girniy.ru 1 ... 3 4 5 6 7 8 9

Бақылау сұрақтары

1. Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?

2. Делдалдар қанша түрге бөлінеді?

3. Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?

4. Өнеркәсіп жағдайларда делдалдар қандай пробемелерына кезігіп отыр?

5. Делдалдарды қалай басқару болады?

6. Делдалдардың ниеттестік сезімін тәрбиелеу қалай жүреді?

7. Делдалдарға сыйақы не үшін және қандай мөлшерде беріледі?


Қолданылған әдебиеттер


  1. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.

  2. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.

  3. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Оқулық – Алматы, 2003 ж.

  4. Қабдиев Д.К. “Экономикалық саясат”, экономика, Алматы, 2002 ж.

5. Куликов Л.М. “Основа экономических знаний” М 1998 г.


Тақырып 13 Өзін-өзі реттеуші ұйымдар


1 Қаржы нарығындағы кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеу

2 Өзін-өзі реттеу ұйымдарының мәртебесі

3 Коммерциялық банктердің, қорлардың брокер-дилердің, ассоциациялары


Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс рыноктің баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.

Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.

Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.


Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.

Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногіндегі қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айырықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асырумен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларын орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді.

Қор биржасысының кірістері негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, консультациялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асыруымен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады.

Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынокте бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құрылтайшысы өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіби қатысушыларының қауымдастығы емес ұйым жүзеге асырады.

Бағалы қағаздар рыногінің инфрақұрылымы” ұғымы қолданылады, ол осы рынокті құқықтық қамтамасыз етеді (заңнама, мемлекеттік органдардың нормативтік актілері және т.т.), ақпаратты, депозитарлық және есептік-крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.

Жоғары ұйымдастырылғанқаржы рыногінің дамыуына бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылырының-ассоциациялар мен бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады. Қаржы рыногінің жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногінің субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылар және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы орган Ұлттық банктің құрамындағы бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол элименттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктегі әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістік құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногіне тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногінде жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру және жаңаларын құру үшін қажетті алғышарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногінің өтімділігінің төмендегі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді.


Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар бағалы рыногінің өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногінің субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.


Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы


  1. Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары

  2. Инвестициялық салымдарды ынталандыру

  3. Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы


Қаржы нарығы қалай қалыптасты?

ХХ ғасырдың 90-жылдарында қаржы нарығының әрбір сегментінің дамуы басқаларынан бөлек жүрді және өзіндік бағдарламалық құжаттармен реттелді. Құнды қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және банктік сектордың дамуының жекелеген бағдарламалары болды. Экономиканың қалыптасу кезеңінде мұндай әрекет тиімді және сенімді болды, өйткені қаржы нарығы сегменттерінің даму деңгейі едәуір ерекшелендіжәне олардың әртүрлі реттеу органдары болды.

1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының егемендігін жариялаған күніне құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының басқа да секторларына қарағанда мүлде болмады. Басқаша болу мүмкін де емес еді, өйткені берілген нарықтың объектілерінің өздері - құнды қағаздар – басымды құқықтарды растайды, өз иелерінің жеке меншік құқығы социалистік шаруашылық кезеңінде жүзеге аса алмады. Сондықтан, сол кезде заңнамалық база, жаңадан құрылған акционерлік қоғамдар және нарықтың қатысушылары мүлде стандартқа сай болмады, соңғыларының шегі заңнамаға сәйкес брокерлер және қор биржасымен ғана шектелді.

Қысқа мерзімде мемлекетпен құнды қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы үшін өзінің мәні және сапасы жағынан үлкен жұмыс жүргізілген болатын. 1991-1994 жылдары мемлекеттік кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру және акционерлеу кезеңі тәуелсіз регистрлардың дамуы мен көптеген акционерлік қоғамдардың құрылуына алғышарт болды.


Осымен қатар, нарықты мемлекет тарапынан реттеу де жетілдірілді – құнды қағаздар нарығын реттеу бойынша өздігінен қызмет ететін өкілетті орган ретінде құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының 1994 жылы құрылуымен оның дамуы бойынша барлық стратегиялық міндеттер кешенді түрде шешіле бастады.

Нәтижесінде 1997 жылдың аяғына қазақстандық құнды қағаздар нарығында инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау бойынша шаралардың кешенін қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелеріне негізделген кеңейтілген заңнамалық база әрекет еткен. Сол кезде өкілетті органның тиянақты жұмысының арқасында құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен орталық депозитарий құрылған болатын, оның құрылуымен базалық институционалдық және техникалық инфрақұрылымның құрылуы аяқталды. Оның негізгі әлемдік талаптарға сай болғандығын ерекше атап өту керек.

2001 жылдың сәуірінің аяғында Құнды қағаздардың ұлттық комиссиясы “Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы инфрақұрылымының қызмет ету тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар туралы” Үкім дайындады. Бұл Үкім мемлекеттік құнды қағаздар нарығында андеррайтер ретінде қызметті банктермен жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік емес құнды қағаздарды шығаруын және орналастырылуын дайындау бойынша эмитенттерге кеңестік және басқа да қызметтерді көрсетуге шек қоюды қарастырды.

Қаржы нарығының негізгі бағыттары қандай?

Қор нарығының негізгі даму бағыттары болып табылатындар:


    • инвестициялық және пайлық қорлардың пайда болуы мен қалыптасуына жағдай жасау;

    • жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА, кастодиан-банктердің және сақтандыру компанияларының қызметін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін жетілдіру;
    • сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінің мемлекет тарапынан реттелуін жетілдіру, соның ішінде сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін инвестициялаудың ережелері;


    • акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу бойынша нормативтік базаны жетілдіру;

    • салық заңнамасын жетілдіру;

    • құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, құнды қағаздармен жасалатын саудаларды ұйымдастырушылардың және лицензиялар мен рұқсат қағазадары негізінде құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын басқа да ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру.

Халықаралық қаржы-валюталық және несиелік қатынастар аясындағы стратегиялық міндет – теңгенің ішкі және сыртқы айналымдылығына қол жеткізу болып табылады.

1995 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасында Алматыда ашылған “Teletrade P.J. Int'l Ltd” компаниясының дилинг-орталығы арқылы халықаралық валюта нарығына (FOREX) шығу мүмкіндігі пайда болды.

Компания клиенттері ретінде АҚШ долларына (әлемдік резервтік валюта ретінде USD), ағылшын фунт-стерлингіне (STG), жапон иенасына (JPY), швейцариялық франкке (SFR) және евроға (EUR) салыстырмалы түрде айналатын төрт валюта бойынша “нақты уақыт” режимінде келісімдерді (“спот” операциясы) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бола алады.


Қаржы нарығының келесі дамуының негізгі бағыттары болып табылатындар:

    • нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;

    • сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;
    • елдің индустриалдық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз етудің және аймақтық даму есебімен Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму концепцияларының қабылдануын жеделдету;


    • қаржы нарығында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және оған клиенттердің түрлі категориялары мен тұрғындардың барлық қатарларын тарту, соның ішінде банктік емес қаржылық институттардың , пошта-жинақтаушы жүйенің және қағаздар нарығындағы трансфер-агенттердің желілерінің дамуы арқылы қамтамасыз ету.

Экономиканың нақты секторын дамыту және бекітуде банктердің рөлін жоғарылату және олардың қызметінің интенсификациясының негізгі көрсеткіштері болып шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруда Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің белсенді қатысуы табылады.

Инвестициялық салымдарды ынталандырудың жолдары қандай?

Банктік сектордың жағдайы банктік қызметтер нарығының кеңеюімен сипатталады. Банктік қызметтер нарығының дамуы қор нарығының дамуымен тығыз байланысты. Ұлттық банк ҚР құнды қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясымен (ҚҚ ҰК) бірлесе отырып, ұйымдастырылған қор нарығында банктірдің акциялары және басқа да құнды қағаздардың айналымын активизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. ҚҚ ҰК бірлесе отырып банк активтерінің секъюритизациялау механизмі дайындалған. Қор нарығының дамуына қарай Ұлттық банкпен корпоративті құнды қағаздармен банктердің қызметі кеңейтілген болатын. ҚҚ ҰК және Қазақстанның қаржыгерлері бірлестігімен бірлесе отырып, Ұлттық банк қаржы құралдарының жаңа типтерінің пайда болуына жағдай жасаған және жағдай жасайды, мұндай қаржы құралдарына өзара қорлар, хеджирлеу қорлары, ипотекалық қорлар, корпораттивті вексельдермен операцияларды жүргізуге өкілденген ұйымдар жатады.

Банктер инвестицияларды тарту үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып қор нарығында өзінің қызметін активизациялайды. Мұндай құралдардың бірі болып капиталдың халықаралық нарығына еурооблигациялардың эмиссиясы табылады. Берілген қаржылық операция бірнеше мақсаттарға қол жеткізуге жағдай жасайды: біріншіден, шетел валютасындағы заемдар теңгедегі заемдерға тән қарызға қызмет көрсету құны мен жоғарғы пайыздық мөлшерлемелерді болдырмауға мүмкіндік береді; екіншіден, банк өз қызметінің аясын кеңейтуге қызығушылық білдіруі керек, халықаралық қаржы институттарымен тікелей өзара қатынасты жүзеге асыруы қажет. Банктің стратегиялық мақсаты – капиталдың халықаралық нарықтарына кез келген кақытта еркін шығуы болып табылады.


Қазіргі уақытта қазақстандық банктер қаржы нарығының аса дамыған секторы ретінде өзіндік табыстылығын белсенді түрде диверсификациялайды, соның ішінде құнды қағаздар, сақтандыру және зейнетақы нарықтарындағы қызметтерді, сондай-ақ лизингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдары кіретін қаржы тобының құрылуы жолымен жүргізіледі.

Банктік қызметті реттейтін заң актілерімен консолидацияланған қадағалау режимі анықталған болатын. Осындай қадағалаудың тәжірибелері мен үрдістерін жетілдіру шеңберінде Қазақстанның Ұлттық банкінде қаржылық қызметтерді жабдықтаушылар болып табылатын қаржы нарығының барлық субъектілерін қадағалау мен реттеу, лицензиялау қызметтерін жүзеге асыратын бөлімдер құрылды.

ҰБ қызметі қаржы нарығының барлық сегменттерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған, экономиканың нақты секторының қаржылық мекемелерін несиелеу механизмдері мен жаңа институттарының дамуына бағытталған. Мүлік кепілімен тұрғындарды несиелеудебанктердің қатысуының белсендеуінің есебінен ипотекалық несиелендіру белсенді түрде дамуда.

Қаржы нарығы қалай реттелінеді?

Мемлекеттік реттеу үрдісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың қызмет етуінің шарттарының көп түрлілігімен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеуді; типтерге, түрлерге, нысандар мен әдістерге жіктеуді шектемеу өте маңызды.

Типтері мыналарды қарастырады: экономикалық (олардың қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбекақы бөліктерімен) және әкімшілік.

Қаржылық реттеу түрлері мыналарды қамтиды: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюта-қаржылық, ішкі шаруашылық (ішкі фирмалық, корпорация, ұйым, кәсіпорын шегінде) ретеу.

Реттеу нысандары қаржылық субкатегориясының сәйкес түрі үшін тән, сондай-ақ барлығына жалпылама аталған түрлерде өтетін үрдістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрдегі нысандар болып табылатындар қаржыландыру (субвенция, субсидия, трансферттер), сыртқы инвестициялау, сыртқы заемдер, сыртқы борыш. Жіктеудің аса көптеген элементтері болып реттеу әдістері табылады.


Валюта-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер:


    • валюталық бағам;

    • ақша капиталына пайыздық мөлшерлеме;

    • құнды қағаздар мен халықаралық төлем құжаттарының бағамдары;

    • валюталық тәуекелдерден сақтандырудың түрлі әдістері.

Нарық жағдайында аса үлкен назар реттеудің жанама әдістеріне бөлінеді. Мемлекет шаруашылық процесінің барлық қатысушылары үшін жалпы шарттар мен ережелерді бекітеді.

Макроэкономикалық тепе-теңдік мынадай маңызды экономикалық параметрлерді қарастырады:

  • сұраныс және ұсыныс;

  • тауарлы және ақша массасын;

  • жинақтар мен инвестицияларды;

  • инфляция мен жұмыссыздықты;

  • еңбек өнімділігі мен оның төлемін;

  • қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін және қаржылық ресурстарын;

  • мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарын;

  • бюджеттік тапшылық көлемін, оны өтеу көздерін;

  • төлем балансының активтері мен пассивтерін.

Кейнстік модельдерде жалпы шығындарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі мен өнімнің берілген көлемін сатып алу үшін жететін шығындар арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі.

Мультипликатор құбылысы дискрециялық, фискалды саясатты жүргізу кезінде қолданылады. Салықтар табыстардың қысқаруын туындатады, бұл жинақтау мен тұтынудың көлемін төмендетуге әкеледі. Өндіріс көлеміне мұндай әсерді (салықтармен қатар) жинақтар мен импорт тигізеді. Олардың барлығы табыстар-шығындар жүйесінен ағымды ұсынады. Тұтыну шығындарындағы айырмашылықтарды құра отырып азаяды, бұл инвестициямен, экспортпен және мемлекеттік сатып алулармен толтырылуы мүмкін.

Осылай, кейнстік модель экономиканы реттеудің негізгі факторлары ретінде тауарлар мен қызметтерге сұранысты айқындайды: мемлекет жиынтық сұранысқа жағдай жасауға әрекет етеді, ресурстардың қамтылу деңгейінің жоғарылауына әсер етеді, мемлекеттік сатып алулардың көлемін кеңейтеді, несие құнын ретейді. Кейнстік шаралар салықтардың төмендеуін, шығындардың жоғарылауын, инвестицияларға жағдай жасауды қарастырады.


Кейнстік теорияға қарағанда монетаризм экономиканы реттеудің негізгі құралы ретінде ақша айналымы процессі танылады. Бұл кезде нарықтық макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететіндігі қарастырылған. Экономиканың қызмет етуіне мемлекеттік араласуды азайту бойынша курс жүргізіледі. Ақшалар экономикалық процестердің жанама реттелуінің шешуші факторы ретінде қарастырылады.

Монетаристердің тұрақтаушы бағдарламалары мынларды қамтиды:


    • бюджеттік тапшылықтың қысқаруы (салықтарды көбейту, мемлекеттік сектордың қызметтеріне бағалардың жоғарылауы);

    • тұтыну сұранысын қысқартуға бағытталған еңбекақының өсімін шектеу;

    • банктік пайыз мөлшерлемелерінің көбеюі, Орталық банкте мемлекеттік заемдерға және ақша эмиссиясына шектеулерді енгізу;

    • экспортты-импортты операцияларға және бағаларға бақылаудың әлсіздеуі.

ХХ ғасырдың аяғында тұрақты даму - жаңа теориясы қалыптасқан, бұған жаһанды экономикалық және қаржылық процестер жұмылдырылған.

Тұрақты даму теориясында төменгі шаруашылық субъектісінен ұлттық экономикаға дейінгі – тұрақты әрекет ететін себептер анықталған.

Берілген теория келесі қағидаларға негізделеді:

  1. эволюциялық қағида, кез келген масштабтағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін сипаттайды;

  2. экономикалық қызығушылықтарды үйлестіру қағидасы өзара әрекет ететін тараптардың қызығушылықтарының балансынсақтауды қарастырады;

  3. диверсификация қағидасы, бұл эволюция қағидасының логикалық дамуы мен нақтылануы ретінде болады;

  4. өзінің дамуы бойынша экономикалық жүйедегі иерархиялық диференциация қағидасы.

Қолданылған әдебиеттер


  1. Банки Казахстана №7-8 – 2000 г.

  2. Рынок ценных бумаг Казахстана №4 апрель/2003г.
  3. Финансы Казахстана 9-10/2000г.


  4. Финансы Казахстана 5/2003г

  5. "Финансы" Мельников В.Д., Ильясов К.К. Алматы-2001г.



Тақырып 1 Қаржы мен қаржы саясатының мәні

Ұй тапсырмасы:

1. Жазбаша жауап беріңіз

Қоғамдық өнімді бастапқы бөлу және қайта бөлу процесі қалай байқалады?

Қаржының өзгеше белгілерін жазып көрсетіңіз

2.Тест сұрақтарына жауап беріңіз

  1. Төменде көрсетілген функциялардың қайсысы қаржы мағынасын анықтайды:

А) реттеуші;

В) қайта өндіру;

С) ақшалай табыстарды және қорларды пайдалану;

Д) А және В пункттері;

Е) бөлу.

  1. Төмендегі анықтамалардан «қаржы» анықтамасын анықтаңыз:

А) мемлекеттен, шаруашылық субъектілерінен және халықтан жиналған ақша ресурстары;

В) мемлекеттің ақша қаражаттарының мақсатты қоры;

С) мемлекет және шаруашылық субъектілері арасында пайда болатын ақшалай қатынастар;

Д) құнды бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ерекше экономикалық қатынастар жиынтығы, ақшалай қатынастар;

Е) қаржы министрі және оның қаржы ресурстарын жеделдететіп басқару.

  1. Қаржы ресурстарының көзі:

А) пайда;

В) өзіндік құн;

С) резервтік капитал;

Д) жарғылық капитал;

Е) дебиторлық қарыз.

  1. Материалдық өндіріс ауқымы қаржысына жататындары:

А) білімге жұмсалатын қаржы;

В) ғылымға жұмсалатын қаржы;

С) ауыл щаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржысы;

Д) қорғаныс қаржысы;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Өндірістік емес сфераның қаржысына жататындары:

А) тұтыну кооперациясының қаржысы

В) байланыс қаржысы;

С) мәдениет және өнер қаржысы;

Д) А және С;

Е) В және С.


  1. Қаржы жүйесі дегеніміз:

А) Қаржы қатынастарының жиынтығы;

В) ақша қаражаттары қорының жиынтығы;

С) қаржылық басқару аппараты;

Д) жоғарыда аталғандардың барлығы;

Е) В және С.

  1. Қаржы саясаты көмегімен шешілетін міндетті анықтау:

А) Қаржы қатынастарына қатысушылардың барлық қаржы ресурстарына қажеттілігін қанағаттандыру;

В) халық шаруашылығында қаржы ресурстарының мүмкіндігінше мол көлемін құру үшін жағдай туғызу;

С) экономиканы дамыту бағытын орындау үшін қаржы механизмдерін жасау;

Д) В және С;

Е) барлық деңгейдегі бюджет қаражаттарын пайдалануды бақылау.

  1. Төмендегі анықтамалардың қайсысы «қаржы саясаты» түсінігінің мағынасын ашады:

А) қаржы қатынасына көзқарастар жүйесі

В) мемлекеттік органдардың ықпалымен қаржы жүйесінде болып жатқан процесстердің жиынтығы;

С) өздерінің қызметтерін және міндеттерін іске асыру үшін қаржы төңірегінде мемлекет өткізіп жатқан мақсаты бағыттағы шаралар жиынтығы;

Д) қаржы қызметін ұйымдастыру және жоспарлау процесінде экономикалық және бақылау жұмысымен айналысушы қаржылық аппарат;

Е) мемлекеттік экономикалық жағдайлардың өзгеруі кезінде қаржыға қатысты саясаткерлардін көзқарастарының өзгеруі.



<< предыдущая страница   следующая страница >>