girniy.ru 1


«Ізденістер, нәтижелер» («Исследования, результаты») журналы: биология; техника; ауылшаруашылық; экономика; педагогика; ветеринария мамандықтары бойынша ғылыми мақалаларды жариялайды.


Мақалаға қойылатын талаптар


Мақала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. Мақала 3 беттен кем болмауы және өз зерттеулерінің нәтижелері мен қорытындылары болуы қажет. Мақала соңында зерттеу жүргізген барлық авторлардың колы қойылған болуы тиіс. Тек әдебиетке сүйенген шолу мақалалар қабылданбайды.


  • Баяндама мәтіні компьютерде Times New Roman, Times Kaz редакторында, кегль көлемі 12, аралығы 1 жол, абзац – 1, орналастырылуы: жоғарғы және төменгі жағы – 2,5, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5см, ГОСТ 7.5-98, ГОСТ 7.1-2003 сай рәсімделуі қажет. Мақаланың шығарылған 1 данасы және электронды түрде болуы қажет.

Мақала элементтері келесі кезекте орналасуы керек:

  • ӘОЖ (үстінде сол жақта); бір жолдан соң ортада авторлардың аты-жөні майлы әріптермен; тағы бір жол төмен курсивпен авторлар жұмыс орнының толық (қала) атауы жазылады. Тағы бір жол төмен ортада мақала тақырыбы бас әріптермен жазылады.

  • Негізгі мәтіннің алдында мақала тілінде 10 жолдан аспайтын аннотация, жаңа жолдан кілт сөздер курсивпен жазылады.

  • Мәтін тексерілген болуы керек және кіріспеден, материалдар мен әдістерден, зерттеу нәтижелері және талдаудан, қорытындыдан, әдебиеттерден тұруы керек. Әдебиеттер тізімінен кейін бір жолдан соң ортада авторлардың аты-жөні, бір жолдан соң бас әріптермен мақала тақырыбы, бір жолдан соң түйіндеме (4-5 жолдан аз) және кілт сөздер қалған екі тілде көрсетілуі тиіс. Суреттер мен сызбалар анық әрі ақ-қара түсте болуы керек. Егер олар бөлек графикалық тәсілде орындалса, оны бөлек беттерде келтіру керек.
  • Бөлімдердің аты: кіріспе, материалдар мен әдістер, зерттеу нәтижелері мен талдау және қорытындылары жаңа жолдан, майлы әріптермен, нүктесіз жазылуы тиіс.


  • Мәтінде астын сызу, майлы әріппен және курсивпен жазуға болмайды.

  • Басқа ұйым авторларынан мақала оны жариялауға өтініш білдіретін хатпен, ұйымның сараптау қорытындысымен және рецензиямен кабылданады. ҚазҰАУ авторларының мақалалары ғылыми-техникалық кеңестің қорытындысымен қабылданады.

  • Бөлек бетте автор немесе авторлар (ұжымдық еңбек болған жағдайда) жөнінде толық мәліметтер беріледі – аты-жөні, жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі, жұмысының мекен-жайы мен телефондары, e-mail.

  • Мақалаға төлемақы сараптаудан өткен соң ғана төленеді.

  • Талапқа сай келмейтін мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұнына журнал редакциясы жауап бермейді.

  • Журнал кварталына 1 рет жарық көреді. Мақалалар кварталдың соңғы айының 10–на дейін қабылданады.

ҚазҰАУ –нің қызметкерлері үшін бағасы 1 бетіне - 700 теңге, ҚазҰАУ-нің доктораннтары мен магистранттары үшін тегін, басқа ұйымдардың авторларына 1 бетіне - 1200 теңге.

Біздің мекен- жайымыз: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абая даңғылы 8, РМК «Қазақ ұлттық аграрлық университеті»; Ғылым және инновация департаменті, тел. (8727)-267-65-37, e-mail: kn_statya@mail.ru, journal@kaznau.kz

Реквизиттер: АМФ АҚ Банк "Центр кредит" ИИК KZ518560000000011879, БИК KCJBKZKX, КБЕ-16, - Журнал "Ізденістер, нәтижелер "деген белгімен.

Банк Центр кредит ҚазҰАУ мақалаға деп төлеу керек. (төлеу үшін жеке төлқұжат, РНН болу керек).