girniy.ru 1


«Қазақстанның кәсіби бағалаушылары Палатасы» БП

Конференциясында

Бекітілген

(2010 ж. «01» қазандағы хаттама)


«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘСІБИ БАҒАЛАУШЫЛАРЫ ПАЛАТАСЫ» БП

ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР


1. Жалпы ережелер

1.1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1.1. «Қазақстанның кәсіби бағалаушылары Палатасы» бағалаушылар палатасы (бұдан әрі – «Палата») бағалаушылардың заңды құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған, өз құрамында бағалаушыларды біріктіретін коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, Палатаның құрылтай шартымен, жарғысымен және өзге де құжаттарымен реттеледі.

1.2. Палата мемлекеттік әділет органдарында 2001 жылғы 26 желтоқсанда тіркелген «Қазақстанның кәсіби бағалаушыларының палатасы» Қоғамдық Бірлестігін қайта құру нәтижесінде «Бағалаушылар палатасы» ұйымдық-құқықтық нысанында құрылды және қайта ұйымдастырылған тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттерінің құқық мирасқоры болып табылады.


1.3. Палатаның атауы

Палатаның мемлекеттік тілдегі атауы: «Қазақстанның кәсіби бағалаушыларының Палатасы» Бағалаушылар Палатасы.

Палатаның орыс тіліндегі атауы: Палата оценщиков «Палата профессиональных оценщиков Казахстана».

Палатаның ағылшын тіліндегі атауы: The Chamber of Appraisers «The Chamber of Professional Appraisers of Kazakhstan».

Палатаның қысқартылған атауы: қазақ тілінде БП «ҚКБП», орыс тілінде ПО «ППОК», ағылшын тілінде CA «CPAK».


1.4. Палатаның орналасқан жері

Палатаның орналасқан жері: 050036, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Ауэзов ауданы, 6 шышығын, 56-А үй.



1.5. Палатаның заңды мәртебесі

Палата меншік құқығында жекеленген мүлікке иелік етеді, өз міндеттемелері бойынша осы мүлігімен жауап береді, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленуге және жүзеге асыруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. Палатаның дербес балансы, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің банктерінде есеп-шоттары және басқа да шоттары, мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген нұсқадағы бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өз символикасы бар.


1.7. Палатаның мүлігі.

1.7.1. Палата мыналардың меншік иесі болып табылады:

1) кіру және мүшелік жарналар;

2) оның мүшелерімен оның меншігіне берілген мүлік;

3) ерікті жарналар, қайырмалдықтар және гранттар;

4) дәрістер, семинарлар, сынақ істерін, басқа да шаралар өткізуден түсімдер, өндірістік және басқа да шаруашылық қызметтен табыс;

5) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да түсімдер.

1.8. Алынып тасталсын


2. Палата қызметінің мақсаты және мәні

2.1. Палат қызметінің мақсаты:

Палата құрылуының мақсаты оның мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау, олардың белсенділігін дамыту, біліктілігін жоғарылату, кәсіби қызығушылықтарын қанағаттандыру, халықаралық стандарттардың және Қазақстан Республикасының бағалау стандарттарының негізінде бағалау қызметі одан әрі жетілдірілуіне ықпал ету болып табылады.

2.2. Палата қызметінің мәні:

1) бағалаушылардың оқытылуына және кәсіби білім деңгейі көтерілуіне барынша ықпал ету;


2) бағалау стандарттарын әзірлеуге қатысу;

3) бағалау қызметтерінің сапасын жақсарту, бағалаушылардың есептерін рецензиялауды (сараптамадан өткізуді) жүзеге асыру;


4) Алынып тасталсын

5) бағалау қызметі саласындағы бағдарламалар зерттелуіне, енгізілуіне және таратылуына ықпал ету;

6) Алынып тасталсын

7) мүлікті бағалау, консалтинг қызметтері нарығын зерттеу;

8) бағалаушыларға олардың жұмыстарын ұйымдастыруда кеңес беру-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;

9) халықаралық бағалау стандарттарын, есептерін және әдістемелік нұсқаулықтарын зерттеу, енгізу және таратылу ұйымдастырылуына ықпал ету;


10) Палата бағалаушыларының іскерлік және кәсіби этикасы Кодексін енгізу;

11) Қазақстан Республикасының кәсіби бағалаушыларымен ұсынылатын кең көлемді білікті қызметтері қоғаммен танылуына қол жеткізу;

12) халықаралық ұйымдарға мүшелікке кіру және қолдау, халықаралық бағалау тәжірибесін зерттеу, шетелдік мемлекеттердегі бағалаушылардың кәсіби қоғамдарымен және халықаралық ұйымдармен байланыстарды қолдау;


13) Алынып тасталсын

14) бағалау қызметі саласындағы білімдерді тарату мақсатында дәрістер, семинарлар, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» және басқа да шаралар өткізу, соның ішінде халықаралық деңгейде;

15) қоғамдық пікір сауалнамасын және басқа да зерттеулер өткізу;

16) жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

17) бағалаушылар палатасының мүшелігіне қабылдау ережелері мен шарттарын, палата мүшелігіне қабылдау және шығару негіздемелері көрсетілуімен әзірлеу және бекіту;

18) мүшелерінің мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, сондай-ақ бағалаушылардың халықаралық кәсіби ұйымдарымен қатынастарында өз мүшелерінің мүдделеріне өкілдік ету;

19) өз мүшелерімен бағалау қызметі туралы заңнаманың, бағалау стандарттарының, іскерлік және кәсіби этика ережелерінің талаптары сақталуын қамтамасыз ету;

20) бағалаушылар палатасы мүшелерінің тіркелімін жүргізу және өкілетті органмен белгіленген тәртіпте мүдделілік танытқан тұлғаларға осы тіркелімдегі ақпаратты беру;



21) өз мүшелерінің ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

22) палата бағалаушыларының, бағалау қызметі саласындағы қызметтерді тұтынушылардың палата бағалаушыларының үстіне шағымдарын, үндеулерін, өтініштерін қарастыру;

23) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өкілетті органға бағалаушылар палатасы мүшесінің лицензиясын тоқтату немесе жою бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалуы жайлы өтініш беру;


24) біліктілік комиссиясының құрамына өз өкілдерін қосу.


3. Палатаның құқықтары мен міндеттері

3.1. Палатаның өкілеттіктері:

8) кәсіби біліктілікті жоғарылату мақсатында бағалау қызметіне оқыту бағалаушыларды оқытуды ұйымдастырады;

9) бағалау қызметін жүзеге асыруға ниеті бар және бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер болып табылатын тұлғалардың машықтануын жүзеге асыру.

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.


3.2. Палатаның құқықтары:

5) халықаралық қоғамдық ұйымдарға кіру, шетелдік коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдармен келісімдер жасау;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа ұйымдардың қатысушысы болу;


7) сәйкес облыстың, астананың аумағында тіркелген басқа палаталармен бірге қауымдастық (одақ) формасында Республикалық бағалаушылар палатасына бірігу, сондай-ақ халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіру.


4. Палатадағы мүшелік. Палата мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

4.1. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар Палатаның мүшелері бола алады. Палатаның мүшелерінде осы Жарғымен көзделген түрлі құқықтар мен міндеттер бар. Бағалаушы Палатаның құрылтай шарты мен жарғысын таныған және бағалаушылар палатасының мүшелігіне кіру талаптарын орындаған жағдайда, оны бағалаушылар палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартылуы мүмкін емес. Бағалаушылар палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартылуына сот тәртібінде шағым жасалуы мүмкін.


4.2. Алынып тасталсын

4.3. Алынып тасталсын

4.4. Алынып тасталсын

4.5. Палатаға мүшелікке қабылдау кіріс жарнасын төлеген бағалаушымен ұсынылған құжаттардың негізінде Палата Кеңесінің Төрағасымен жүзеге асырылады.

Палата мүшесінің құқықтары:

1) Палатаны басқару органдарына сайлау және сайлану;

2) Палатамен өткізілетін барлық шараларға қатысу;

3) Палатаның атқарушы органының қарастыруына Палата қызметінің аясына кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу, осы мәселелер талқылануына қатысу;

4) Конференцияға шығарылған кез келген мәселелер талқылануы кезінде дауыс беру;

5) атқарушы органнан Палатаның қызметі туралы ақпарат алу;

6) Палатаның басқару органдарына өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүгіну, кеңес беру-әдістемелік және басқа да көмек көру;

7) Палатаға жаңа мүшелерді тарту.


4.7. Палата мүшесінің міндеттері:

1) Палатаның жарғылық міндеттері шешілуіне және мақсаттарына қол жеткізілуіне ықпал ету;

2) Палатаның Кеңесімен бекітілген тәртіпте, мерзімдерде және мөлшерлерде кіру жарнасын және мүшелік жарналарды әрдайым төлеу;

3) осы Жарғының және Палатаның қызметін реттейтін басқа да құжаттардың қағидаларын, және де палатаның басқарушы органдарының шешімдерін орындау;

4) Палатаның мүлігіне ұқыпты қарау және оның көбеюі үшін шаралар қолдану;

5) Палата бағалаушысының Кәсіби этикасы кодексін сақтау;

6) Қазақстан Республикасында қолданылатын бағалау стандарттарын, Палатаның, Палата мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымның стандарттарын сақтау;

7) Палатаның мүдделеріне зиян келтірмеу.

4.8. Палатадағы мүшелікті тоқтату мынадай жағдайларда Конференциямен бекітілген Палатадағы мүшелік туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады:

1) Палатадағы мүшеліктен шығу туралы жазбаша өтініштің негізінде өз еркімен шығу;



2) осы Жарғының 4.7. тармағымен белгіленген Палата мүшесінің міндеттерін бұзған кезде;

3) заңмен белгіленген тәртіпте бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жойылған кезде.


4.9. Алынып тасталсын

6.4. Конференциялар аралығында Палата қызметіне басшылық жасауды, осы Жарғымен анықталған өкілеттілік шеңберінде, Палата Кеңесі (ілгеріде - Кеңес) жүзеге асырады. Оның мәжілістері қажеттілігіне қарай, дегенмен тоқсанына ең азы бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілістері Кеңес төрағасы, Палата Президентінің қалауымен немесе Кеңес мүшелерінің жартысынан көбінің талап етуімен шақырылады.



Утвержден

на Конференции

ПО «Палаты профессиональных оценщиков Казахстана»

(протокол от «01» октября 2010 г.)


ИЗМЕНЕНИЯ И ДОПОЛНЕНИЯ В УСТАВ

ПО «ПАЛАТЫ ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ ОЦЕНЩИКОВ КАЗАХСТАНА»


  1. Общие положения

Пункт 1.1. изложить в следующей редакции:

1.1. Палата оценщиков «Палата профессиональных оценщиков Казахстана», в дальнейшем «Палата», является некоммерческой профессиональной самофинансируемой организацией, объединяющей в своем составе оценщиков, созданной для защиты прав и законных интересов оценщиков. Деятельность палаты оценщиков регламентируеться Гражданским кодексом, Законами Республики Казахстан «О некомерческих организациях», «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан», другими нормативно правовыми актами, учредительным договором, уставом и иными документами Палаты.

1.2. Палата создана организационно-правовой форме - «Палата оценщиков» в результате преобразования Общественного Объединения «Палата профессиональных оценщиков Казахстана», зарегистрированного в государственных органах юстиции 26 декабря 2001 года и является правопреемником всех прав и обязанностей реорганизуемого лица.



1.3. Наименование Палаты

Наименование Палаты на государственном языке: Бағалаушыларының Палатасы “Қазақстанның кәсіби бағалаушыларының Палатасы”.

Наименование Палаты на русском языке: Палата оценщиков «Палата профессиональных оценщиков Казахстана».

Наименование на английском языке: The Chamber of Appraisers «The Chamber of Professional Appraisers of Kazakhstan».

Сокращенное наименование Палаты на казахском языке: БП «ҚКБП», русском языке: ПО «ППОК», английском языке CA «CPAK».

1.4. Местонахождение Палаты

Местонахождение Палаты:050008 Республика Казахстан, город Алматы, Алмалинский район, ул.Манаса, дом 7-Б, офис 43.


1.5. Правовой статус Палаты

Палата обладает обособленным имуществом на праве собственности, отвечает этим имуществом по своим обязательствам, может от своего имени приобретать и осуществлять имущественные и личные неимущественные права и обязанности, быть истцом и ответчиком в суде. Палата имеет самостоятельный баланс, расчетный и иные счета в банках Республики Казахстан и иных государств, печати, штампы, бланки установленных образцов, собственную символику, не противоречащую законодательству Республики Казахстан.


1.7. Имущество Палаты.

1.7.1. Палата является собственником:


1) вступительных и членских взносов;

2) имущества, переданного ей в собственность ее членами;

3) добровольных взносов, пожертвований и грантов;

4) поступлений от проведения лекций, семинаров, стажировки, иных мероприятий, доходов от производственной и иной хозяйственной деятельности;

5) других поступлений, не запрещенных законодательством Республики Казахстан о некоммерческих организациях.

1.8. Исключить.


2. Цель и предмет деятельности Палаты

2.1. Цель деятельности Палаты:


Целью создания Палаты является реализация и защита экономических, социальных, культурных прав и свобод ее членов, развитие их активности, повышение квалификации, удовлетворение профессиональных интересов, содействие в дальнейшем совершенствовании оценочной деятельности на основе международных стандартов и стандартов оценки Республики Казахстан.

2.2. Предметом деятельности Палаты является:

1) всемерное содействие в обучении и повышении профессионального уровня знаний оценщиков;

2) участие в разработке стандартов оценки;

3) повышение качества оценочных услуг, осуществление рецензирования (экспертизы) отчетов оценщиков;

4) Исключить;

5) содействие в изучении, внедрении, распространении программ в области оценочной деятельности;

6) Исключить

7) изучение рынка по оценке имущества, консалтинговых услуг;

8) оказание консультативно-методической и практической помощи оценщикам в организации их работы;

9) содействие в организации изучения, внедрения и распространения международных стандартов, отчетов и методических руководств оценки;


10) внедрение Кодекса деловой и профессиональной этики оценщиков Палаты;

11) достижение общественного признания широкого спектра квалифицированных услуг, представляемых профессиональными оценщиками Республики Казахстан;

12) вступление и поддержание членства в международных организациях, изучение международного опыта оценки, поддержание связей с профессиональными обществами оценщиков в зарубежных странах и международными организациями;

13) Исключить

14) проведение лекций, семинаров, конференций, "круглых столов" и других мероприятий с целью распространения знаний в области оценочной деятельности, в том числе на международном уровне;

15) проведение опросов общественного мнения и других исследований;

16) осуществление предпринимательской деятельности для достижения уставных целей;


17) разработка и утверждение правил и условий приема в члены палаты оценщиков с указанием оснований приема и исключения из членов палаты;

18) представление интересов своих членов в их отношениях с государственными органами, органами местного самоуправления, а также с международными профессиональными организациями оценщиков;

19) обеспечение соблюдения своими членами требований законодательства об оценочной деятельности, стандартов оценки, правил деловой и профессиональной этики;

20) ведение реестра членов палаты оценщиков и предоставление информации, содержащейся в этом реестре, заинтересованным лицам в порядке, установленном уполномоченным органом;

21) организация информационного и методического обеспечения своих членов;

22) рассмотрение обращений, ходатайств, жалоб оценщиков палаты, потребителей услуг в области оценочной деятельности на оценщика палаты;

23) представление в уполномоченный орган ходатайства о возбуждении дела об административном правонарушении по приостановлению или лишению лицензии члена палаты оценщиков в соответствии с законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях;

24) делегирование представителей для включения в состав квалификационной комиссии.


3. Права и обязанности Палаты

3.1. Полномочия Палаты:

8) организует обучение оценочной деятельности оценщиков в целях повышения профессиональной квалификации;

9) осуществлять стажировку лиц желающих осуществлять оценочную деятельность и претендующих на получение лицензии на право осуществления оценочной деятельности.

10) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3.2. Права Палаты:

5) вступать в международные общественные организации, заключать соглашения с иностранными некоммерческими неправительственными организациями;


6) быть участником других организаций в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

7) объединяться с другими палатами, зарегистрированными на территории соответствующей области, столицы в Республиканскую палату оценщиков в форме ассоциации (союза) и вступать в международные объединения оценщиков.


4. Членство в Палате. Права и обязанности членов Палаты

4.1.Членами Палаты могут быть физические и юридические лица, имеющие лицензию на осуществление оценочной деятельности. Члены Палаты имеют равные права и обязанности, предусмотренные настоящим Уставом. Оценщику не может быть отказано в приеме в члены палаты оценщиков при признании им учредительного договора и устава палаты и выполнении условий вступления в членство палаты оценщиков. Отказ в приеме в членство палаты оценщиков может быть обжалован в судебном порядке.


4.2. Исключить

4.3.Исключить

4.4.Исключить

4.5. Принятие в члены Палаты производится Председателем Советом Палаты на основании представленных оценщиком документов и уплатившего вступительный взнос.

Член Палаты имеет право:

1) избирать и быть избранным в состав

органов управления Палаты;

2) участвовать во всех проводимых Палатой

мероприятиях;

3) вносить на рассмотрение исполнительного органа Палаты предложения по вопросам, входящим в круг деятельности Палаты, участвовать в обсуждении этих вопросов;

4) право голоса при обсуждении любых вопросов, выносимых на Конференцию;

5) получать информацию от исполнительного органа о деятельности Палаты;

6) обращаться в органы управления Палаты за защитой своих прав и законных интересов, получать консультационно-методическую и иные виды помощи;

7) привлекать в Палату новых членов.

4.7. Член Палаты обязан:

1) способствовать решению уставных задач и достижению целей Палаты;


2) регулярно уплачивать вступительные и членские взносы в порядке, сроках и размерах, утвержденных Советом Палаты;

3) соблюдать положения настоящего Устава и других документов, регулирующих деятельность Палаты, а также решения ее руководящих органов;

4) бережно относиться к имуществу Палаты и принимать меры к его преумножению;

5) соблюдать Кодекс профессиональной этики оценщика Палаты;

6) соблюдать стандарты оценки, действующие в Республики Казахстан, стандарты Палаты, международных организаций, членом которой является Палата;

7) не причинять ущерба интересам Палаты.

4.8. Прекращение членства в Палате происходит в соответствии с Положением о членстве в Палате, утвержденным Конференцией в случаях:


1) добровольного выхода на основании письменного заявления о выходе из членов Палаты;

2) при нарушении обязанностей членов Палаты, установленных п. 4.7. Настоящего Устава;

3) лишение в установленном законом порядке лицензии на осуществление оценочной деятельности.

4.9. Исключить

6.4. В период между Конференциями управление деятельностью Палаты, в пределах компетенции определенной настоящим Уставом, осуществляет Совет Палаты (далее Совет), заседания которого проходят по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал. Внеочередные заседания Совета созываются Председателем Совета, Президентом Палаты, либо по требованию более половины членов Совета.



Президент Барнаева М.М. Президент Барнаева М.М.