girniy.ru 1 2 ... 19 20
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



ӘОЖ 378 (73) – 057.875 Қолжазба құқығында


АБДЫХАЛЫКОВА ЖАЗИРА ЕСЕНКЕЛДИЕВНА


АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері


6D010300 – Педагогика және психология


Философия докторы (PhD)

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Ғылыми кеңесшілер

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Қ.Қ. Шалғынбаева


Шетелдік ғылыми кеңесші

PhD, профессор Джейн Дженсен

(АҚШ, Кентукки университеті)

(Jane Jensen, University of Kentucky)


Қазақстан Республикасы

Астана, 2013

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАЛАМАР......................................................................................

3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР..............................................

5

КІРІСПЕ......................................................................................................

6

1 АҚШ-ТЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................

14

    1. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге қолдау

көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуы...............................

14

1.2 АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі...................................


23

    1. АҚШ университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету

орталықтарын ұйымдастырудағы озық тәжірибелері................................


40

  1. АҚШ-ТЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ КЕШЕНІН ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ......................................................

58

2.1 АҚШ университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету бағдарламалары – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың механизмдері ретінде...................................................

58

2.2 ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламарына салыстырмалы талдау........................................

79

2.3 Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі.................................................................

93

3 СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АҚШ-ТЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНДІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ.............................................................................................

103

3.1 Студенттерге академиялық қолдау көрсету моделін жүзеге асырудағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары................................


103

3.2 Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудің нәтижелері........

114

3.3 АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар.........................

130

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................

138

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................

140

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................

150

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі анықтамаларға сілтемелер көрсетілген:

Академиялық қолдау көрсету орталықтары (Academic Support Center)- АҚШ университеттерінде студентке екі немесе одан да көп академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын (эдвайзер, ментор, тьютор және т.б.) ұсынатын институционалды ұйымдасқан университеттік орталықтар жүйесі.

Академиялық қолдау көрсету орталықтары - кәсіби дайындалған мамандар арқылы ұйымдастырылған, професор-оқытушылардың іс-әрекетін жеңілдетуге, олардың студенттермен жеке-дара жұмыс жасау уақытын үнемдеуге әсерін тигізетін студент-оқытушы қарым-қатынасынан дербес ұйымдастырылған жеке университеттің білім беру құрылымы.

Академиялық эдвайзер (Аcademic advising) - АҚШ университеттеріндегі студенттің оқу-танымдық, жекетұлғалық, кәсіби мәселелеріне байланысты сұрақтарды шешуге мақсатты бағытталған студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытының негізгі маманы.


Білім алушыларға академиялық қолдау көрсету (Student Academic support) - университеттік оқу бағдарламасын меңгеру барысында студенттің академиялық үлгеріміне, әлеуметтенуіне институционалды ұйымдасқан түрде әсер ету, олардың білімдегі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы мамандар тарапынан кеңестер беру кешені.

Бірінші курста бағыт-бағдар беру курстары (First Year Orientation Course) - студентке қажетті әртүрлі университеттік ресурстарды дер кезінде білуге, оқу бағдарламасы аясында қойылған мақсаттарды қайта қарастыруға, бірінші курс білім алушыларын студенттік кезеңге бейімделуін жеңілдету үшін ұйымдастырылатын курстар жүйесі.

Белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

Кредит
(Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту.

Модельдеу – зерттелетін нысанның моделін оқу мен құруға бағытталған ғылыми зерттеу әдісі және көшірме, модель, құбылыс пен процесті құру, сызба, кесте, қысқа сөздік мінездемесі, суреттердің көмегімен оқылатын процестер мен құбылыстардың көрнекі бейнесі.

Офис-регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет.

Студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтері (Student Academic Support Services) - АҚШ университеттерінде студенттің, оқу бағдарламасын меңгеруге жүйелі, мақсатты әсер ететін институционалдық қызметтер (АҚК орталықтары, психологиялық кеңес беру орталықтары, академиялық эдвайзер, офис-регистратор және т.б.)


Студенттің қатысуы (Student involvement) - студенттің академиялық тәжірибесіне жіберген физикалық және психикалық энергиясының мөлшері.

Студенттің академиялық жетістігі (Student Academic Success) - білім алушының оқу бағдарламасының аясында белгілі бір академиялық жетістіктерге жетуі, университетті жоғары оқу үлгерімімен аяқтауы.

Пэр-ментор (Peer-mentoring)- жаңадан қабылданған білім алушылардың академиялық және әлеуметтік бейімделуі мен жетістігіне жетекшілік жасайтын, академиялық қолдау көрсету орталықтарымен ұйымдастырылатын, студент- студент қатынасындағы тәлімгерлік түрі.

Пэр-тьютор (Peer-tutoring) - академиялық қолдау көрсету орталықтарында орын алған білім алушылардың белгілі бір пән бойынша артта қалу мәселелерін шешу мақсатымен ұйымдастырылатын, колледж студенттері, инструкторлар, университет түлектері (graduate), магистранттар немесе докторанттар арқылы жүргізілетін қосымша сабақтар.

Оқу пәнiне жазылу (Enrollment) – академиялық эдвайзер нұсқауымен білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;

Тьютор – студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы.

Тьюторлық жүйе (tutoring system)- АҚШ университеттерінде, студенттердің пән бойынша білімін жетілдіруге бағытталған оқытушылардан басқа белгілі бір кеңесшілерге бекітудің университеттік жүйесі;

Эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;

Элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.


Dropout (шығып қалу) –Америка университеттерінде оқу үлгеріміне байланысты студенттің университеттен шығып қалуын анықтайтын ұғым.

In loco parentis (әкелік қамқор) - АҚШ –тың оқыту-тәрбие үдерісінде 17-19 ғасырларда орын алған қатаң патерналистік тәртіп немесе “әкелік қамқор ” (in loco parentis) қағидасындағы авторитарлы жүйе.

Retention (сақтап қалу) – Америка университеттерінде студенттердің бір семестрден екінші семестрге көшу көрсеткішін белгілейтін ұғым.


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


ҚР- Қазақстан Республикасы

АҚШ- Америка құрамы штаттары

АҚК- академиялық қолдау көрсету

ЖОО – жоғары оқу орны

IDEAL - академиялық кедергілерді шешу технологиясы

LLL- өмір бойы білім алу (lifelong learning)


КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда, әлемдік білім беру үрдісіндегі қарқынды жүріп жатқан өзгерістерде бәсекеге қабілетті болу үшін, Қазақстанның жоғары білім беру бағыттары мен саясаты қайта қарастырылып, университеттерде шетел тәжірибелері қарқынды қолданылуда.

ҚР-да 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, «білім берудің қазақстандық жүйесі, жаһандық бәселекестіктен көріну үшін білім беру мазмұны және технологиясы саласында озық әлемдік тәжірибелерді қолдануды, жаңашыл біріктірілген ғылыми – білім беру құрылымдарды жасауды, білім беру қызметтерінде халықаралық ынтымақтастықты арттыруды мақсат етуіміз керек» - деп білімдегі басымдықтар анықталған [1]. Халықаралық білім кеңістігіне бетбұрыс жасаудың басты мақсаты - әлемдік стандарттармен сәйкес болатын қазақстандық білім сапасын қалыптастыру, нарық қоғамында оның бәсекелестігі мен тартымдылығын арттыру.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену үдерісі, Қазақстан Республикасының 1997 жылы, ТМД елдері арасында алғаш болып Лиссабон конвенциясына қосылуынан, қатысушы мемлекеттердің дипломдары мен біліктіліктерін тануға бағытталған жаңашыл үрдіске қадам басуынан көрінеді. Кейіннен, ҚР 2010 жылы Болон декларациясына қол қойған 47-ші мемлекет ретінде, жоғары оқу орындардың оқу-тәрбие үдерісі кредиттік оқыту технологиясына толық көшті.


Кредиттік оқыту технологиясы заман талаптарына сәйкес болашақ маманның жеке оқу траекториясын, жекетұлғалық және кәсіби дамуының бағытын құруға, өздігінен білім алу, оқу іс-әрекетінің дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын жаңа оқу технологиясы. Осыған орай, студенттің жаңа білім беру үдерісіне интеграциялануына, бейімделуіне, жеке оқу траекториясын, дербес оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу үдерісіне жауапкершілігін арттыруына қандай жағдай жасалуы қажет деген маңызды мәселелер туындайды. Маңызды басымдықтарды шешу үшін, білім алушыларды кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктеріне бейімдеу, олардың ақпараттық хабардарлығы мен академиялық сауаттылығын арттыру, жеке оқу траекториясын саналы түрде қалыптастыруды қажет етеді.

ҚР жоғары білім беру жүйесін реформалау мен жетілдірудегі кездесетін мәселелерді шешу үшін озық мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ университеттеріндегі студенттің жекетұлғаға бағытталған оқыту ортасын қалыптастырудағы бірнеше ғасырлық тарихы бар озық тәжірибелерін, атап айтқанда университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету бағытын (Student Academic Support Services) жан-жақты талдауды, оны бейімдеп тәжірибеге ендіруді қажет етеді. Себебі, Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің әртүрлі салаларындағы өзгешеліктерге қарамастан, білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеру тұрғысынан ұйымдастырылған, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету кешені, өзінің ғасырлық тарихында дамып, сұрыпталып, әмбебеп әлемдік тәжірибеге айналып, басқа да елдер үшін қолдану мүмкіндігіне ие болып отыр.

Сонымен қатар, өткен кезеңнің саясатына байланысты, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің басым бағыттары, отандық, ресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстарында, сыни-иделогиялық тұрғыдан анықталды. Бұл жағдайлар, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесін талдауда жаңашыл көзқарастарды қалыптастыруды қажет етеді. Осы бағыттағы АҚШ тәжірибесінің толыққанды зерттелуі мен қолдану мүмкіндіктерін анықтау жолдары, отандық жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту технологиясы бойынша мамандар даярлаудың сапасын арттыруына жол ашады.


Зерттеу мәселесіне қатысты, АҚШ-тың жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға мүмкіндік беретін студенттерге академиялық қолдау кешенінің мақсаты, міндеттері, университеттегі рөлі, бағдарламалары, көрсететін қызмет түрлері ерекше назар аудартады.

Диссертация тақырыбының зерттелу жағдайына келетін болсақ, АҚШ-тың жоғары білім беру мәселелерінің әртүрлі аспектілері А.К. Кусаинов [2], Д.А. Асильбеков [3], А.Б. Куспанов [4], Г.К. Досыбаева [5], Х.М. Рахимбек [6], К. Токтыбаева [6], С. И.Керимкулова [7] орта білім беру бойынша З.У. Кенесарина [8], А.О. Искакова [9] сияқты отандық ғалымдардың еңбектерінде зерделенген.

Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекелестікте болу мақсатында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің реформасының басымдықтары, елбасы Н.Ә. Назарбаевтың [10], [11], [12] еңбектерінда көрініс тауып, оның негізгі бағыттарын шетел тәжірибесінен бейімдеп, университет практикасына енгізудің теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыттарын жан-жақты, дәлелді зерттеген Н. Асанов [13], А.Атыханов [14], Ж.А. Кулекеев, Г.К. Ахметова , С.Б. Әбдіғаппарова, С.Р.Ибатуллин, Б.С. Әбдірәсілов, [15], С.Ә. Әбдіманапов, [16], Ж.Д. Дадабаев [17], А.А. Кусаинов [18] және басқа да ғалымдар кредиттік оқыту технологиясының негізгі ұғымдары мен ережелерін айқындап, оны жоғары мектеп практикасына ендірілуіне орасан үлес қосты. Аталған авторлар, жаңашыл жоғары мектеп тәжірибесінде, оқу уақытын ұтымды пайдалану, оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістерді қолдану, оқыту сапасын арттыру сияқты мәселелерге ерекше мән бере отырып, студенттің оқу үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыруы, кәсіби таңдау жасауы, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға қажетті университет тарапынан белгіленетін академиялық қолдау көрсету қызметтері мен бағдарламаларыг жетілдіруді, озық шетелдік тәжірибелерден бейімдеп қолданудың қажеттігін басып көрсетті.


АҚШ–тың жоғары беру жүйесінің негізгі үрдістері мен бағыттары ресейлік ғалымдар Ю.В. Ерастов [19], А.М. Белякин [20], М.С.Сунцова [21], Э. Ю. Каверина [22], О.В. Рузанова [23], А.В.Ширикова [24], М.В.Широкова [25], М.А.Серебрякова [26], М.В.Дюжакова [27], О.В. Кузнецова [28], Н.М. Лизунова [29] Г.В. Шевцова [30], болашақ мамандарды кәсіптік даярлаудың әртүрлі аспектілері Л.С. Дохикян [31], И.Н. Лазарева [32], А.М. Кадиров [33] Н.В.Малкова [34], Н.В.Гольцова [35], А.А. Хатюшина [36], М.Ш.Ракипова [37], Ж.О.Кузьминых [38], Д.Н.Сухиненко [39], О.В. Коренькова [40], Р.М.Роман [41], Н.И. Костина [42], Л.Е. Смалько [43] еңбектерінде көрініс тапқан.

АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытының тарихи тұрғыдан дамуын американдық ғалымдар F. Rudolph [44], J.R.Thelin [45,46], A.L. Rentz [47] маман даярлаудағы алатын рөлі V.Tinto [48], J. C Hurst & J.K.Jacobson [49], D.G.Creamer & E.G. Creamer [50], D.Hollowell [51], J. D. Finn & D. A.Rock [52], A.W. Astin,[53], K. Arnold, G.D. Kuh [54], M.Beede & D.Burnett [55] студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін бағдарламалары B.B. Crookston [56], T.O’Banion [57], S.H. Frost [58], W.R. Habley [59], S.Goodlad & B.Hirst [60], E.S.Reid [61], E.Pascarella & P. Terenzini [62], R. J. Light [63], D.Saunders [64] және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Жоғарыда көрсетілген американдық ғалымдардың жұмыстары, зерттеу тақырыбының теориялық- концептуалдық негізін толық түсінуге мүмкіндік берді.

Отандық, ресейлік компаритивистер А.К. Кусаинов [65], Н.Анарбек [66], Ш. Йюрген [67], Т.Н. Щербакова [68], А. Н. Джуринский [69], Б.Л.Вульфсон [70], З.А. Малькова [71], В.А. Капранов [72] зерттеулері салыстырмалы педагогика бойынша зерттеу жүргізуге негіз болатын, әдіснамалық мәселелер мен жалпығылыми ережелерді анықтауға мүмкіндік берді.


Дегенмен, АҚШ-тың жоғары мектеп тәжірибесіндегі студенттерге жүйелілік тұрғысынан ұйымдастырылған академиялық қолдау көрсету бағытының отандық, ресейлік педагог-ғалымдарының еңбектерінде арнайы зерттеу нысанының болмауы тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.

Жоғары оқу орындары студенттеріне университет жанында академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру нақты теориялық және практикалық мәселе ретінде шетел тәжірибесін зерттеу қажеттілігі бүгінгі жоғары білім беру үдерісінің басым бағыттарына байланысты мамандардың кәсіби сапасына, дайындығына қоғам тарапынан қойылатын талаптарымен түсіндіріледі. Себебі, Қазақстан Республикасында жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер студенттерді білім алу үдерісіне жауапты, субъекті тұлға ретінде қалыптастыруды маңызды, басты міндеттердің бірі ретінде қарауды талап етіп отыр.Бұл міндеттің жүзеге асырылуы жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісін жүйелі тәсілмен cтудент тұлғасына бағытталған оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыруды көздейді.

Осы уақытқа дейінгі отандық, ресейлік ғалымдардың, Американың жоғары білім беру жүйесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық, психологиялық басылымдарына жасалған талдаудар, АҚШ-тың университеттерінде студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтары мен әртүрлі бағдарламаларының ұйымдастырылу ерекшеліктері жеке зерттеу объектісі ретінде ғылыми-тұрғыдан негізделмегенін айқындауға мүмкіндік туғызды. Бұл мәселелер:

- қазіргі жоғары білім беру жүйесінің маман даярлауға қойып отырған талаптарына сәйкес, студенттерге арнайы академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру қажеттігі мен осы тұрғыда Америка жоғары мектебінің озық тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерінің арнайы зерттелмеуі;

- жоғары оқу орындары студенттеріне академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігімен оның теориялық-әдіснамалық тұрғыдан негізделмеуі;

-кредиттік оқыту технологиясында студенттің бейімделуіне, университет ортасына интеграциялануына, ішкі ресурстық потенциалын белсендіретін білім алушыларға арналған арнайы дамытушы оқу курстары мен бағдарламаларының, ғылыми, мерзімді, оқу және оқу-әдістемелік қорының жеткіліксіздігі;


- білім алушыларға академиялық колдау көрсету бағдарламаларын ұйымдастыруда негіз болатын шетел тәжірибесінен зерделеніп жасалған, өзіндік қазақстандық моделінің қажеттігі мен оны жүзеге асырудағы әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама–қайшылықтардың бар екенін көрсетеді.

Осы анықталған қарама-қайшылықтарға байланысты зерттеу тақырыбын «АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны: АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесі

Зерттеу пәні: АҚШ-тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету үдерісі

Зерттеу мақсаты: АҚШ - тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытының теориясы мен тәжірибесіне жан-жақты талдау жасау, Қазақстанның ЖОО-да қолдануға мүмкіндік беретін ғылыми - теориялық нұсқаулар даярлау.

Зерттеу болжамы: егер, Америка университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету үдерісінің басым бағыттары теориялық- әдіснамалық тұрғыдан негізделіп, соның негізінде отандық жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсетудің қазақстандық моделі жасалып, оны тәжірибеге ендіру арқылы ғылыми негізделген қорытындылар мен әдістемелік нұсқаулар даярланса, онда кредиттік оқыту технологиясында білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға, өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерін жетілдіруге жағдай жасалады.

Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес міндеттері анықталды:


  • АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуын анықтау;

  • Студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі мен озық бағдарламаларын айқындау;


  • АҚШ тәжірибесі негізінде «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін» әзірлеу және оның негізгі компоненттерінің (дамытушы академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар курстары) тиімділігін тәжірибелі -эксперимент жүзінде тексеру;

  • АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын ғылыми-теориялық, әдістемелік нұсқаулар жасау.

Жетекші идея. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытының тәжірибесін жан - жақты зерттеп, қайта пайымдау арқылы ҚР жоғары оқу орындарында қолдану мүмкіндіктерін анықтау, кредиттік оқыту технологиясында студенттерге жаңашыл академиялық қолдау көрсету бағдарламаларымен қамтамасыз етіп, білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға жағдай жасайды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып жекетұлғаны қоғам дамуының, білім беру жүйесінің басты мақсаты деп танитын антропологиялық тәсілдері (М.Бубер, В. Дильтей, Э. Кассирер және т.б.); шетелдің білім беру саласындағы қалыптасқан нормаларды пайымдауға мүмкіндік беретін нақты-тарихи және мәдениеттанушылық тәсілдердің синтезі (Н.В. Блауберг, М.Н. Скаткин, Э.Г. Юдин және т.б.); жүйелілік тәсіл: (Н.Б. Блауберг, М.Н. Скаткин, Э.Г. Юдин және т.б.); таным теориялары, тұлғаға бағытталған оқыту теориясы, іс - әрекеттік теориялары: (Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев); оқытуды дараландырудың теориялық негіздері: (В.В. Давыдов, В.С. Ильин, А.А. Кирсанов); оқытудағы ынтымақтастық теориялары: (Г.Н. Волков, В.К. Дьяченко, Х.И. Леймитс); студенттің академиялық даму теориялары (А.Astin, V. Tinto, Е.T. Pascarella, Weidman ); сондай – ақ, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің маман даярлау аспектілерін зерттеген отандық, ресейлік ғалымдардың іргелі еңбектері; АҚШ студенттеріне академиялық қолдау көрсету қызметін ұйымдастыруға арналған американдық ғалым-педагогтардың ағылшын тіліндегі зерттеулері; шетелдік білім беру жүйесін салыстырмалы зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ғалымдардың әдістемелік нұсқаулықтары, халықаралық Интернеттің тақырыпқа қатысты ақпараттық сайттары саналады.


Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Қазақстан Республикасының Білім Заңы (2011), ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы, кредиттік оқыту технологиясын ұйымдастыру бойынша ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінде қабылданған құжаттар.

АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің тарихы мен қазіргі жағдайын анықтауға арналған теориялық зерттеулері, университет жағдайында студентке академиялық қолдау көрсету үдерісіне бойынша арналған білім беру ұйымдарының қорытынды баяндамалары: American Decides (Primary Sources), Report of International Association for the Evaluation of Educational Achievement, Statistical Abstracts of the United States, Report of the National Center for Educational Statistics, Report of the National Council of Educational Opportunity Associations, Annual Survey Results of The National survey of Student Engagement, сонымен қатар ресми басылымдары: Journal of College Student Personnel, Review of Educational Research, Journal of Applied Psychology, Journal of College Student Development, Education Forum, Los Angeles Times, USA Today, CNN, The Washington Times, Harvard Business Review.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; алынған ақпаратты болжау, салыстыру, үлгілеу әдісі, педагогикалық бақылау, сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, рангілеу, педагогикалық эксперимент, зерттеу деректерін статистикалық өңдеудің математикалық әдістері.

Зерттеу кезеңдері мен ұйымдастырылуы

Бірінші кезеңде (2009-2010жж.) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер іріктелді, теориялық тұрғыда талданды; қарама-қайшылықтары айқындалып, зерттеудің нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері анықталды, ғылыми аппараты негізделді. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету мәселелеріне арналған педагогикалық зерттеулер мен деректер жинақталып, жүйеленді. Сонымен қатар, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі зерттеу проблемасына байланысты келесі мәселелер зерттелді: университеттерде студент контингентін академиялық қолдау қызметтерімен қамтасыз ету (Student Academic Support Services), студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының (Academic Support Center) маман даярлаудағы мақсаты мен рөлі анықталды.


Екінші кезеңде (2010-2011 жж.) АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін орталықтардың басты бағдарларламаларына: академиялық эдвайзер (academic Advising), тьютор (per-tutor), пэр-ментор (per- mentor) бірінші курс студенттеріне арналған бағыт-бағдар беруші оқу пәндері (First Year Orientation Course) талдау жасалып, студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруындағы рөлі анықталды; Кентукки университетінде өткен ізденушінің ғылыми-тағылымдамасының және университеттердің веб-сайттарын зерттеу нәтижесінінің негізінде, Қазақстан және АҚШ университеттерінде орын алған академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдау түрде жүргізіліп, «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенінің құрылымдық моделі» даярланды; оның негізгі компоненттерінің (дамытушы академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар курстары) тиімділігі оқыту үдерісіне тәжірибелі- эксперимент ретінде ендірілді.

Үшінші кезеңде (2012-2013 жж.) зерттеу нәтижесі бойынша сандық және сапалық талдау жүргізілді; теориялық талдау, тәжірибелік – эксперимент нәтижелері бойынша алынған теориялық тұжырымдар жүйеленіп, жалпыланып, статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытындағы тәжірибесін қазақстандық кредиттік оқыту технологиясында қолдану мүмкіндіктері бойынша ғылыми-педагогикалық негізделген әдістемелік нұсқаулар жасалды. Қорытындылар тұжырымдалып, пайдаланылған әдебиеттер жүйеленіп, талап бойынша рәсімделді.

Зерттеу базасы: АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтары, Кентукки университеті (University of Kentucky), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі

- АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің қалыптасуы тарихи тұрғыдан анықталды;


- Студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі мен озық бағдарламалары айқындалды;

- ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасалынды;

- АҚШ тәжірибесі негізінде Қазақстанның ЖОО-да кредиттік оқыту технологиясында қолдануға мүмкін болатын «Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенінің құрылымдық моделі» даярланды;

- АҚШ –тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар жүйесі негізделді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- АҚШ –тың академиялық қолдау көрсету тәжірибесінен өңделіп, қазақстандық кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің жеке оқу траекториясын қалыптастыруда кезіктіретін білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен жасалған, 1 курс студенттеріне арналған «Университеттте білім алу стратегиясы» атты модульдік бағдарламасы әзірленді.

- магистранттарға, докторанттарға, оқытушылар қауымына, эдвайзерлерге арналған «Университет эдвайзерлерінің академиялық кеңес беру қызметі» атты арнайы курс бағдарламасы жасалды.

- зерттеу нәтижелері кредиттік оқыту технологиясындағы оқыту үдерісін оңтайландыруға, жетілдіруге, осы бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады; шетелдік және салыстырмалы педагогика курстарының мазмұнын кеңейтуге, ЖОО-да мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, қайта даярлау институттарында пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және салыстырмалы-практикалық тұрғыдан дәлелденуінен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкес келуімен, алынған нәтижелер мен тұжырымдамалардың тәжірибеге ендірілуімен, олардың тиімділігінің эксперимент жүзінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.


Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру отандық, ТМД (Астана, Алматы, Караганды, Санкт-Петербург, Москва, Новокузнецк, Ульяновск) елдерінің халықаралық ғылыми-практикалық және шетелдік (Achievement of high education, Болгария, 2012; 2nd Cyprus International Conference on Educational Research, Кипр, 2013), конференцияларда, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің білім жəне ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған 5 ғылыми басылымда, Thomson Reuters, Scopus халықаралық базасына енген «World Applied Sciences Journal» рейтингті журналында, талқыланып, көрініс тапты, эксперимент барысында жүзеге асты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқу тәжірибесіне ендірілді.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:


  • АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуы;

  • Студенттерге академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі, озық бағдарламалары;

  • Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенінің құрылымдық-теориялық моделі;

  • АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар жүйесі.

Диссертация құрылымы зерттеудің қойылған міндеттерін біртіндеп шешу логикасына сәйкес құрылды, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттердің академиялық қолдау көрсетудің теориялық негіздері атты бірінші бөлімде зерттеу проблемасына жан-жақты теориялық талдау жасалып, Американың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуының төрт кезеңі, қазіргі АҚШ саясатындағы жан-жақты тұлғаны қалыптастыру тұжырымдамалары, «академиялық қолдау көрсету» ұғымы, жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету орталықтарының маман даярлаудағы рөлі, ұйымдастыру моделдері, озық тәжірибелері анықталды.


АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету кешенін ҚР жоғары оқу орындарында қолданудың мүмкіндіктері атты екінші бөлімде АҚШ университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету орталықтарының студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін негізгі бағдарламаларына: академиялық эдвайзер (academic Advising), пэр-тьютор (tutoring), пэр- ментор (peer-mentoring), бірінші курс студенттеріне бағыт-бағдар беруші курстары (First Year Orientation Course) талдау жүргізілді, ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасалып, ҚР университеттерінде қолдануға мүмкін болатын университет студенттеріне арналған академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі әзірленді.

Студенттерге академиялық қолдау көрсету бағытындағы АҚШ тәжірибесін ендірудің әдістемесі атты үшінші бөлімде, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделін тәжірибеге ендірудегі эксперимент нәтижелері мазмұндалды, АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруде басшылыққа алатын теориялық–әдістемелік нұсқаулар берілді.

Қорытындыда теориялық және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша тиісті тұжырымдар және ұсыныстар, зерттеу мәселесінің келешегі көрсетілді.

Қосымшада зерттеу барысында академиялық қолдау көрсету моделін тәжірибеге енгізу үшін дайындаған авторлық бағдарламалар, диагностикалық материалдар, студенттерге, оқытушыларға ұсынылған сауалнамалар ұсынылған.

1 АҚШ-ТЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



следующая страница >>