https://electroinfo.net

girniy.ru 1




«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2011 жылғы І жарты жылдықтың

қорытындысын шығарды


2011 жылдың бірінші жарты жылдығының қызмет қорытындысы

Ақпарат алу көзі

Қазақстанның зейнетақы қызметі нарығындағы негізгі көрсеткіштер бойынша «ГНПФ»жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жоғары өсу қарқынын көрсетті. Негізгі көрсеткіштер бойынша үздік позициялары мен қызмет көрсету сапасын жоғарлату бойынша Қордың мақсатты іс-әрекеттері ГНПФ-ті лайықты қаржы нәтижесімен қамтамасыз етті.
Көрсетілген сенім – Біздің салымшылар 1 843 003, жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда 56 224 адамға артты, бұл халықтың бізге деген жоғары сенімін білдіреді. Жинақталған зейнетақы қаражаты 57 млрд теңгеге өсті және жарты жылдықтың аяғына 432,5 млрд теңгені құрады. Салымшылар саны мен жинақталған зейнетақы қаражаты бойынша нарықтық үлес 22,7 % және 17,6 % сәйкесінше құрады.

Қаржы тұрақтылығы - 2011 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қордың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететін меншікті қаражаты 19,2 млрд теңгені құрады, 2011 жылдың бірінші қаңтардағы деректермен салыстырғанда меншікті қаражаттар сомасының 1,3 млрд теңгеге артқандығын көреміз. 2011 жылғы 1 шілдеге Қордың меншікті активтері 19,8 млрд теңгеге өсті. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың басында 18,4 млрд теңгені құраған. Осылайша, 6 айдағы меншікті активтердің өсімі 7,8 % құрады.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Қор меншікті капиталдың жеткіліктілігі және зейнетақы активтерінің кірістілігі бойынша пруденциялық талаптарды орындады.

Тұрақты инвестициялық кіріс - 2011 жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижесі бойынша ГНПФ салымшыларының арасында үлестірілген «таза» инвестициялық кірістің көлемі 7,3 млрд. теңгеге артты. Бұл жинақталған зейнетақы жүйесі бойынша бірінші жарты жылдыққа алынған таза инвестициялық кірістің 15,5 % құрайды. 2011 жылғы 1 шілдеге Қордың таза инвестициялық кірісі 129,9 млрд теңгеге өсті.


Қолайлылық - «ГНПФ» зейнетақы қорының қызметі Қазақстанның барлық өңірінде толық кешенді зейнетақы қызметін ұсынуға бағытталған. Қазіргі кезде Қордың Қазақстан бойынша 18 филиалы, және 117 агенттік пункті жұмыс істейді. Осылайша, ГНПФ-тің өңірлік желісі республикамыздағы жинақтаушы зейнетақы қорларының ішіндегі ең тұрақтысы және тармақталғаны болып табылады. Ауқымды өңірлік желі барлық өңірлердің, кішігірім қалалар мен ауыл тұрғындарының Қор қызметін пайдалануын қолайлы етеді.
«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

Баспасөз қызметі

Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 82 үй

Тел.: +7 (727) 266 27 06

Факс: +7 (727) 250 91 35

e-mail: [email protected]

web-сайт: www.gnpf.kz