке қарсы қылмыстарға байыптау жасарда, жеке және қалыпты әдістемелерді қолданып зерттеу жүргізді. Зерттеу мемлекеттік органдардың актілері, ҚР Жоғары Соты Пленумының қаулылары, ҚР Бас прокурорының өкімдері, ҚР Парламентінің қарауына ұсынылған заң жобалары, Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі қылмыстық жағдайдың ресми статистикалық мәліметтері тәрізді заңнамалық құжаттарға сүйеніп жасалды. Сонымен қатар, ресейлік оқымыстылардың адамгершілікке қарсы қылмыстарды талдаған және қылмыстылықтың алдын алу шараларын белгілеген еңбектері негізге алынды. Зерттеу барысында түрлі жоғары оқу орындары студенттері, құқық қорғау органдарындағы жасөспірімдер қылмыстылығын алдын алу мәселелерімен айналысатын қызметкерлер мен арнайы интернат тәрбиешілері арасында тиісті сауалдар жүргізіліп, жауаптары хатталды.


Зерттеудің әдістемелік негізін жалпы ғылыми, социологиялық, құқықтық және қылмыстық зерттеу әдістері құрады. Солардың ішінде, әсіресе формальдық-логикалық, салыстыру-құқықтық, бақылау, математикалық статистикалық, қылмыстық сараптама жасау әдістері кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, теория мен практиканың бірлігінің жалпы философиялық принципі, аналитикалық және диалетикалық пайымдаулардың жиынтығы мен зерттеу тақырыбының заңдық негізін жан-жақты оқып білу принципі қатаң ұсталынды.

Зерттеу еңбектің ғылыми жаңалығы отандық қылмыснамалық ғылымда бұқаралық коммуникативтік құралдардың кәмелетке толмағандардың тәртібіне ықпал етуіне байланысты сұрақтар кешенін ақпараттық қоғам жағдайында, қазіргі заңнамалық негізде, салыстыру-құқықтық әдіс пайдаланылған алғашқы зерттеу болып табылатындығы. Алынған мәліметтер автордың жеке компьютерінде мәліметтерді статистикалық өңдеуге мамандандырылған арнайы бағдарламалар көмегімен өңделді. Нәтижесінде бұқаралық коммуникативтік құралдардағы күш қолдануға бас ұру мен қатыгездіктің балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқына теріс ықпал ететіні нақты дәйектермен анықталып, тиісті қорытынды шығаруға негіз жасалды [2].


1 Адамгершілікке қарсы қылмыстардың тарихи -құқықтық сипаттамасы



следующая страница >>