girniy.ru 1

Қазақстан Республикасы   Үкiметiнiң        
2010 жылғы 26 ақпандағы 
№ 140 қаулысымен      бекiтiлген        

«Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - Стандарт) қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 22 - 24-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58, 114-баптары және «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызмет 1, 2-қосымшаларға сәйкес Астана қаласының бiлiм басқармасы, қалалық және аудандық бiлiм бөлiмдерi (бұдан әрi - бiлiм бөлiмдерi), сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - орталықтар) арқылы көрсетiледi.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны 4-қосымшаға сәйкес кәмелетке толмаған балаға тиесiлi тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу үшiн банктерге рұқсаттар беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде уақыт бойынша шектеу мерзiмi:
      бiлiм бөлiмiне өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) құжаттарды қарау мерзiмi бес жұмыс күнiн құрайды;
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 40 минуттан аспайды;

      3) құжаттарды алған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

      орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) құжаттарды ресiмдеу мерзiмi тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi мен құжаттарды тапсыру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет тәртiбi туралы толық ақпарат тiзбесi осы Стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетiлген бiлiм бөлiмдерi мен орталықтардың фойесiнде, сондай-ақ көрсетiлген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналасады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      бiлiм бөлiмдерiне өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады;
      орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде:
      1) жексенбi күнiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүргiзiледi. Филиалдар мен өкiлдiктер үшiн жұмыс кестесi түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн белгiленедi;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты тұратын жерi бойынша бiлiм бөлiмдерiнiң және Орталықтың ғимараттарында көрсетiледi. Бiлiм бөлiмдерiнiң және Орталықтың ғимараттарында тұтынушыларға, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсетуге жағдай жасалған. Күту залдары толтырылған бланкiлердiң үлгiлерi бар ақпараттық стендiлермен жарақталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

      осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес кәмелетке толмаған баланың екi ата-анасының (ерлi-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешiлер) өтiнiшi;
      банк алдында мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдi мүлiктi беру туралы екi ата-анасының (ерлi-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешiлер) нотариалды куәландырған өтiнiшi, кепiлдi мүлiктi беру туралы жақын туыстарының нотариалды расталған өтiнiшi;
      жылжымайтын мүлiк құжаттарының түпнұсқалары мен көшiрмелерi (пәтер, үй, саяжай, жер учаскесi және т.б. (шарт, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, мүлiкке техникалық паспорт, тұрғындардың есеп кiтабы (үй кiтабы);
      кәмелетке толмағандарға қатысы бар екi ата-анасының (ерлi-зайыптылардың) немесе оларды алмастыратын адамдардың (қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешiлер) жеке куәлiктерiнiң түпнұсқалары мен көшiрмелерi;
      баланың (балалардың) туу туралы куәлiгiнiң түпнұсқалары мен көшiрмелерi;
      неке туралы куәлiктiң түпнұсқасы мен көшiрмесi;
      басқа да құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi (некенi бұзу туралы, қайтыс болу туралы куәлiк, некеге тұрмағандығын растайтын құжат, № 4 нысан бойынша анықтама (бала некеден тыс туылған жағдайда);
      ерлi-зайыптылардың бiреуi болмаған жағдайда, оның мәмiле ресiмдеудi жасауға нотариуспен расталған сенiмхаты.
      Ескертпе: салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары көшiрмелерiмен қоса берiледi, олар кейiн тұтынушыға қайтарылады.
      Анықтама ресiмдеуде «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес 10 жастағы және одан жоғары баланың (18 жасқа дейiн) өзiнiң болуы мiндеттi.
      13. Өтiнiш бланкiлерi бiлiм бөлiмiнiң үй-жайында үстелдерде орналасады не бiлiм бөлiмдерiнiң мамандарында болады.

      Орталықта өтiнiш бланкiлерi күту залындағы арнайы тағанда орналасады.

      14. Құжаттарды қабылдау:
      1) бiлiм бөлiмiне өтiнiш бiлдiрген кезде - бiлiм бөлiмi мамандарының кабинеттерiнде;
      2) орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде «терезелер» арқылы қабылданады, онда «терезелердiң» белгiленуi мен орындайтын функциялары туралы ақпарат, сондай-ақ орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiм жасау мен бiлiм бөлiмiне жөнелтудi жүзеге асырады.
      Бiлiм бөлiмiнiң маманы орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн құжаттардың толықтығын осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiне тексерудi жүзеге асырады, қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама дайындайды және тұтынушыға беру үшiн орталыққа жолдайды.
      Орталық тиiстi уәкiлеттi органға құжаттары қоса берiлетiн өтiнiштердi жөнелтудi және керi жеткiзудi курьерлiк байланыс арқылы аталған өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде екi рет жүзеге асырады.
      Орындалған (дайын) құжаттар қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын уәкiлеттi органнан Орталыққа түсуi тиiс.
      15. Қабылдау кезiнде тұтынушыға:
      1) бiлiм бөлiмiне өтiнiш бiлдiрген кезде - барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат;
      2) орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде - мыналарды көрсетiп, тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi:
      1) сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күн;
      2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды берген күн (уақыт) мен орын;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiш қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты.
      16. Тұтынушыға дайын құжаттарды беру:
      1) бiлiм бөлiмiне өтiнiш бiлдiрген кезде қабылданған құжаттар негiзiнде бiлiм бөлiмiнiң балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi маманы белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырады.

      Анықтама тұтынушының өзi барғанда берiледi.

      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде бармаған жағдайда бiлiм бөлiмдерi дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екi ай бойы сақталуын жүзеге асырады;
      2) орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде инспектор күн сайын қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде «терезелер» арқылы жүзеге асырады.
      17. Тұтынушы осы Стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбаған жағдайда бiлiм бөлiмi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк қызметтi орталық арқылы жүзеге асырған кезде бiлiм бөлiмi осы Стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды ресiмдеуде қателер анықталған кезде немесе құжаттар толық болмаған жағдайда құжаттар пакетiн алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде бас тарту себебiнiң жазбаша негiздемесiмен бiрге оларды Орталыққа қайтарады.
      Орталық құжаттар пакетiн қабылдағаннан кейiн тұтынушыны бiр жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi және бiлiм бөлiмiнiң қайтару/бас тарту себебiнiң жазбаша негiздемесiн бередi.
      Егер тұтынушы көрсетiлген мерзiмде құжаттарды алуға өтiнiш бiлдiрмесе, Орталық бiр ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды бiлiм бөлiмiне тапсырады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Бiлiм бөлiмi мен Орталықтың қызметi:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;
      3) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу;
      6) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалыққа салынбау;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгiленген кезеңде алынбаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) нақтылық және сыпайылық қағидаттарына негiзделедi.

4. Жұмыс нәтижелерi


      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызметтiң сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнiн жыл сайын бiлiм бөлiмдерi басшылары қатарынан арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Шағымдар ауызша және/немесе жазбаша нысанда почта арқылы, немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндерi бiлiм бөлiмiнiң және Орталықтың кеңсесi арқылы қабылданады.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым 1, 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсететiн орынның бiлiм бөлiмi бастығының атына немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне, қызмет Орталық арқылы көрсетiлген жағдайда Орталық директорының атына берiледi.
      23. Қабылданған шағым тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша бiлiм бөлiмiнiң немесе Орталықтың шағымдар мен өтiнiштердi есепке алу журналына тiркеледi және заңнамада белгiленген мерзiмде қаралады.
      Заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануы, тiркелуi, есепке алынуы және қаралуы тиiс.

6. Байланыс ақпараты

      24. Бiлiм бөлiмi басшысының, Орталық директорының жұмыс және қабылдау кестесi осы Стандарттың 10-тармағында көзделген бiлiм бөлiмiнiң және Орталықтың жұмыс кестесiне және осы Стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес анықталады.
      25. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнде 010000, Астана қ. «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 11-кiреберiс, 939-каб. мекенжайынан, сондай-ақ комитеттiң сайтынан: www.bala-kkk.kz ала алады.

«Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi 
тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу

үшiн банктерге рұқсаттар беру»   

мемлекеттiк қызмет көрсету     
стандарты              
1-қосымша              

Р/с


Бөлiмдердiң атауы

Мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Жамбыл облысы

79

«Байзақ ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр к-сi, 104

8 (726) 37-218-67

80

«Жамбыл ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Аса ауылы, Абай к-сi, 121

8 (726) 33-211-54

81

«Жуалы ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм белiмi» мемлекеттiк мекемесi

Момышұлы ауылы, Жамбыл к-сi, 273

8 (726) 35-211-70

82

«Қордай ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қордай ауылы, Жiбек жолы к-сi, 273

8 (726) 36-210-94

83

«Меркi ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Меркi ауылы, Ысмайылов к-сi, 146

8 (726) 32-217-86

84


«Мойынқұм ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Байқадам ауылы, Рысқұлбеков к-сi, 133

8 (726) 42-243-36

85

«Тұрар Рысқұлов атындағы ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Құлан ауылы, Жiбек жолы к-сi, 1

8 (726) 31-212-39

86

«Талас ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Қаратау қаласы, Алексеев к-сi 3

8 (726) 44-609-19

87

«Сарысу ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Жаңатас қаласы, Жiбек Жолы к-сi, 31

8 (726) 34-630-32

88

«Шу ауданы әкiмшiлiгiнiң Бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi

Теле би ауылы, Теле би к-сi, 240

8 (726) 38-321-94

«Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi 
тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу
үшiн банктерге рұқсаттар беру»   
мемлекеттiк қызмет көрсету     
стандарты              
2-қосымша              

Р/с


Орталықтардың атауы

Орталықтардың мекен-жайы

Телефон нөмiрлерi

1

Ақмола облысының ХҚКО-ы


Көкшетау қаласы, Әуезов к-сi, 189 «а» үй

40-10-76

2

Ақтөбе облысының ХҚКО-ы

Ақтөбе қаласы, Түргенев к-сi, 109-үй

56-57-87

3

Алматы облысының ХҚКО-ы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк к-сi, 67 «б» үй

24-41-33

4

Атырау облысының ХКҚО-ы

Атырау қаласы, Баймұқанов к-сi, 6-үй

28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО-ы

Өскемен қаласы Белинский к-сi, 37 «а» үй

51-03-46

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО-ы

Семей қаласы, 408-шi орам, 21-үй

33-55-93

7

Жамбыл облысының ХКҚО-ы

Тараз қаласы, Қойгелдi к-сi, 158 «а» үй

43-84-18

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚКО-ы

Орал қаласы, Жамбыл к-сi, 81-үй

23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚКО-ы

Қарағанды, Чкалов к-сi, 7-үй

41-63-03

10


Қостанай облысының ХҚКО-ы

Қостанай, Таран к-сi, 114-үй

54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚКО-ы

Қызылорда, Мұратбаев к-сi, н/ж

23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚКО-ы

Ақтау қаласы, 15-шағын ауданы, 67 «б» үй

31-85-16

13

Павлодар облысының ХКҚО-ы

Павлодар қаласы, Павлов к-сi, 48-үй

33-47-55

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚКО-ы

Петропавл қаласы, Әуезов к-сi, 157-үй

33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХКҚО-ы

Шымкент қаласы, Мәделi қожа к-сi, н/ж

30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО-ы

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр к-сi, 221-үй

263-82-51

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО-ы

Алматы қаласы, Қожанов к-сi, 9-үй

248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚКО-ы

Алматы қаласы, Төле би к-сi, 155-үй


378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО-ы

Алматы қаласы, Марков к-сi, 44-үй

239-65-52

20

Алматы қаласы Түрксiб ауданының ХҚКО-ы

Алматы қаласы, Зорге к-сi, 9-үй

234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО-ы

Астана қаласы, Жұбанов к-сi, 2-үй

37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО-ы

Астана қаласы, 70 «а» к-сi

40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО-ы

Астана қаласы, Пушкин к-сi, 97 үй

32-42-79

24

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО-ы

Астана қаласы, 81-көшесi, 85-үй

37-74-34

«Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi 
тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу
үшiн банктерге рұқсаттар беру»   
мемлекеттiк қызмет көрсету     
стандарты              
3-қосымша              

Сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы мақсатты мәнi


Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)










1.2. Кезекте 40 минуттан артық қызмет көрсетудi күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Лауазымды адамның құжаттарды дұрыс ресiмдеген (жүргiзiлген есептеулер, есеп айырысулар және тағы басқалары) жағдайларының %-ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)









3.2. Тұтынушының құжаттарды дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған жағдайларының %-ы (үлесi)











3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызмет көрсетулердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










«Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi 
тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу

үшiн банктерге рұқсаттар беру»   

мемлекеттiк қызмет көрсету     
стандарты             
4-қосымша             

Үлгi

Қазақстан Республикасы           
аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерi

      Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының функцияларын өзiне қамтитын аудандық, қалалық бiлiм бөлiмi кәмелетке толмаған балалар мүддесiне әрекет ететiн Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 22 - 24-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58, 114-баптарына сәйкес
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________ мекенжайы бойынша
№ __ үй, № __ пәтердi ________________________________ рұқсат бередi

Аудандық, қалалық бiлiм бөлiмi
бастығының орынбасары ______________ қолы (Т.А.Ә.)

      М.О.

«Кәмелетке толмаған балаға тиесiлi 
тұрғын үй кепiлдiгiмен несие ресiмдеу
үшiн банктерге рұқсаттар беру»   
мемлекеттiк қызмет көрсету     
стандарты              
5-қосымша              

Жеке тұлғаға арналған үлгi

Аудандық, қалалық бiлiм бөлiмi             
_________________________________________  
__________ мекенжайында тұратын, телефоны  
ерлi-зайыпты (Т.А.Ә., толық, қысқартусыз,  
жеке басын куәландыратын құжат бойынша дәл)
__________________________________________ 
__________________________________________ 

Өтiнiш

      Сiзден _______________________________ мекенжайында орналасқан пәтердi ___________ мөлшерде ____________________ мерзiмге кредит алу үшiн кепiлге қоюға рұқсат беруiңiздi сұраймыз.

Балаларымыз:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________

(балалардың Т.А.Ә., туған жылы, туу туралы куәлiктiң № көрсетiледi, 10 жастан асқан балалар қолдарын қояды, «келiсемiн» деген сөздi жазады) Әкесi туралы мәлiметтер (Т.А.Ә., жеке куәлiктiң №, кiм және қашан бердi)
_________________________________________________________________
___________________________________________ қолы ________________
Шешесi туралы мәлiметтер (Т.А.Ә., жеке куәлiктiң №, кiм және қашан
бердi)
_________________________________________________________________
___________________________________________ қолы ________________
Банктен келген хаттың № _________________________________________
Тұрғын үйден айырылған жағдайда балалар (қосымша алаңның мекенжайы немесе балаларды өзiне алуға келiсетiн жақын туыстардың мекенжайлары көрсетiледi) мекенжайында тұрады, «келешекте балаларды тұрғын үйсiз қалдырмауға мiндеттенемiз» деген үзiндi өз қолымен жазылады
_________________________________________________________________

Күнi жыл «__» Ерлi-зайыптылардың қолдары ___________